Бүгін Айтабермен бірге орама (рогалики) пісіреміз!

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Бугін орама(рогалики) пісірдім, сіздермен бөлісейін.Дүкенде толып тұрғанымен, уйде пісіргенге жетпес.Сонымен керекті нәрселер:
Орама: 4кесе ұн, 1кесе сүт, 3жұмыртқа, 1,5кесе қант, 1маргарин(200гр), разрыхитель және қант ұнтағы(сахарная пудра).

1.1кесе сүтті бір ыдысқа құйып аламыз да газға қоямыз, сосын сүтке 1ас қасық қант, 1кесе ұн қосып араластырамыз(тасып кетпеуі керек, газды жай қойып шамалы жылытамыз).

2.Газға сүтті жылытып қойдық, енді басқа ыдыс алып, 3жұмыртқаны жарамыз, оған 1 кесе қант және маргарин(маргаринди ең бірінші шығарып ерітіп қоямыз, бөлме температурасында еруі тиіс) қосып араластырамыз.

3.Бәрін араластырып болғаннан кейін, 3кесе ұнды қосамыз.

4.Қамыр илейміз, қамыр қаттыда, жұмсақта емес болуы тиіс

5.Енді 30минутқа бетін матамен жауып қоямыз, сосын жарты сағаттан кейін қамырда 8 бөлікке бөлемізде, әр бөлікті мынадай етіп жаямыз.

6.Ораманы ораймыз(ораманы орап жатырғанда пешті алдын-ала қыздырып қойыңыз), табаны майлап, бәрін табаға ретімен саламыз.200градуста 20-25минутта пісуі тиіс.

7.Дайын болған ораманға қант ұнтағын себеміз, сосын ораманы ыстық шәймен жей отырыңыз)

Сау болыңыздар)

51 пікір

meirambek95
Ardak дәмі тәтті екен
ardak1996
Мейрамбек ағай рахмет))))
AKA
Мәәә, керемет! Жарайсың, осындай сіңлілер көбейсін. Аллаһ қолдарыңа дерт бермесін! Тағы да мәзірлерің болса жаза бер, біз түртіп аламыз қағазға. :))
ardak1996
ия айтқаныңыз болсын))) Рахмет ИНШАЛЛА көбейсін, көбейсін)))
Jako
Туу, мұнымен ішкен шай ұмытылмайтын шығар…
ardak1996
солайы солай))))
dimash
Қолдан жасалғаны дүкеннен алғаннан әлде қайда дәмді болады ғой)
«7.Дайын болған ораманға қант ұнтағын себеміз» қан ұнтағы шашылып қалмайды ма? Әлде бірдене жағып барып себеді ма..))
Korkem
Шашылып қалады, сол үшін жееп қою керек)))))
AKA
Шашылмайды, ештеңені де жағудың қажеті жоқ. Бар болғаны ыстықтай пештен алғанда бірден қант ұнтағын себу қажет, өзі сіңіп, жабысып қалады.
Korkem
муахахахах, сенбе мынаған, шашылып қалады, сол үшін түк қалдырмай жеееп қою керек))))
dimash
мм қыз болмаған сон білмеуімнің айбы жоқ ғой) бірақ көрген көзде жазық жоқ, бұрындары ТВ-дан пісіріп жатқанын көрсеткен еді, сонда жұмыртқаның (тұқым деп жаза салайын) сары уызын жұқалап жағып барып құмшекер сеуіп жатыр еді. Сол ғой сұрағаным)
AKA
Ол құмшекер, ал қант ұнтағы ұн сияқты болады. Сенбесеңіз жасап көріңіз, кез келген ұн тағамының үстіне ыстықтай сеуіп. Басқа Көркем сияқты тек жеуді ғана емес, жасалу тәсілін де дұрыс меңгергенмін.
ardak1996
пештен алған бойда сеткамен сеуіп шығамыз… шашылмайды бетінде қатып қалады жабысып))) рахмет)))
Korkem
КуЧті, тамаша, ғажап! Түүү жегім кеп кетті))) +1 тағы да дәмді-дәмді посттар күтемін сенен!
ardak1996
рахмет))) ИНШАЛЛЛА жазамыз)))
qyrmyzy
сіңілім пысық екен ғой?? Жарайсың!
ardak1996
рахмет))) пысық пысық)))
pari
іі жегім келіп кеттіғо
ardak1996
ііі жеңіз сіздер үшінғой бәрі)))
pari
рақмет дәмді екен
ereke_enu
Неткен керемет! Ананың бәрі сол кішкене ғана қамырдан шықты ма?))
ardak1996
рахмет))) ананың бәрі бәрі емес… бәрі осы бәрінің 8есесі)))
ereke_enu
Жарайсың! Тамақты жақсы жасайтын қыздарды ұнатушы ем. Сендерге тиісуден өз-өзімді әрең ұстап отырам ше)
ardak1996
)))) жоғарыда үлгі алатын апаларым отырғой Көркем апай, Ака апай
Zhassiko
Қолың дерт көрмесін, Ардақ! Дәмді болатын сияқты, бүгін мен де сенің рецептіңді алып, істеп көрейін деп едім, қант пудрасын таба алмадым, оның орнына бетіне жұмыртқа жағып, шекерді себуге болмайды ма? Дайын болған соң, салып жіберермін суретін…
ardak1996
Рахмет) әрине болады… Егер де жұмыртқада таппасаңыз, 1стакан су ды газға қойып 1ас қасық қант салып қайнатсаңыз сироп дайын болады, сол сиропты жағып жіберуге де болады) Асыға кутемін
Zhassiko
Көп, рахмет, Ардақ!
Пісірдім, міне былай болды:

Бетіне жұмыртқа жағып, мак пен шекер сеудім… Бірақ, разрыхритель салуды мұтып кетіппін, қамырымды дайындап болған соң есіме түсіп, қамырға салып, илеп жібердім… Енді ең алғашқы тәжірибем болған соң, ондай-ондай ханның қызында да болады демекші, Айтарлықтай ісінбесе де, үйімдегілерден сенің арқаңда жағымды комрлименттер естіп, алғысқа бөлендім… Рахмет, қазір осы рогаликиді жеееп, сіздермен бөлісіп отырмын...!!!
ardak1996
Туууф керемет болыпты, көп рахмет.Ас болсын!
Менің атым құпия болсыншы ғаламтор әлемінде
ardak1996 жазып қойғасын гой
ardak1996
соны кетирудің амалын тапсамшы…
MSHERIMBEK
Кеше ғана тойдан жеген едім:) Дәмі еске түсіп отыр:)
Chimaq
Bireuin alyp jegim kelip ketti,..)))uirenip jasap korse bolady eken...)men jalqaumyn ghoi
Шимақ??????????
Chimaq
o..i bala a..i..nege Шимақ Шимақ dep qaldyng?))
атымыз ұқсас екен дә Шұғыла+Шимақ
Chimaq
mmmm...base...))
үбәй-әй үстіп ялып қалаД енД
ardak1996
Ендеше үйреніңіз, жалқаулықты әрі ысырып қою өз қолыңызда)
bravo
Бәрекелді, ағайындар мұнда "өзім пісірдім өзім жейм" деген әнгіме ғой:)
monti_1990
Міне, мен де пісіріп көрдім:Жассико ұқсап мен де разрыхлительді ұмытып кетіппін, сөйтіп мен де иленген қамырдың ара-арасына қосып жібердім. Әзірге дәмін өзім ғана көрдім. Тәтті шықты. Басқалар не дейді екен?
qyrmyzy
WOW, ертен жеймііііііз, уааачааа, ана печенье не боватыыыр?? Түрі: «Дәмдімін» деп тұр ғой. Ертен мерекені рогаликимен тойлатамыз, вуаляяя!
monti_1990
)))))) ия, тойлаймыз!
qyrmyzy
Группаның аты жазылған печенье күтем!
qyrmyzy
«ОООООО, қалааааааа! Ол біздің әсем қалаааа» деп, әндетііііп, сенің пікіріңді күтіііп отырмын.
monti_1990
ол онша емес шықты дедім ғой, апаруға ұят тіпті
ardak1996
туууф, қандай аппетитный өзі. Түрінің өзі тәбетті ашады.Дәміде тәтті деп ойлаймын)
monti_1990
ой көп рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.