Циклдар

Programming Solutions /
Қайталана беретін амалдарды жеңілдету үшін қолданамыз. Мысалға, беттің 10 көшірмесін алу үшін екі жол бар. Бірі – асықпай 10 рет көшіріп шығу, екіншісі – көшірме санын көрсете қойсаң, аппарат өзі көшіріп береді. Қайсысын таңдар едіңіз? Әлбетте, өз уақытын, күшін бағалайтын кісі екінші жолды таңдайды. Міне, бағдарламалауда да осындай таңдаулар жасау қажет болатын жағдайлар болады.
Мысал. «Алақай» сөзін он жолға шығарып қарайық.
for конструкциясы
for(int i=0; i<10;i++){
        System.out.println("Алақай!!!");
           }

Кодты есіңізде болса, программа денесіне орнатамыз. Мұндағы,
for(int i=0; i<10; i++) — (i=0)бастапқы мәні 0-ге тең i int бүтін саны (i++) цикл сайын бірге арта отырып, 10-ға тең болғанша { арасындағы } амалдарды орында дегенді білдіреді.
While do конструкциясы
int i=0;
        while(i<10)
        {
            System.out.println("Алақай!!!");
            i++;
        }

Do while конструкциясы
int i=0;
        do
        {
            System.out.println("Алақай!!!");
            i++;
        }
        while(i<10);
        


Тағы бір түрі бар, оны келер сабақта айтармын. Тек еске салуды ұмытып кетпеңіздер)
Үйге тапсырма:
1. for, while, do конструкцияларының бір-бірінен айырмашылығын табыңыз.
2. Циклдарды қолдана отырып, 0 ден 9 арасындағы сандарды ретімен шығару, немесе цикл сайын i-ң мәнін нәтижеге шығарыңыз.
3. 1 ден 10 ға дейінгі сандардың қосындысын табу
4. 1-10 арасындағы сандардың көбейтіндісін табу
5. Кез келген санға дейінгі сандардың қосындысын табу
6. Кез келген санның факториалын табу
7. Белгілі бір санға дейінгі санға дейінгі тақ сандарды/жұп сандарды шығару
8. Вобшым, циклдармен түрлі қитұрқылар жасай беріңіз,
P.S: Кейін толықтырып қалармын, әзірге осы.

8 пікір

zhurttyn_balasy
avtor shashama, zhaza tus. Do While konstrukciasynyn kodynda while den kein turgan zhesir } yngaisyzdyk tugysbai ma eken?
ereke_enu
Бұл жазбаның қай уақытта жазылғанын білсең))) жесірдің көзін құртайын қаз)
Kan
Қызықты элемент екен! Сірә ғылмның қай кезде шыққаны маңызды емес қалай қолданылуында шығар!
zhurttyn_balasy
үй жұмысы:
2. Циклдарды қолдана отырып, 0 ден 9 арасындағы сандарды ретімен шығару, немесе цикл сайын i-ң мәнін нәтижеге шығарыңыз.
for(int i=0; i<10;i++){
            System.out.println(i);
        }


3. 1 ден 10 ға дейінгі сандардың қосындысын табу
int q = 0;
        for(int i=1; i<=10;i++){
            q = q + i;
        }
        System.out.println(q);


4. 1-10 арасындағы сандардың көбейтіндісін табу
int q = 1;
        for(int i=1; i<=10;i++){
            q = q * i;
        }
        System.out.println(q);


5. Кез келген санға дейінгі сандардың қосындысын табу
System.out.print("Бір сан енгізіңіз: ");
        Scanner sc = new Scanner(System.in);
        int q = sc.nextInt();
        int w = 0;
        while(q!=0)
        {
            w = w + q;
            q--;
        }
        System.out.println(w);


6. Кез келген санның факториалын табу
System.out.print("Бір сан енгізіңіз: ");
        Scanner sc = new Scanner(System.in);
        int q = sc.nextInt();
        int w = 1;
        int e = 1;
        while(q>=w)
        {
            e = e * w;
            w++;
        }
        System.out.println(q+"! = "+e);


Қалғанын басқалары шығарсын. осы жәрәйтын шығар. Рахмет. Бекітіп алдым
Janibek
Берілген кез келген екі санның Ең үлкен ортақ бөлгішін табу
<code>import javax.swing.JOptionPane;
public class EUOB{ 
	public static void main(String[]args){
		String firstnumber,secondnumber;
		int first,second;
	firstnumber=JOptionPane.showInputDialog("Алғашқы санды енгізіңіз");
	secondnumber=JOptionPane.showInputDialog("Екіші санды енгізіңіз");
	first=Integer.parseInt(firstnumber);
	second=Integer.parseInt(secondnumber);
	JOptionPane.showMessageDialog(null,"Ең үлкен ортақ бөлгіші= "+EUOB(first,second),"Jauaby",JOptionPane.INFORMATION_MESSAGE);
	}
	public static int EUOB(int x,int y){
		while(x!=y){
			if(x>y)x=x-y;
			else
				y=y-x;
		}
		return x;
	}
}</code>
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
))) автор бір аунап түсті
Janibek
құлап қалмасаң болғаны:))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.