Самса пісіретін күн

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем «Айтабер»

Бүгін жексенбі, самса пісіретін күн. Өздеріңізбен қатпарлы самса пісіру құпиясымен бөліссем деп ем.
Сонымен, самса қамыры үшін керекті заттар (50 самса үшін):
1. 2 кг ұн
2. 500 гр маргарин,
3. құрғақ сүт — 6-7 шәй қасық,
4. тұз,
5. су.
6. Самса ішіне салынатын(өз қалауыңыз бойынша): пісірілген картоп, фарш, пияз, тұз, бұрыш.

Тазалықтан бастап, ішіңізден «Фатихамен» қостап, бастайық. Самса қамырын дайындау үшін сізге ептілік пен шыдам қажет.
Сонымен, ұнға құрғақ сүт, тұз, 500 гр маргариннің (мұздатылған, қатты күйі) үштен бір бөліғін үккіштен өткізіп араластырамыз:
Үстінен мұздай (салқын) су құып, әдеттегідей қатты қамыр илейміз. Илеп болғаннан кейін қамырдың үстінен табақпен төңкеріп 30 мнутқа немесе 1 сағатқа қоямыз. Ара арасында қамырды илеп тұрамыз, илеуі қанбаса қамырымыз үмітіңізді ақтамауы мүмкін:
Дайын болған қамырды 3-5 см қалыңдықта жайып, ортасына маргариннің үштен бір бөлігін үккіштен өткізіп, қолмен аз-маз бастырмалаймыз:

Енді қамырдың бір жақ бетін жауып, оның үстінен тағы қалған маргариннің үштен бірін уккіштен өткізіп, жаймалаймыз. Одан соң, екінші бөлігін жауып, қамырды суреттегідей етіп үш бүктейміз.
...
Дайын болған қамырды пищевая плёнкамен орап, үстінен табақ жапқан күйі 1-2 сағатқа қалдырамыз.
Қамыр дайын болғаннан кейін, бастапқы қалпына келтіріп жаямыз да, бөлікке бөліп, легенге (кей жерлерде табақша, яки болмаса жәйпек тәрелке) рет ретімен койып, бетін пищевая плёнкамен ауа кірмейтіндей етіп, мұқият орап, тоңазытқышқа 5-6 сағатқа немесе түн бойына қалдырамыз.
..

Тәәк, самса қамыры дайыыыын (пісірер алдын 30 минут бұрын тоңазытқыштан шығарып қоямыз, жұмсарып тұруы үшін). Енді самса салмасын дайындап жіберелік (таңертеңгісін азанда) Қайнатылып, суытылған картопты майда, кубик етіп тураймыз да үстіне фарш, майда етіп туралған пияз, дәміне қарай тұз, бұрыш қосып араластырамыз. Салма дайын:


Дайын самса қамырының бірін майланған дастархан үстіне қоямыз да тағы үстін майлап, жұқа етіп жаямыз. Оның үстіне салма салып, үш бұрыштап бүктейміз:
..

Самсаларды қызып тұрған табаға айналдыра салып, үстіне жұмыртқа жағып, 150-160 гр ыстық пеште, астына көтерілгенше, көтеріліп болған соң үстінде қызарғанша пісіреміз (демде пісетіндіктен, бақылап отырамыз):

Сонымен қатпарлы самсамыз дайын! Таңертеңгісін шәймен ішіуге таптырмайтын тойымды әрі дәмді ас ретінде ұсынылады.

Астарыңыз дәмді болғай! Алдағы күнде амандықпен жүздескенше!

76 пікір

Argyn
Бойдақтар пісіре алмайды))) сол үшін өзіңіз дәмін көрсетуіңіз керек…
Korkem
Осы самасның арқасында біраз мақтау мен қолпаштаудың астында қалдым. Айтуларынша, дәм тіл үйіріп, көпке дейін ұмыт болмаса керек)))) ал, елестетіп көріңіз енді)))
Argyn
қазір барып самса сатып алып жеймін...)))
MSHERIMBEK
Көркем, осы өзімізде қалатын сияқтысың:)))
Korkem
күресу керек, күресу))))
dimash
НЯМ НЯМ НЯМ… суреттерге қарап оппетит ашылып кетті… самса жегім келіп кетті(((
qyrmyzy
кімнің бағы екенсің,әәәәә??? жігіттер, қайда қарап жүрсіңдер??
konvict
Әй, мына сөзді айтуыңа не жорық?
qyrmyzy
сен ғой жұлдыз санап жүрген...скайптағы чатты оқы
qyrmyzy
бізге надайды пісіру қәйдәәәәәәә???
Argyn
Енді пісіре алмайтындар үшін жазылған пост қой))) үйреніп бақ…
qyrmyzy
иәә, көп рахмет, Көркем! пісірсем, бөлісем ғой
Argyn
Көркем сияқты пісіргеніңді блогқа жарияламай, айтаберліктері шақырып, дәм таттырып жарияласаңыз болар еді деген ұсыныс)))
qyrmyzy
ох, керемет идея тастадың, алматылық айтаберліктер біііііііір жиналса деп едім… (сіз демей-ақ қойшы, менен үлкенсің бәрібір)
Argyn
Ол күн де туар жиналатын… Осы қыздарға таң қалам… сіз дегенім жасқа байланысты емес… сыйға байланысты шығатын сөз еді… жарайды… сен))))
qyrmyzy
осы қыздар емес, саған десең, ренжімеймін)))) «сіз» деген намайд, флудтай амай қалам, «сіз» деген алыстататын сияқты ма… очм, түсіндің?
Korkem
Қатырасың муахахахахах ))))
AKA
сыйға байланысты шығатын сөз еді
Дұрыс айтасыз!
kema
kerremet samsa bopty)))) tek kamyrdyn
Дайын болған қамырды 3-5 қалыңдықта жайыр, ортасына маргариннің үштен бір бөлігін үккіштен өткізіп, қолмен аз-маз бастырмалаймыз
osy jerin tusinbedim
Korkem
ооо айтқаныңызға рахмет, байқамаппын. Түзулеп қойдым))) нан қайда?
kema
nan pisken, damdi boldy, kooooop rahmet)))) tek jazuga ew yngai tappai jurmin go
qyrmyzy
саған Майрош сәлем айтып жатыр
mairosh
))))))))))))))))))))))))
qyrmyzy
нанды күтіп жүрміз))))
abatai
иә, керемет! таңғы асқа таптырмас, тамаша, ыссылай жейтін ас. Бірақта 50 самса үшін қамырының құрамын жазыпсыз да, салмасының құрамын жазған екенсіз.
pari
оо осындай самсаны мама алдында пісіріп еді маған өте қатты ұнайды
qyrmyzy
Сенің самсаң қалай шыққанын көрелік, рұқсат етсең
Korkem
ыыы қыр соңынан қалма енді
qyrmyzy
жарайды, енді жазбаңды қарамаймын(((
Korkem
ибай-ау, қарамағаны қалай? сендей оқырманнан айырылғанша, пост жазбай-ақ қояйын мен(((
qyrmyzy
керемет!!! Шымкентке келін болуға жарайсың!
Korkem
))) рас айтасыңиии)))
Korkem
тссс а то Қарасақал ренжиді
qyrmyzy
мен де пісіретін боламын бұйыртса
Korkem
қуана-қуана күтетін боламыз, то есть боламын
qyrmyzy
жо-жоқ, қазір емес, жақын арада емес, болашақта…
qyrmyzy
маған палау пісіру керек екен ғой, ұмытыппын
AKA
ақ саусақ жеңешем үшін
Жеңешеңізді айтып қоймайды екенсіз, сірә сол кісіге де үйретіп жүрсіз-ау шамасы?
Осындай қамырды жасамаймын, майлы, үгітіліп кететін сияқты. 50 самса таңғы шәйға ма?
Korkem
мен негізі жалпы 50 самса шағаруға болатынын айтып ем. Үгілілмейді. Маймен емес, ұнмен жасаса да болады.
Жеңешем енді… түсінесіз ғой ә
AKA
Жеңешем
… ммм, енді Шымкентке келін қылып қойдыңыз ғой?! Келісімімді бермеген ем…
Korkem
тулап-тулап көнесіз ғой, қайда барасыз?
AKA
Қойшы-әй, мында шымкенттіктер көп. Қазір бәрі келіп, сәлем салғызып қойса тағы… Рұқсат сұрау жоқ екен сіздерде, бірден алып қаша береді екенсіздер, хмм… :)))))
Korkem
ыыыы не дисіз енді, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген бар.)) Сәлем салған жақсы ғой
qyrmyzy
ал, АКА келін сәлеміңді салжівер
AKA
О, Аллаһ! Не жаздым… :))) Барлықтарыңыз жиналып келсеңіздер общий бір сәлем салып құтылайын деп едім :))))))
qyrmyzy
дауай-дауай, салжівер
qyrmyzy
ықық, Көркем беташар жасап кетті ма деп қалдым, жеке өзіме сәлеміңді салсаң да болар еді негізі
Korkem
мән бермеңіз, біздің келіннің осындай бір қиқарлығы бар еді. уайымдама, міндетті түрде сағызамын ғой))))))))
mairosh
Керемет. Менімде ойымда жүр еді осы самса жасау. бірақ қалай жасарым білмей жүргем +1
qyrmyzy
мына жазбада да жарнаманың иісі мүңкіп тұр екен ҒүӘ © ??? Басқа басқа, Көркем, сенен ондайды күтпеп ем…
Korkem
кәні, кәні не жаздық?
AKA
Осы сөзіңді күттім-ау, ұзақ күттім… Айтшы, айтып-айтып тасташы! :))))
Korkem
оу, келінжан неғып отырсың? Айда тұр, Қырмызыдай қонағымыз айлап жылдап бір келгенде…
Ана пошымды қазыңды тұтастай қазанға салыжівер, бол тез бол
ииии сені ма сен, сәлем сал!
qyrmyzy
түн жарымда келініңді қинамай-ақ қойшиш, өзің істей бершиш, күні бойы шаршаған шығар енді
AKA
Қойыңдарии, болды, осымен бітсін. :)
Korkem
өмір енді басталываца, мына келін не дит?)))
qyrmyzy
бірінші суретің… алып тастасаң, керемет болар еді ше, сапасы да жақсы емес екен. Сосын, ондайларды жаза салсаң, түсінеді оқырмандарың
AKA
Көркем естідің бе, саған айтылған сын бұлар…
Korkem
ақталдық қой еу, туһ, бүгінгінің келіндері-ай, төстен алып, бетке шауып..)))
qyrmyzy
ақталғанда, айтып жатқаным ғой, блогшы ретінде мұны есте ұстаған жөн
Korkem
құрметтім, сізді келінімнің петрушкасы деп ойламаппын
qyrmyzy
үйййййй, не бопты? Сен петрушка емессің ба?
Korkem
жеңешемнің тонын теріс қарата кигізіп кетіпсің ғой)))
qyrmyzy
2 жазба қайдааааа???
qyrmyzy
2 жазба қайда?
Korkem
бірінші сурет алғашында жоқ болатын, содан жекеде құрғақ сүттің не екенін сураушылар табылған соң қоюға мәжбүр болдық. жарнама емес, қуасың
qyrmyzy
сол сыртын емес, құрғақ сүтті бір ыдысқа салып, түсірсең де болады. Иә, негізі ондай мақсатта салмағаныңды түсініп тұрмын, мұны жасырын жарнама дейді. Есте ұстарсыңдар, құрметті Айтаберліктер!
konvict
Керемет!!! Ырзамын!
Chimaq
Jaqsy eken,istep uirengim kelip tur...))
KUANYSHBEK
қамырды ұзақ күтетіні жаман екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.