Темекіден, алкогольден, шәйден, кофеден ашығу арқылы арылу
Өркениетті адам химиялық уланудың әтеуір бір түріне шалдығады. Темекі, алкоголь, шәй кофе – әрқайсысының өзіндік қасіреті бар есірткілер. Бәрінің де құрамында қауіпті улардың қоспалары бар. Темекі шегудің зиянын оқымыстылар жан-жақты зерттеген. Темекінің әр қорабына: «Темекі шегу өміріңізге қауіпті» деп жазылатыны сондықтан. Адамға темекі тигізетін зиян әлемде одан әрі зертелуде. Қайталап айтайын: «ДЕНЕ АҢҒЫРТ!» ол бәрін де қабылдай береді. Көміртегі қосындылары мен темекі никотиннің де, алкогольдің де, кофе мен шәйдің шайырында қабылдайды. Мұндай улар мен есірткілерді зарарсыздандыруға ағзаның күші жетпейді. Олардың қауіпі туралы әлденеше рет ескертілсе де, кісі өз ағзасын бүлдіруден өзге ештеңені де қаламайтын тәрізді. Аталған қоздырғыштардың бәрі де алғашқыда күш қосатындай көрінгенмен, кейінен орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Ашығу – адамды зиянды дағдылардан құтқарудың амалы. Ашығу үстінде зиянды әдеттердің әрменірек шегінетінін өзім талай байқадым.
Бірнеше жыл бұрын маған темекінің түбін түсіре шегетін бір әйел келді. Күніне ең кемі 4 қорап темекі тартып, бес сыбаға виски, көп мөлшерде шәй мен кофе ішеді екен. Жүйке жүйесінің тозып біткенін өзі айтты. Қалам ұстаған қолы қалтырап тұрды. Ұйқысы да, тәбеті де қашыпты. Көзі алақ-жұлақ етіп, терісі күлкілдейді. Қиналғаннан өз өзін өлтіргісі де келіпті. Физиотерапияның бір себебі тиер деген үмітпен дәрігер маған жіберіпті.Әйел ажал апанының аузында тұрғандықтан, қандай талапты да орындауға даяр еді.
Алдымен ашықтырдым. Бірақ, оның жақсаы көретін уларына тыйым салғаным жорқ. Бұрынғысында темекі шегіп, аздау мөлшерде алкаголь мен кофе ішіп жүрді. Ашығудың үшінші күнінде ағзасында көтеріліс басталды. Бұрын құныға қабылдайтын уларынан безіне жиренді. Темекі тартса да, аз мөлшерде алкоголь мен кофе де, қатты лоқсық буындыра түсті. Ашығу он күнге созылды. Ұзақ жылдар бойы уланған ағзаның алғашқы арылу күндері басталды. Ашығуды оныншы күі тоқтатқыздым. Оныншы күнгі азанғы зәрі іріңге айналған қоймалжың жалқаққа толы екен. Бұл у қалдықтары еді.
Әйелді он күн бойы жалқақ құрамайтын азық-түлікпен тамақтандырдым. Содан соң, тағы да он күн ашықты. Екінші рет ашығуының әр күнінде оның зәріндегі у мөлшері көбейе берді. Сөйтіп, бұл әйелді он айға жуық бақыладым.
Оны емдеудің алдында да, емдеуден кейін де суретке түсірдім. Екі суреттегі бір адам екеніне сену қиын. Терісі мен түр әлпеті кереметтей өзгеріп, қолы сұлуланып, қалтырауын тоқтатты. Өмірдің езгісі мен тепкісінен құтылып, бақытқа бөленді. Темекі шегу, алкоголь, шәй мен кофе ішу дағдылары жойылды. Қазіргі Голливудтегі ең айтулы сценаристердің бірі. Табысы екі есе өсіп, жағдайы жақсарды. Салауатты да сымбатты адамға сүйкімділігімен ұнап, тұрмысқа шықты.
Темекіге, алкогольге, шәй мен кофеге құмарлық адамдарды түпсіз тұңғиыққа батыра жаздаған басқа да талай-талай мысал келтіре аламын. Сол кісілердің бәрі де ашығудың құдіретімен аман қалды. Кімде-кім темекіден, алкогольден, шәй мен кофеден арылғысы келсе, оның ең төте жолы – ашығу. Тән тазарса – уды қабылдамайды. Таза да салауатты тән қай кезде де уды кейін тебеді. Ашығу – ағзаны тазартудың ең керемет әдісі. Ашығу үстінде ағза кез-келген улы затқа қарсыласа алады.
Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

21 пікір
Осы әдісті күніне 2 қороп темекі ашатын досыма айту керек екен, тастағысы келеді-ақ, алайда тастаған уақытында ұзаққа бармай ауырып қала береді.
Көркем, сіздің физиотерапиямен айналысатыңызды бұрын сонды білмеппін…
Айтыңызшы, күріштен қалай құтылсам болады?:)))))