Құттықтаймыз!




Бүгін той! Бүгін думанды күн! Бүгін туған күн!
Иә, бірімізге — дос, бірімізге — аға, бірімізге -іні, енді біріміздің сүйіктісі — Zhanat ты туған күнімен құттықтаймыз!!!
Жанат аға, Айтабердің қанша қолданушысы, қанша қонағы болса, сізге деген соншама тілегі болары анық! Ендеше, қабыл алыңыз:










Yasin :
Арманың Астанадай асқақ болсын!
Мәртебең Бәйтеректей биік болсын.
Көңілің Сарыарқаның самалындай.
Басыңа бақыт, дәулет, шаттық қонсын!!!
Інім,әркез асулардан асыңыз,
Аман болсын алтын сіздің басыңыз.
Туыс -туған ақ тілекпен жиналды.
Құтты болсын 29-ға келген жасыңыз!!!
Уақыт — ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардын алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бақытпен жет.
yerbol89
Бір басы екі бас болып, бізге үлгілі аға болып жүре берсін. Бірінші туған анасын, сосын туылған Жанатты құттыктаймын. Көп жасап, айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап жүре беруіне тілектеспін. СЖ-ға кіріп тұрыңыз :)
zhomart :
Құрметти Жанат мырза, туған күн қутты болсын! Сүйгеніңнің сүйктісі болып, бақыттың базарында басын бақыттан айналып жүрсин! Алланын сүйкті құлы болуды жазсын, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін.
khairbek :
Әшейінде ауыз жаппай, той дегенде өлең таппай…
Туған күнің құтты болсын болсын!
Қуанышты, бақытты күндер көп болсын!
Әрдайым аспаның ашық болып,
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!
Madi
Жанат аға, туған күнiңiз құтты болсын! Бiрiншi байлық — денсаулық, екiншi байлық — ақжаулық демекшi, барлық байлықтарыңыз түгел болсын. Бiзге, жастарға, қызықты посттарыныз көбейе берсiн. Бұл өмiрде бақытты өмiр деген болмайды, бақытты сәттер деген болады, сол бақытты сәттерiңiз көп болсын!
«Амен» махаббаттарыңыз берік болсын —

Дастарханыңыз жиналмасын —

Ауырмаңыз


Жұмысыңызға мол табыс тілейміз!

Әрқашан былай жүріңіз —

Мынадайдан шаршамаңыз —

Ал, бәріміз естелікке суретке түсіп жіберейік:

Очм, ертерек тойға барайық —

Кездескенше

37 пікір
неужели, үлгердім))Тәйт! Естімейін енді!!!