Тез-тез HTML үйренеміз (2-сабақ)

Заманауи Веб Технологиялар /
Алдыңғы жазбаны оқып, тег деген не екенін ұғып алсаңдар, ұялмастан мына жазбаға кірісе беріңіздер :))

Сонымен жалпы HTML деген не екенін аз маз түсініп, HTML дегенде көз алдыңызға бірдеңе елестесе бәрі ойдағыдай. Енді компьютерімізде HTML құжат құрып, оны браузерде ашып, алғашқы веб құжатымызды жасап шығаратын боламыз.

HTML тілінде кодттау үшін қосымша ештеңенің қажеті жоқ, стантартты блакнот бағдарламасы мен браузер болса болғаны.

Кішігірім қосымша баптаулар:
1. Кез келген папканы ашамыз
1.1 Егер cіздің операциялық жүйеңіз Windows Vista не Windows 7 болса Alt батырмасын бір рет басамыз.
2. Жоғарыдағы менюден Сервис — Свойства папки дегенді таңдаймыз.


3. Ашылған терезеден Вид бөліміне барып, төменгі жағындағы Скрывать расширения для зарегистрированных типов файлов дегеннен ПТИЧКАНЫ алып тастаймыз. ОК басамыз.


Сосын Жұмыс үстеліңізге не басқа жерге бір папка құрыңыз. Мен папканың атын www деп қойдым, шатасып кетпес үшін сіздер де солай деп қоюыңызға кеңес беремін.


Баптап болдық енді…

Бірден блакнот бағдарламасын ашамыз, ол үшін Пуск — Все программы — Стандартные — Блокнот деп ашамыз.


Блакнотқа төмендегі кодтты көшіріп, қоямыз.
<!DOCTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD HTML 4.01//EN" "http://www.w3.org/TR/html4/strict.dtd">
<html>
    <head>
        <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=utf-8">
        <title>Менің алғашқы HTML құжатым</title>
    </head>

    <body>
      <strong>Сәлем әлем</strong>

     </body>
</html>


strong — тегі мәтінді қалыңдатуға арналған тег.

Файл сохратинь как... деп, құжат атын index.html деп (.html деп жазуды ұмытпаңыздар), Кодировка деген жерден UTF-8 дегенді таңдап, құжатты манағы www деген папканың ішіне сақтаймыз.


Боооолды, алғашқы HTML құжатымыз дайын. Енді құжаттың үстінен екі рет шертіп, браузерде ашамыз да қараймыз.



Суреттегідей ашылып тұрса, сіз бәрін дұрыс жасадыңыз.

Кодқа назар аударсаңыз көп ешнәрсе өзгермеді, тек title тегінің мәніті мен body тегінің ішіндегі мәлімет өзгерді. Келесі сабақта да осы кодтты жалғастыратын боламыз, яғни head тегіндегі title тегінің мәтіні мен body тегінің ішіндегі мәлімет өзгеріп отырады, қалғаны стандартты сол күйінде қалады.

Үй жұмысы:
1. «Сәлем әлем» және «Менің алғашқы HTML құжатым» деген мәтіннің орнына өз мәтініңізді жазып сақтап, браузерде ашып көріңіздер. (принт скринмен пікірге қалдырыңыздар)
Ескерту title тегінің ішіне тег жазылмайды
2. Мәтіндеге кейбір сөздерді қалыңдарып кейбіреуін қалыңдатпай жазып шығыңыздар.


АйтпақЧ сақталған HTML құжатты өңдеу ішін, құжаттың үстіне тінтуірдің оң жаң батырмасын басып, Открыть с помощью — Блокнот дейміз.


Немесе Блокнотты ашып, Файл — Открыть деп Текстовый документ (*.txt) деген жерден Все файлы (*.*) дегенді таңдап, манағы www деген папканы ашып, құжатымызды таңдап, Открыть дейміз.

31 пікір

banzaika1990
Abylai
Иииии зәнім, мәләдес. 5
banzaika1990
байқадыңыз ба жаңа тег ойлап таптым, «т» әрпін жасырын қылып қойдым

асығып отырып ұмытып кетіппін негізі
Abylai
Саған да Салюююююююююююююююююююююю
qyrmyzy
Қатал ағай, үй тапсырмасын ертең орындайыншы, а? +те қызық боватыр ед. күнделігіме 2 қоймай-ақ қойыңызшыыыы
Abylai
+ те кім кім?
ертең ұмытпа!
qyrmyzy
Abylai
енді тексттың жартысын қалың, жартысын кәдімгідей қылып жаса
yerbol89
Кестееее қашан сызамызззз ))))) Үнді жігіті Абылай рахмет курстарың өте түсінікті. Шешес ең кішкентай інімді ағасынын артын қуса, маған көмекші болса деп ойлап жүр едім. Құдай қаласа осы сабақтарды оқы деп оған айтатын болдым. Қабылдауға жеңіл түсінікті екен. Рахмет!
serjan
Рахмет Абылай, қазақ интернеті осындай курстарды күткелі қашан.
followme_alik
angl. tilin zhetistirip alsak, HTML tilin de uirenermyz _inShallah =) Abeke_bossyn ba_ individual`nyi ustaz?.. xd
zhaksy
Brainkz
3 сабақ бар ма???
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.