Ең алғашқы бағдарлама

Programming Solutions /
Сонымен, netbeans-ты іске қосамыз.

Өз бетіңізше құралмен танысып қараңыз. Жоғарыда ұзын көлденең меню көріп тұрсыз. Файл, Правка, Вид… Айтпақшы, меню таныс секілді ия? Word, Paint біз жұмыс істеп көрген көптеген құралдарда көбінде осылармен аттас меню пункттері бар. Және атқаратын қызметі де барлығында бірдей дерлік. Сондықтан, көп ойланбай жаңа проект құруға көшейік. Ол үшін, әрине: Файл=>Создать проект… Одан әрі «Java», оның ішінде «приложение Java»-ны таңдаймыз. «Далее»…
Қосымшаның атауын myFirstApplication деп атадым.

Есте сақтауға тұрарлық кеңес:
Айнымалы, функция, проект, жалпы не нәрсеге ат бергенде мағынасына сай етіп атауды әдетке айналдырыңыз.
«Готово»-ны басқаннан кейін, көптен күткен жұмыс алаңы да ашылды.


Суретте түсініктірек болу үшін, сандарға бөліп қойдым. Жоғарыда сол баяғы көлденең меню, төменірек иконкалар орналасқан.
1 — бұл жерде проектымыздың құрылымы көрініп тұратын секілді.
2. — мұнда проекттегі қолданылған функциялардың құрылымы секілді. Әзірге бұл екеуін тереңірек үңіліп қажет емес, бізге маңыздысы 2,3 және белгіленген жасыл үшбұрыш.
2 — мұнда бір текст жазылып тұр. Оны кейін талқылайтын боламыз. Бұл жер біздің жұмыс алаңымыз, код жазатын жер.
3 — жұмысымыздың нәтижесін көретін алаң.
Жасыл үшбұрыш — кодты орындалуға жіберетін батырма. Жазылған код өздігінен орындалып кетпейді. Жасыл үшбұрыш және оның қасындағы жасылдар проекттың орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Тап қазір проектті орындалуға жіберіңіз. Төменде нәтиже көретін жерде(Выводта): «Сборка успешно завершена» деген жазу пайда болуы керек. Демек, проект орындалды, бірақ ешқандай нәтиже көрсетпеді. Нәтиженің болу болмауы — орындалып жатқан кодқа байланысты. Сондықтан, кодты да талқылайтын уақыт келген секілді. Кодты төмендегідей түрге келтіріп, кейбір жолдарын өшіріп тастап, мына түрге әкеліңіз:
package myfirstapplication;
public class MyFirstApplication {
    public static void main(String[] args) {
        System.out.print("Hello world!!!");
    }
}
Орындалуға жіберіңіз, нәтижесінде:

Егер барлығы мен айтқандай орындалса, сізді ең алғашқы java тіліндегі программаңызбен құттықтаймын. Келесі сабақта, сәл толығырақ қарастырамыз.
Үйге тапсырма:
1. Hello world-тан да өзге сөздерді, мысалға өз аты-жөніңізді нәтижеге шығарып көріңіз.
2. Кодты орындаудың басқа да тәсілдерін табыңыз.

13 пікір

zhurttyn_balasy
Жақсы жазылыпты, бірақ ВТФ
package myfirstapplication;
public class MyFirstApplication {
    public static void main(String[] args) {
        System.out.print("Hello world!!!");
    }
}
ООПнсссс public static void main(String[] args) мынау ненің құрметіне?
System.out.print(«Hello world!!!»); мынау сонда принт қызметін атқарып тұр ма? тым мудренный хитрожопский екен, тағы да ООПнсссс

Жалғасын асыға күтудемін. Рахмет
ereke_enu
System.Out.println(«Hello world!!!») — Нәтижеде «Hello world!!!» сөзін шығарып тұр. Жалпы, public static void main(string[] args){ пен } арасы «программаның денесі» деп аталады. Барлық кодымыз (әзірше)тек осы аралықта болады.
zhurttyn_balasy
Ағай ағай үй жұмысын орындадым. (:
package meninbirinshijavabagdarlamam;
public class MeninBirinshiJavaBagdarlamam {
public static void main(String[] args) {
System.out.print(«Сәлем әлем, бұл менің алғашқы джава бағдарламам. Күшті екен, прәм көз алдыма елестетіп жатырмын, бір жылдан кейін андройд приложениелерін жазып, андройд маркетте сатып байып кеткенімді, фак еэах.»);
}
}
zhurttyn_balasy
кодтты F6 ны басқанда орындалады (:
Выполнить -> Запустить главный проект десе де орындалады (: күнделігім үйде қалып қойған жоқ, алп келейін ба? (:
ereke_enu
молодец! 5 саған)
serjan
Еңбегің жансын Ереке, менде сендерге ілесуге бел байладым, бырақ бір білейін дегенім ағылшын тілін білмеймін, онлайн аудармашыларға арқа сүйесем ілесе аламын ба?
StrangeR
Жазбаңыз ұнады. «public class MyFirstApplication» мен пабликсіз жазудың айырмашылығы қандай? «private class MyFirstApplication» деп жазса да бола ма?
ereke_enu
Класстарды өтіп бастағанда бұларға тоқталып өтетін боламыз. Әзірше, тек менің білімімді тексерейін демесең, қоя бергін.
StrangeR
тек менің білімімді тексерейін демесең

Қайдан шығардыңыз? Мектеп кезінде информатик апай с++тын основасын үйретпекші боп 1 апта сабақ берген, бірақ жалғастырмады. Содан есте қалған сөздер болғасын айырмасын білейін дегенім болмаса сізді тектеріп не керек. Түскен мамандығыма қатысты керек боп қалар деген оймен осындай жазбаларды оқып жүрмін.
ereke_enu
О о болашақ программист екенсің. Красавчег) Не ғо, public, private, protected дегендер класстың, оның ішіндегі поле, свойство, методтардың қол жетімділігін(доступность) көрсетеді. public — барлығына көрінеді, private — сол класстың ішінде ғана көрінеді, protected — сол класстың ұрпақтарына да көрінеді.
qyrmyzy
Мейірімді ағай, үй тапсырмасын орындағам жоқ:( Екі қоймаңызшы, мамам ұрсады. қақпайм, өкінішті, қақпаймын:((((((((((((((
ereke_enu
өкінішті емес ешқандай. Есесіне сен күшті ғып тамақ пісіре аласың)))
ereke_enu
Үй жұмысын орындамағаның үшін 2 саған, күні бойы бұрышта тұрасың. Ертең сабаққа ата-анаңмен кел. Және жыл сайын ремонтқа төлейтін ақшаны 3 есе артық төлейсің. Әйтпесе, мектептен шығартам. Шашың да өсіп кетіпті, ертең қысқартып келмесең, тықырлап жіберем. Мейірімдімін ия)))
qyrmyzy
сіз маған ұрсватырсыз ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.