Етті бәліш

Асыңыз дәмді болсын! /
Етті/фаршты бәлішті жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. Құрамы және дайындалу тәсілі өте оңай, бірақ соған қарамастан өте тойымды және дәмді бәліш. Берілген мәзір шамамен 5-6 порцияға арналған, одан да көп адамға істеу керек болса, құрамындағы тағамдарды бірден екі есе алып, істей беріңіз.



Құрамы:

    Қамырына:
  • Ұн — 2 стақан.
  • Ашытқы — 1 шай қасық.
  • Тұз — 0,5 ш.қ.
  • Қант — 1 ш.қ.
  • Өсімдік майы — 2 ас қасық.
  • Салмасына:
  • Фарш — 400 гр.
  • Пияз — 1 дана
  • Бәліштің үстіне себуге:
  • Ұн — 0,5 стақан.
  • Сары май — 1,5-2 шай қасық сары май.
  • Тұз — 1 шымшым.

Фаршты бәліштің дайындалу тәсілі:

Алдымен қамырын дайындаймыз.
Асыңыз дәмді болсын!: Етті бәліш

Ол үшін жылы суға ашытқы, тұз және қантты араластырып, 5-10 минутқа қойып қоямыз.
Асыңыз дәмді болсын!: Етті бәліш

Біраз көпіршіп көтеріле бастайды, сол кезде ұнға құямыз, сосын сұйық майды да құйып, жұмсақ қамыр илейміз.
Асыңыз дәмді болсын!: Етті бәліш

Қамыр жақсылап иленгеннен кейін, бетін ас пленкасымен жауып. Жылы жерге қоямыз.
Асыңыз дәмді болсын!: Етті бәліш

Шамамен 30-40 минут өткеннен кейін бір басып қоямыз да, тағы да 10 минут тұрсын.
10 минут өткеннен кейін қамыр дайын.

Пешті 180°С-та қыздырамыз.

Пиязды тартылған етке ұсақтап турап немесе етпен бірге бірден еттартқышта тартып алуға болады. Талғамыңызға қарай кез-келген салма жасауға болады. Мысалы, етке көкөністер немесе тауық етінен, ірімшік және т.б. салуға болады.

Үстіне ұннан ұнтақ жасаймыз. Ұнды сары май және тұзбен араластырамыз. Май өте жұмсақ болу керек, бірақ қатты ерітудің қажеті жоқ. Қолмен жақсылап илеп жібереміз. Ол қамыр болмайды, тек ылғалдау ұнтақ болады.

Алдымен қамырды жаямыз. Қамырдың үстіне салмасын саламыз. Шеттеріне 3 см.-дей жеткізбей шетін өріп шығамыз. Шетін жинамаса сорпасы ағып кетеді. Енді үстінен ұнды ұнтағымызды себеміз.

Қызып тұрған пешке бәлішімізді саламыз. 40-45 минуттай беті қызарғанша пісіреміз.
Осымен дәмді фаршты бәлішіміз дайын!

Асыңыз дәмді болсын!: Фаршты бәліш

Астарыңыз дәмді болсын!!!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.