Наурыз көженің жасалу жолы...

Асыңыз дәмді болсын! /
Құрметті айтаберліктер! Ерекше рецепт деп айтпай-ақ қояйын, бірақ осы бойынша дайындасаңыз дәмді болып шығатынына сенімдімін! Сонымен, біз дайындаған Наурыз көжені ұсынамын.

Бізге керек:
1.Жүгері


2.Арпа


3.Күріш


4.Маш немесе бұршақ


5.Ет


6.Қайнатылған құрт


7.Айран


Сондай-ақ, тұз, су немесе еттің сорпасы.

Әрқайсысын бөлек-бөлек қайнатып алып, барлығын бірге қосып араластырамыз.
Ал мынау біздің дайын болғанкөжеміз

Астарыңыз дәмді болсын!

38 пікір

Korkem
Постыңызды «Асыңыз дәмді болсын!» блогына көшіріп қойдым, дұрыс таңдаңыз. Постыңызға базар жоқ, Керекинфода жарияланып еді бұл, екі жақта да өзіңіз екесіз
Manshukn
еее, қайдан білейін ондай блог бар екенін :) көп рахмет!
Сәлем Көркем сен модсыңба
beko
УАУ, УАУ, УАУ. Еркектердің екінші жұрегі, ол асқазаны дейтіні рас екен ау сірә…
Korkem
ық-ық, осы Мәншүктей қыз бұйырсын саған блогкэмпке баратын болдың ба?
beko
Көркем? Әумин! Тамақ жағынан да ескеріп жүрермін, өзіме...))
Жок, мен бармайтын болдым Астанаға(блогкэмп). Өкінішке орай.(( (Мен де флуд жазады екенмін ау, доғару керек.)
ет салынған Наурызкөже ұнамайды)))
Manshukn
Ет салмай жасауға да болады, негізі ;)
Manshukn
Жалпы, мұнда постты түзету жүйесі автоматтандырылған ба деп қалдым дәәәә))))))
AKA
Соны мен де түсінбей отырмын, пікірім де өшіріліпті. Ешкімді балағаттамаған сияқты ем… жарайды.
beko
Мен едім өзгерткен. Егер қарсы пікірлеріңіз болса, ұялмай маған жеке хат ретінде жаза беріңіздер. Ескеретін боламыз.
Кейде флудтар немесе шешілген пікір өшіріледі.
Шешілген пікірге мысал:
AKA: Мәншұктей
Қатесіз жазуыңызды сұраймын.
Korkem:ӘКӘ, байқамай қаппыз, кешіріңіз)))
Осы жерде Мәншұктей деген жазу түзелгесін, бұл пікірлер бос болып қалды.
Сосын өшірген дұрыс көрінді. Басқа қолданушы бос пікірді оқып уақыт құртпауы үшін.
Ал балағаттау болса, мен бұл Айтаберден ондай адамды көрмедім тфай тфай, сондықтан ойларыңызға жамау болайын. Олай ойлап жүрмеңіздер.
monti_1990
мәәәәәә Мәншүк осындай да өнерің бар ма еді күшті міндетті түрде жасаймын Наурызда
qyrmyzy
сосын шақырасың??№
monti_1990
көреміз))))))
Manshukn
не ғо, сен дайындаған кезде Жако екеумізді шақырасың ғо :)))
qyrmyzy
дауай-дауай, барамыз!
Manshukn
мәәә, Маржан, сен де осындасың ба? сен деп ойламаппын. Жалғыз өзім пісірген жоқпын. Назерке, Айдана үшеуміз жабылып пісірдік. хе-хе)))
monti_1990
қонақ күткіш едің ғой тағы да солар үшін жасаған шығарсың
Manshukn
жалпы, қонақтарға жасалды))))
qyrmyzy
казжурға да көшіріп қойдың ба??
Manshukn
қол тимей жүр, салатын шығармын, онда да басқа аудитория бар, Жәкөләйййй)))
KILYZAMAN
Сілекей кетті шұбырып, қиялым кетті құбылып… :-) Ақ мол болсын ағайын!
qyrmyzy
Әумин, аға!!! Жеңге/апа наурыз көже жасайтын болар???
KILYZAMAN
Әрине…
qyrmyzy
сіз де фоторепортаж жасап жібересіз ғой ондашақырмасаңыз...
akil_kalta01
Тамаша Manshuk жарайсың!!! (KILYZAMAN Сілекей кетті шұбырып, қиялым кетті құбылып… :-) Ақ мол болсын ағайын!)менің жағдайым KILYZAMAN жағдайындай болып тұр :))
mairosh
Жегім кеп кетті. Айтпақшы әже 17 күні наурыз көже пісірген. Гүчти шықты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.