Айтаберлік ініммен кездесуім.

Түс қайта дем алу мақсатымен жатыр едім қалта телефоным әндетіп қоя берді. Шынымды айтсам осыны өшіре салмаған екенмін да деп ренішпен,әрі самарқау алдым телефонды. Түймесін басып, «әлләу» деп құлаққа тоссам, ар жағынан «Жако аға, қалайсыз?»-деген жігіт дауысы шықты. Ұйқы шайдай ашылды, себебі мені «Жако аға»-деп атайтындар СЖ мен Айтаберліктер ғой. Миымды бұл кім болды екен деген ой зыр етіп аралап шықты. Сол кезде

— Аға танымадыңыз ба?-деген сұрақ та қойылып үлгерді.

— Айып етпе, танымай жатырмын-дедім

— Аға мен Есболатпын ғой, Айтаберлік- деген кезде барып,

— Оо Еске, қалайсың,қайдан-дедім. Ар жақтан:

— Аға Шу қаласына ағайындарға қыдырып келіп едім, егер Таразда болсаңыз өзіңізді көріп, сізге сәлем бере кетейін деп едім – дейді Ескем. Сол кездегі көңіл күйімдегі ризалық сезімді қалай айтып жеткізер екенмін. Сонша жерден бұрын көрмеген, білмеген, тек «Айтабер» сайты арқылы араласып жүрген інім сәлем беремін деп келіп тұрса бұл жағдайым түсінікті де болар. Алты жасар бала алыстан келсе алпыс жасар қария орнынан тұрып сәлем беретін халықтың ұрпағы емеспіз бе орнымнан атып тұрып:

— Қандай тамаша болды, қаладамын, күтіп аламын міндетті түрде- дедім дағы, қалай кездесу жағын әңгімелеп кеттік. Сонымен не керек арада бір-екі күн өткеннен соң, Ескең звандап:

— Жако аға, мен Таразда автобекетте тұрмын- дейді, мен:

— Еске сол жерде тұр,қазір жетемін-дедім де сұржекейіме міне салып автобекетке тарттым, жолай мида қалай жолығар екенбіз деген ой да жоқ емес. Келіскен жерге келіп телефон шалып едім:

— Аға, мен сізді көріп тұрмын-деген Ескеңнің дауысын естіп сол жағыма бұрылсам ол қол бұлғап тұр екен.Шынымды айтсам әлгі әзірдегі қобалжулардың бәрі далада қалды, баяғыдан таныс адамдардай құшақтасып амандастық, тіпті арамыздағы біраз жас айырмашылықта әсер етпегендей. Мүмкін Есболаттың мінезінің ашықтығынан болар. Машинаға міне салысымен:

— Ал Еске, бірінші жоспар құрып алайық – дегеніме Есболат:

— Аға түнгі он екі жарымға билет алып қойдым, Қазір бір жерден намаз оқып алсам жақсы болар еді, одан кейін пойызым келгенше сіздің құзырыңыздамын –деп жымиып қойды.

— Болады, онда қазір қалалық мешітке барып намаз оқып алуға болады- деп қалалық мешітке бет алдық. Мешіттен намаз оқып шыққан соң Ескең:

— Уақыт онша көп емес аға, мүмкіндігі болса маған Тараздың тарихи орындарын аралатсаңыз – деді. Сонымен қысқасы Есболат інімді Тараздың көне орындарын шамам келгенше аралатып, үйден қазақтың бір етін астырып дәм татырып, жанұяммен таныстырып поезға шығарып салдым. Абзал інім маған қаншама тамаша көңіл күйін силап кеткенін білсе ғой, рахаттанып қалдым бір. Ал енді суреттермен бірге пост жазуды Есболаттан күтемін, оған шыдамасаңыздар мына жерден jakup.ucoz.ru/blog/ajtaberlik_inimmen_kezdesuim/2013-08-10-37 біраз сурет көруге болады.

11 пікір

ereke_enu
Жақсы. Ырзамын сіздерге. Есекеңнен пост күтеміз)
yesbolat83
Міндетті түрде болады, бұйырса.
yesbolat83
Бұл кездесу мен үшін өте қуанышты болды. Жако ағай мені автобекеттен өз автокөлігімен күтіп алып, қонақ етіп, көне де әсем Тараз қаласының тарихи маңызы бар Айша бибі, Бабаджы Ханун, Қарахан баба және Тектұрмас әулие мен Мәмбет батырдың кесенелері мен қала ішіндегі қазіргі заманауи үлгімен салына бастаған ғимараттары мен жаңа шағын аудандарымен таныстырды. Тараздың әсемділігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Өз уақытын бөліп, мені қонақ етіп, Тараздың тамаша жерлерімен таныстырған Жако ағаға алғысымды білдіргім келеді. Ол өте аңғал, кішіпейіл жан екен. Гауһар жеңгеміз де өте ибалы, инабатты, Жако ағамызды ерекше құрметтеп, әсіресе мейманды өзінің дәмді тағамдарымен күте білетін абзал жан.
Осы постты пайдалана отырып Жако ағаға мықты денсаулық пен бақыт тілеп, жеңгеміз бен Нұрасыл, Ерасыл және ұл-қыздарының қызықтарына тоймай, шаттықты ғұмыр кешулеріне шын жүректен тілектеспін. Аллаһ разы болсын!
yesbolat83
Айтпақшы, Аса және Талас өзендеріне де барғанбыз.
zhurttyn_balasy
ииии жандарым ай! Жарайсыңдар!
mairosh
Керемет. Осылай кездесіп тұрғанға не жетсің
yesbolat83
Жаңаөзенге келер болсаңдар міндетті түрде хабарласыңдар. Қой сойып қонағасы беріп, қонақ етемін. Телефоным анкетамда жазулы.
MSHERIMBEK
Бәрекелді, тамаша болған екен. Че та сиреп кеттік.
Delfina
Керемет! Есболат женгемізбенде танысып үлгеріпсіңғой))) күшті.
Kan
Шынайы достық. осындан басталады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.