Бауырдан жасалған дәмді котлет
Сәлем, қымбатты «Айтабер»! 
Көп болыпты, сайтымызда дәмді тағам иісінің шықпағанына. Бүгін өздеріңізбен бауырдан жасалған дәмді котлеттің рецептімен бөлісе отырсам.
Сонымен, дәмді котетімізді жасау үшін бізге керектілер:
1. Қой (сиыр) бауыры — 0,5 кг
2. Бір стакан шала пісірілген күріш
3. Бір бөлке нан уағы
4. Жұмыртқа — 4
5. Пияз, сарымсақ (бауырмен бірге ет тартқыштан өткіземіз)
6. Дәміне қарай тұз, бұрыш
7. Май
8. Картоп — 3-4 бас
Бауырды ұсақтап турап:
еттартқыштан өткіземіз:
Картоп, пияз, сарымсақты да еттартқыштан өткізіп жібереміз:
Оның үстінен суға шала пісіріліп, шайылған күрішті, наның уағын, жұмыртқа, тұз, бұрыш қосып араластырамыз. Егер тым қою болып жатса ұн қосуға болады (қоюлығы оладьи секілді қоймалжың болғаны дұрыс):
Енді алдын ала отқа қойылған табаны қыздырып майды бетіне ғана құюға тырысамыз. Май қызғаннан кейін, дайын қоймалжыңды қасықпен алып табаға саламыз да оны жаймалаймыз. Ұнға аунатып алсаңыз да болады:
Котлет асты қызара піскеннен соң, екінші бетіне аударамыз.
Осылайша, дастарханға жәй пісіріп қойғанда желінбей қалатын бауыр, өкпе секілді мал мүшелерін тартымды, әрі дәмді тағам түріне айналдыруға болады.
Дайын котлеттер:
Тістедім ))))
Таңғы ас үшін тойымды және ұзақ жолға таңазытып алып шыққанға таптырмайтын дәм.
Ас болсын!
Пы/сы: Бұрын жалғыз өзім күйбеңдеп жүруші ем, енді жеңешем бар тым болмаса суретке түсіріп жүретін)))

22 пікір
мә саған плөс,, тамақ жақсы щыққан бірақ ананы завтракка жүрмейтын сияқтығой? м?
Қолың дерт көрмесін. Керемет шығыпты.
Сақал, Ж? мыналарға айтындар мені кекете берет
Ойнамайм сендермен Броде бы достаскан искятымызго