Ақ тілекпен

Құттықтаймыз! /
Ассалаумағалейкум, құрметті Айтаберлік қауым!



Бүгін Айтаберде үлкен той! Үлкен қуаныш! Сайтымыздың аяулы да, қадірлі, нәзік те, сұлу қолданушысы, сайтымыздың админі Садық Шерімбектің туылған күні. Сонау 1991 жылдын 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жарияламас бұрын 26 қарашада шыр етіп дүние есігін айқара ашып іңгәләп қызыл шақа болып дүниеге келген.
Туылған күніңіз құтты болсын!!!




Бала-Садық (әзіл-өлең)

Садық деп ол баланың атын қойды.
Біртүрлі болды нұсқасы,
Порымды мынау баланың.
Алдымдағы жақсылар,
Келбетіне қарағын.
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінед оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгердей,
Бір блоггер болды сол күнде-ай.

Құрметті Садық аға! Осынау айтулы күні Сізге деген зор құрметімді білдіремін. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін! Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес, ниеттес адамдар көбейе түссін!

Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе — үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!,- демекпін.


— ЖАС ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Қадірменді Айтаберліктер, 26 қараша «Садық күні», жатпаймыз, Айтаберде тойлаймыз! Қанеки, Садыққа деген ыстық тілек-лебіздеріңізді пікірде жаудырыңыздар!

28 пікір

mairosh
Туылған күніңмен Сақаааааллл
yesbolat83
Садық, туылған күнің құтты болсын! Екі өмірдің де толықтай бақытын тілеймін!
followme_alik
Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды — оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді — олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!
-дейтін ©-қа қосылмақпын. Туылған күніңмен, бро :}}}}}}}}
Albina97
туған күніңізбен!!! бақытты болыңыз, аман жүріңіз!!!
rauan
Туылған күніңмен бро ))) Респект!!! )
MSHERIMBEK
Рауанчеееееееееег:)) екеуміздің күніміз ғо бұл:))) 26 қараша — Айтабердегі Садко мен Рауанның күні:))
pari
Туған күніңмен:)))))))
rauan
рахмет бро =)
beko
Аха, Құтты болсын туылған күндерің! Алла екі дүниенің бақытын нәсіп еткей…
mairosh
Туылған күніңмен Рауан)))
AKA
Құттықтаймын, Рауан! Талабың зор, пейілің кең жігітсің ғой. Мақсатыңа жетуіңе тілекшімін. Аман бол, бар бол, өсе бер! Тілепоның жоқ екен менде, хабарласып құттықтар ем :)) Жақсылап тойла.
Ak123
Тағы да құтты болсын)))
bekzada
Туылған күніңізбен!
pari
РАУАН туған күнің құтты болсын! ЕНді біліп жатырмын. САбағыңды ойдағыдай аяқтап, қалаған мамандығыңның иесі бол! Ата-анаңныі сүйікті де сүйкімді ұлы бол! Достарыңның алды болма көз тиеді, арты болма сөз тиеді, ортасында ойнап-күліп жүре бер!
Manas
pari
ар жағындағы адамдарға мән бермеппін.
Шынымен жасағаныңдай-ақ екен)))
Manas
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінед оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгердей
Туған күніңмен Алмапыс батыр)
Jako
Туған күніңмен құттықтаймын!
Korkem
Ғұмыры ұзыын махаббат тілеймін!
zhomart
21-жас құт-береке болып келсін. Аллаһ Тағала сүйікті құлдарының қатарына алсын! Сізге екі дүниенің жақсылығы бұйырсын!
m170785
Құтты болсын туған күніңіз Садық. Екі дүниенің бақытын тілеймін, бақытты болыңыз
pernebekova96
Туылған күнінізбееен! Барлық ақ тілектерге косыламын! Бақытты болныз!
Madi
Туған күндер құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болсын! Ақжаулықтарың аман болсын! Он саулықтарың көп болсын!
didi0393
janeeeeem Sadko tugan kuninmeeeen!!!!!)tekk komputerden basyn ainalmai,Bakyttan basyn ainalyp juure bersin)))
Delfina
Садық туылған күнің құтты болсын! Биіктерден көріне бер.
ulan
TUYLGAN KUNINMEN ALAWTYN ARDAKTY AZAMATY!!! INWALLAH 150 GE KELIP OLU NASIP BOLGAI)))
eerkinuly
сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.