Алғашқы қазақстандық тәуелсіз Журналистика мектебі журналистика курсына қабылдау қабылдау мерзімінің жалғасатындығы туралы хабарлайды.

Медиа Центр /
MediaSchool – еліміздің шынайы медианарығына бейімделген журналистика және PR Мектебі.
Журналистика мектебі журналистік шеберлікті меңгергісі келетіндерге, бірақ БАҚ саласына қажетті тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қарқынды практикалық оқыту бағдарламасы мынадай блоктардан тұрады:
• Баспасөз БАҚ-ы;
• Ақпараттық агенттіктер мен электронды БАҚ құралдары;
• Заманауи медиа;
• БАҚ және Құқық.
Оқу барысында студенттер Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпылама мәлімет алып, жарияланымдардың құрылымын зерттеп, әр түрлі форматта мақала жазуды, ақпарат көздерін тауып, телевизиялық жаңалықтар сюжетін жасауды үйренеді.
Сонымен қатар жаңа медиамен жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен, мультимедиялық журналистиканың заманауи талаптарымен танысып, этикалық және заңдық нормаларды сақтай отырып мақала жазудың қыр- сырын меңгереді. Дәрістер тренинг түрінде өтеді. Оларды тәжірибелі мамандар – журналистер, блоггерлер, редакторлар, саясаттанушылар, сарапшылар, құқыққорғаушылар, инфографистер, заңгерлер өткізеді.
Журналистика Мектебіне қабылдау 2013 жылдың 8 сәуіріне дейін жалғасады. Сабақ 2013 жылдың 9 сәуірінде басталады.

Оқу ақысы айына – 25 000 теңге.
Курстың оқу мерзімі – 4 ай (3 ай – оқу, 1 ай – тәжірибе). Дәріс сейсенбі және бейсенбі, жұма күндері кешкі уақытта жүреді.
Қосымша ақпаратты топ үйлестірушісінен ала аласыз: Рысгүл Рамазанова, +7 727 261 66 69, +7 778 907 16 08, rasti.comwashington@gmail.com

1 пікір

ZevsKO
Достар әлеуметтік желілерде бқлісе отырыңыздар! Бәркім біреулерге керектінің дәл өзі осы болар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.