Картоп пен асқабақ

Асыңыз дәмді болсын! /
Құрамында жасанды талшық, ағуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел­дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері бар.
Асқабақтың мынадай қасиетін енді ғана білдім, өз басым. Бала кезімізден асқабақты көп пайдаланғаннан кейін бе, дүкен сөрелеріндегі асқабақты көрсем, алмай шықпаймын. Біртүрлі, бала кезімді еске салады.
Кішкентай кезімізде анам асқабақты картоппен қуыратын, духовкаға салып пісіретін, асқабақтан орама, самса, рулет… тамақтың түр-түрін жасайтын. Қайдам, сосын интернетқа барған соң ұмыттық қой:) Ал, кейбір достарыма асқабақ мүлдем ұнамайды екен. Бүгін дүкенде асқабақты көріпқалдым. Негізі күзде пісетін емес пе еді дедім де, ала салдым. Анам сияқты картоппен қосып қуырдым.

Сонымен, керек заттар:


Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Ол ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Тіпті мұны ішек құртын түсіруде де пайдаланатын көрінеді.
Тураймыз:

Қызып тұрған майға пиязды салып, қызарғанша қуырамыз. Қызарған пияздың үстіне қызанақты саламыз.
Картоп B1, B2, B6, PP және C дәрумендерінің бай көзі болып табылады. Оның құрамында сондай-ақ белок және көмірсулар, кальций, калий, фосфор және магний бар.


Қызанақ қуырылған соң, артынан картопты саламыз да, жақсылап қуырамыз.
Картоптың құрамындағы кальций және калий организмдегі ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Магний жүректі нығайтады, стрестің алдын алады. Сондықтан мамандар картопты стреске жиі бой алдыратын адамдарға жиі қолдануға кеңес береді.

Асқабақты да картоптың көлеміндей етіп тураймыз:


Картоп пісейін дегенде асқабақ пен болгар бұрышын салып жібересіз. Болгар бұрышын асқабақ пісейн дегенде салсаңыз да болады.
Отты азайтып, кішкене ғана су құясыз, тұз қосуды ұмытпаңыз, бастысы.
Асқабақтың дәнегі де ағзаға өте пайдалы. Құрамында майы бар дәнектер іштегі құрттарды өлтіруге септігін тигізеді.

Асқазан-ішек жолының жұмысына жақсартады. Картоптың құрамындағы фосфор тіс және қызыл иекке пайдалы, сондай-ақ баланың өсу процесінде алатын орны ерекше.
Пайдалы мәлімет оқығанымызша, тамағымыз да пісті!

P.S: мәліметтер интернеттен алынып, өңделді.

Қауын жайлы не білеміз?

37 пікір

qyrmyzy
Банзайка, жұмысқа кіріс!
banzaika1990
асқабақ, болгар бұрышы, қуырылған қызанақ — үш қайнаса сорпасы қосылмайтын дүниелер ғой мынау. Ещқашан аузымса алмаспын. Атай көрме.
AKA
Үйде анам буға пісіріп қояды, ал мен оның үстін алып тастап, астын жеймін. :)) Асты қатты асқабақтар ұнайды, жасылдау болады ғой. Тәәк, сосын манты, самса пісіргенде де қолданамыз кейде. Таңғы асқа таптырмас дәм, каша жасап, үстіне шамалы қосып жіберсе де болады. Айтпақшы, бұрын анам асқабақтың гүлінен «тещин язык» әзірлеген, мәәә, дәмі деген керемет болады екен. :)
qyrmyzy
каша жайлы толығырақ…
AKA
Сүтке пісіретін геркулес, пшено, «5 злаков» дегендер ғой. Үстіне буға піскен асқабақты қосып ұсынуға болады.
qyrmyzy
түртіп алдым
Uleke
астын жейтіндер біз ғана емес екен ғооой)) дәмді, иа!
AKA
Маған осылай көкөністерді ірі етіп турап жасаған ұнайды. Кеше сенімен сөйлесіп отырып солай жасағам :)) Ірі-ірі етіп, қазанға сала саласың, тез, күшті піседі. Қолдарың дерт көрмесін, жақында бір әдемі мәзір ұсынуға тырысамын.
qyrmyzy
мен де кеше жасадымСөйтші, кідәй-ай
qyrmyzy
Қызық, асқабақ десе, бала кезіміз еске түседі…
banzaika1990
Ауылда асқабақ көөөөп егеді. Шөп шабылып қораға үйілгенше сиырларымыз талғажау ететін бірден бір асы осы асқабақ болатын.
Тамаққа кейде қосамыз. Картоп орнына қолданылады көбінесе.
ereke_enu
Қауын — тәтті!!!
Zhanat
Қолдарың дерт көрмесін! тамаша
Korkem
Ойға келмейтін қарапайымдылықтың өзі адамға күЧт көңіл сыйлайды ә?
akil_kalta01
Бала кезімде асқабақты «асбабақ» деп атаушы едім. Жалпы менің де анам буға пісіріп беретін сосын оның бетіне інім ешкемнен рұқсат сұрамай құмшекер қосып қоятын.

Қауын туралы құнды мәләмет!
Өте-мөте шырынды жеміс, оны жегенде езуге тигізбей жеген абзал себебі, шіре болып кетеді :))
Сосын үйдегі артылып қалған қауындарды қақ ретінде қысқа сақтасақ болады.

Ол үшін қауынды тіліктеп, астындағы қабығын алып, тілікті ұзынынан кесіп күнге жайып қоямыз. Осылайша қысы бойы қауын жеп шығамыз.
qyrmyzy
Хехе, сіз жасаған қауынның қағын жейміз қыс бойы?
Zhassiko
ны жегенде езуге тигізбей жеген абзал себебі, шіре болып кетеді :))
хее, бұрын кішкентай кезімізде қауынның тілігін аузымызға қойып, ары бері ауыздан өткізіп, екі құлағымызға апарып әкеліп жейтін едік..)) Сосын артынан шабдалы жумай жей салатын ек, содан кейін аллергия, қышымамен ауырасың..)) Бірақ қазір аманбыз))
akil_kalta01
Сөз жоқ көз алдыма елестетім. Тамаша көрініс қауынның екі ұшы екі құлағыңа дейін жетіп тұр не деген ұзын қауын десеңші :))) Ерін деген шырынды болып тұр десеңші :))
qyrmyzy
Тағы, тағы…
Zhassiko
жақсы мәліметткен, рахмети..)
bazaraigul
кеше ғана асқабақ қосып картоп әзірлегем, дәәәмді болады.
khairbek
сонымен неститиын болдық Асқабақ пен картопты?
Uleke
қауынның қорытылуы өте қиын дейді, асқазанда 18 сағат қонақтайтындықтан түнге қарай жемеген жөн)) әсіресе, асқазаны ауыратындарға болмайды дейді
ardak1996
асқабақты онша мүлдем, кешіре гөр асқабақ ұнатпаймын. рахмет) Картоп кучті
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.