Орны толмас естеліктер...
Сәлем Айтаберліктер!
Қайырлы кеш, жаңаerke_ky3 -дың Күнделіктегі суреттер атты жазбасын оқып отырып, мен де естелік заттары салынған қорапты сағына аштым...Үйге құрбыларым немесе апаларым келе қалса бірден осы қорапты көрсеткім кеп тұрады, ендеше,құрметті айтабершілер, естелік дүниелерімді сіздерге де көрсетсем қарсы болмассыздар?!Кеттік онда!
Ең алдымен 5-7 сыныптар аралығында қатысқан үйірмеде салған суреттеріммен таныстырайын,2-ақ сурет қалыпты,Бұл суреттер, еріген майлы шамды, неше турлі акварельмен боялған қағазға жағып, содан соң үстінен мақтаға жағылған қара гуашьпен боялып, одан кейін барып жұқпайтын пастамен сурет салу арқылы жүзеге асқан дүниелер!
Мынау енді… Күлмеңіздер, бұл сурет мамандығыма байланысты салынған, яғни бұрын пошташы болуды армандаған екем, осы жерде тоқтап күліп алайыншы

Бұл көріп тұрғаныңыздай күнделіктерім...Ішің оқуға ұяламын...
Оооооой, мыналарды бір тастауға қимаймын барғо, сондай жылыыы ашық-хаттар,
Охх)))мына масканы өз қолыммен жасағам бір жылы,үйірмеде...
Мыналар, мамамның туған күніне қолдан жасаған ашық-хаттар… Мамам осыған «ең жақсы сыйлық-қолдан жасалған сыйлық, оның ешқандай бағасы жоқ!»деп мәз болатын)
Мына суретке 4 сыныпта түскем)))
Ал мынау менің ең алғашқы отбасылық суретім, ортадағы мен,10 айлықпын-ау дим...
Мыналарға қарап бір жымияйықшы)))Бірінші суреттегіні ләгірде болғанда Арайлым дейтін сүйкімді қыз берген еді, екінші суреттегіні сыныптас досым берді, тіпті екеуміз мына суретті мектеп бітірушілердің 5 жылдығына әкелуге бәстескенбіз

Ал мына «пропускті» жаңа мектепке көшкенде алғанбыз,8 сыныпта… бас кезде, мектепке «строго» осы пропускпен ғана кіргізетін)



21 пікір
Күшті салады екенсің!
Маскаға тіпті сөз жоқ.
ай, КВНчик)))
Әшейін Нұрманғали деп жаза салғам))