Абылай, "туылатын күнің" құтты болсын

Құттықтаймыз! /
Сүйікті де, сүйкімді, ардақты да аяулы, ақылды, білімді, денелі, ұзын бойлы, толық денелі ...


Ощм ешкім танымаса да өзім танып, сыйлайтын Абылайымды Қараша айында туылатын күнімен құттықтаймын. Анық қай күні туылу керек екенін білмеймін, бірақ әйтеуір Қарашада туылу керек еді негізі. Мамам солай деді…

Абылай сен Қарашада туылғаныңда мына менің дәл қазіргі өмірім қандай өзгеретінін қанша қиялдасам да тіпті болжай алар емеспін.
Сенің Қарашада емес, менің Қыркүйекте туылғаным, менің екі тұлғалы санамның қалыптасуына едәуір әсер етті. Әлі ойлаймын да, бәлкім Сен Қарашада, уақытында туылғаныңда, басқа мектепке, басқа құрдастармен, басқа ортамен, басқа колледжге, басқа группаға, басқа қалаға оқып, басқа жетде жұмыс жасар ма еді(к?ң? м?).....

Әлі күнге дейін солай ойлайм да ))) сұмдық ощм, психологқа қаралу керек еді.

Абылай деген туылмай қалған аға не іні, не тағы біреуі емес, құдай сақтасын жан жағым бәрі аман есен. Туылмай қалған, яғни уақытында туылмаған Абылай ол мына менмін. Мен Abylai Қыркүйекте туылдым, 2.4 килограммен 7 айлық болып. Шала туылған (недоношенный) деп мед. картамда жазылып тұр. Сол енді қазіргі жағдайым сәл ойымдағыдай шықпаса, бәлкім уақытында туылғанда басқаша болар ма еді деп күбірлеп қалатын әдетім бар.

Енд бұрындары сұрайм ғо, «мама мен неге арықпын» немесе «мама менің бойым неге кішкентай» немесе «мама мен неге көп ұйықтай берем» деп, «шала туылғандығыңнан ғой» дейтін. Содан ойланып, елестететінмін, уақытында туылған Абылайдың бойы ұзын, кең иықты, түрі жасына сай, толық, денелі туылғандағы салмағы 3-4 килограмм болса өмірі қалай болар еді деп.

Сол Абылай уақытында туылғанда, туылған күні Осы Қараша айының бір күндерінде болар еді…

Суретте екі Абылай
Сол жақтағы шала туылған Абылай, Оң жаңтағы уақытында туылғанда примерно осындай болады ау деген Абылай



пы\сы: Әрқашан есімдесің амиго!

Мына ән есіме түсіп кетті

57 пікір

Korkem
Құттықтаймын, балапан
Abylai
Әттең Шала емес Абылай, мына пікірге қуана қуана жауап берер еді. Мен тек :))) дей аламын
User
Хаха басында не жазған құдай ау деп түсінбей жатыр едім., Енді түсіндім.Былай ғо нормально ғылып туылғанымда мүмкін басқаша болар ма еді деген сияқты ғо әңгіме…
User
Алдарыңызда Желтоқсан айында туылған Абылай

Abylai
Күйдірме епті
mairosh
арық або әдемірек көрінетін сияқты))))
MSHERIMBEK
Туған күніңмен, епті-ау;)))
Abylai
Өзі жоқтың көзі жоқ, арқаээн күліп алайынш
Ak123

Әрқашан есімдесің амиго!
деген жаман естіледкен)))
Ademi
Абылайымды
:)
Очм,:(
Zhanat
Оқып келемін, өткенде Көркем ерте құтықтап қойған ба деп ойлап келемін, Сөйтіп бір ойға келдім, фейсбукка барып құтықтап келейін.
Aikona
Кетші ))) таппайтының жоқ. Былай нәрмәлні едің ғо блогкэмпте :)
Togzhan
Ахахахаха)))) Қатырасың сен де))
didi0393
razdvoenie lichnosti dnya rozhdeniya))) jyndy,jyndy! tuylatyn kuninmen!;-)
qyrmyzy
Мағауиннің «Мені» есіме түсіп кетті… ТК!: аю:
zhurttyn_balasy
Раздвоение личности детектед сұмдық, басқа бермесін
aitaber
Мынаған қарап отырып, разтроение личности детект жасап отырмын.)
zhurttyn_balasy
qyrmyzy
Жұрттың баласы, «жұрттың баласына» ұқсамай барасың!
didi0393
tansor disco bopketipsizgo ;-)
didi0393
negovori ))) bermesin ahahaahhh
Ais_97
Туған күніңізбен құттықтаймын, зор денсаулық тілеймін!
User
бұл жерде нестеп жүргеніңізді жоскы ашып қойдыңыз айс
Ais_97
Нені айтып тұрсыңи?
aitaber
Күлкісін-ай, албастыыыыы =)))))) Пәк қой, әлі пәк
AKA
Кідәй-ай :)) Шала туылғандардан мықты, атақты адамдар шығады деп көп естимін, сен онсыз да күштісің! Одан әрі жоғарылай бер, Або, тілекшімін! :)
MSHERIMBEK
Шала туылғандардан мықты, атақты адамдар шығады деп көп естимін
Иә, жас кезімде мен де ертегіге сенетін едім:))))
ardak1996
ҚҰттықтаймын)))) қазір 93*94*95*96 тер уйленип балалы болып жатыр менің ағам ненң күтіп жүр екен?
Abylai
:)))) бәлкім уақытында туылған Абылай ужы үйленіп те қалған шығар ))))
followme_alik
Whah)
Қайта туылуыңмен, брат.
pari
Жазбаны дұрыс түсінбей непонятка болып жатқан адамдар мына жерге бас сұғып кетіңдер:)))
qyrmyzy
мына жазбаны бәрі түсінеді деп ойлаймын.
User
Сізді де түсінді деп ойлай алмаймын.Жалпы Пари сіз Айс-тектессіз ғой
ereke_enu
Флудқа қосқаныңда біразға кетіп қалмас па едім)
zhurttyn_balasy
Бәсеее кімге ұқсайды, кімге ұқсайды дееп қоям.
Ким Ир Сен детектед
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.