Рамазан айы мүбарак болсын!!!

Құттықтаймыз! /
Құттықтаймыз!: Рамазан айы мүбарак болсын!!!
Армысыздар айтаберлік ағайын! Бүгін көп күттірген қасиетті Рамазан айының бірінші күні! Мұсылман қауым үшін ұлы мейрам саналатын Рамазан айына қауышқаныма қуаныштымын! Мұсылман бауырлар қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын! Оразадан оразаға аман жеткен ағайын, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Аса мейірімді Аллаһтың шапағатын алар Рамазан айының әрбір күні тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс қонып, құт дарысын! Аллаһ дұғаларыңызды қабыл қылып, екі дүниеде де бақытты болыңыздар! Еліміз аман, жұртымыз жамау болмай келесі жылы Рамазан айына қауышайық! Қазақстан гүлдене берсін! Жаратушымыз табиғи апаттардан елімізді сақтасын! Алладан енді ешқашан көктегі желбіреген көк Туымыз төмен түсіріліп, қаралы күн болмасын деп тілейік!!! Сауаптар еселеніп, күнәлар кешірілетін бұл айда қасиетті Құран Кәрім түсірілді. Олай болса сауапты іс жасауға асығайық!!! МЕЙРАМДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Құттықтаймыз!: Рамазан айы мүбарак болсын!!!

7 пікір

Jako
Бірге болсын!
yesbolat83
Ниеттеріңіз қабыл болсын, ағайын! Иншаллаһ, барлығымызға Аллаһ Тағала Раййан қақпасынан өз жұмағына кіруді нәсіп еткей!
pari
Әмин, Қабыл болсын!
semser_soz
Әумин… Аллаһ баршамыздың тілегімізді қабыл қылғай))
Azamat
Аллаһтың разылығы және кешірімі үшін ниет қылып ораза ұстаған жандардың ниеттері қабыл болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.