Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, еркелетіп, ешкімнен кем қалдырмай мәпелеп өсірген, қамқор болып, жан жүрегімен тек жақсылықты тілеген, қуанышыңда шын қуанып, шын күлетін жалғыз жан ол – Ана!
Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббат нұры, мейірімнің кәусар бұлағы. Шынында да, ана бар кезде біз өзімізді қорғаны, ұясы бар балапандай, шатыры бар...