Қытай. Үрімшідегі қазақтар

Әлемге саяхат /
Қытайға барып қайтқаныма да біршама уақыт болып қалыпты.
Шипахана мен базар аралап жүріп те біраз оқиғалар мен мұндағы кейбір қызық жағдайлардың куәсі болған едім. Қытайлардікін қоя тұрып әуелі өзіміздің қандастардан бастайын.
1. Шәй. Қытай қазақтары сүтті шәй көөп ішеді екен. Мүмкін кейбіреулеріңізге жаңалық та емес шығар, бірақ мен таң қалдым. Барған бойда Қытай дәмханасына кіріп, олардың тамақтарың жей алмайтындығымды толық түсініп Құдайдан қазақ дәмханасын сұрай бастадым. Ертесіне Үрімшіні аралап жүріп бір дәмханаға кезіктім. Қазақ кісілер екен. Түні бойы қонақ үйде жеуге нәр таба алмай, ішімді ұстап, мың аунап жатқан мен бірден тапсырыс беруге көштім. Бесбармақ пен шәй сұраттым. «Ақ шәй ма, әлде...?» деп сұраған шашы ағарыңқырап 60 асқан ағаға, Ақ шәй әкелуін өтіндім. Бес минөттан соң келді. Алдыма тәрелкеге салынған бесбармақ пен үлкен кесеге құйылған ақ және бетінде майы қалқып жүрген бірдеңе әкелді.
— Аға, мен сорпаға тапсырыс бермеген едім — деймін
Аға таң… Келіп менің түрімен бір, кесеге бір қарайды.
— Әй, інім, бұл шай ғой! Сірә, бұл жерлік емессің-ау дейм — деді.
Сөйтсем, әлгі шәйдің ішіне тек қана сүт пен май ғана емес, тұз, қойдың майы керек болса бұрыш та салынады екен.
— Уот ета шәәәй — деп ойладым ішімнен.

2. Қаражорға. Үрімші қаласында қазақ жастарының көңіл көтеретін орындары өте көп болмаса да, онда баратын адамдардың саны айтарлықтай екен. Солардың бірі «Сания» деген қазақ ресторанын жігіттер мақтаған соң барып қайтқым келді. Оны алыстан іздеп жүрсем, мен көрініп жатқан аурухананың дәл алдында екен. Кіріп жайғастым. Біраз уақыттан соң концерттік бағдарламалары басталды. Дикотека дейін десең оған келмейді. Жай концерт дейін десең, би кеші де бар. Таң қалғаным мынау болды. Би кеші кезінде бірде-бір шет ел өлеңдері болмады. Өзіміздің Жігіттер тобы, Мейрамбектер мен Қайраттардың өлеңдері мұндағы би кештерінің «моторы» екен. Кештің белортасына келгенде басқарушы жігіт:
— Ал енді, қазақтың ұлттық биі "Қаражорға" билейік, құрметті жастар! — деді. Әуен басталғаны сол-ақ екен, залда отырған бүкіл жастар орнынан атып тұра кетіп, ортаға шығып билей бастады. Мынаны жақсы ұқтым: Қытайдағы Қаражорғаға қарағанда, біз көріп жүрген елдегі Қаражорға «ерунда» боп қалады.

3. Біздегі кейбір түсініктер. Мұнда қызбен қыз, жігітпен жігіт (вальс емес) билегенінің еш оғаштығы жоқ. Әйтпесе, жаңағы би кешінде, бастан аяқ қыз балалар бір-бірімен вальс билеп жүрді Бұрын ондайды көрмеген ғой көзіміз.

4. Елдің бөлшегі. Мұнда келіп бірнеше тарихшы кісілермен жолықтым. Шынында да Тарих атаға мүлдем жаңа көзқараспен қарай бастағаным өтірік емес. Біз мұндағы қазақтарды "Қытайдағы қазақтар" деп атаймыз ғой, бірақ олар өздерін Қазақ елінің біртұтас бөлігі ретінде санайтындықтарына мен риза болдым. Біраз қазақтар жолға шыққанда "Қазақстанға" демей, «Елге барып қайтайық», "Іш жаққа барып қайтайық" деп айтады екен.
5. Диалектлер және аудармалар. Қытайда Қазақ ұлты тіл қоғамы бар екен. Және ол жердегі ең маңызды нәрселерден бірі жаңадан келген техникалық немесе тұрмыстық сөздерді қазақшаға аудару. Аударманы қалай жүзеге асыратындықтары жайлы сұрағанымда, олар ең бірінші Қазақстанда аударылатын аудармаға қарайтынын, егер ол сай келмесе, аталас ұлттар яғни, түркі халықтарының сөздігіне, олай да болмаса, Еуропа ұлттарының, одан соң барып Қытай аулармасына қарап нұсқалар жасайтындарын айтты.
Пульт — Меңгергіш
Поезд — Отарба
Велосипед — Темірат
Интернет — Тор
Интернет клуб — Торхана
Общежитие, Гостиница — Жатақ т.б
6. Қыздар. Қыздар керемет Әкемнің "Қатын алсаң, Қытайдағы Керей қыздардан ал" деген сөзінің бекер айтылмағанын түсінгендей болдым.

12 пікір

AKA
Шәйға бұрыш… ық-ық :)) «Естімеген елде көп»
MSHERIMBEK
Мүмкін естіген боларсыз:)))
AKA
Бәрі де мүмкін :)
EREIMEN
ЕЕЕЕЕЕ бұл айтқандарыңыз маған еш таңсық емес себебі менің кіндік қаным сонда тамып, балдырған балалық шағым, сол арғы бетте Өр алтайда өткен!!! енді міне көк байрағы желбіреген атажұрттың азаматымын!!!
KILYZAMAN
Ұйғырлардың әткен шайынан айырмашылығы барма өзі?
Оларда: «асықсаңыз ләмән жеп кетіңіз, асықпасаңыз әткән шәйдан келтірейін» — бар дегенді естіп едім(Қалжың шынын білмеймін)
pana
«Елге барып қайтайық», "Іш жаққа барып қайтайық"
ішің жылып кетеді екен…
m170785
Әткеншәйді естігеніміз бар, тұз салып ішетінді. Мен де барғаным бар Қытайға
дүниенің төрт бұрышында қазақ бар...қытайдағы қазақтар дегеннен гөрі Қытайда қалып кеткен жеріміздегі қандастарымыз деген дұрыс...үш аймақ қазақ жері… Алтай Тарбағатай,Іле… тарихтан алып қарасақта жағырапиялық орналасуына қарасақта бұл мекендер байырғы Түркі бабаларымыздың ат аяғы жеткен, Керей Найман албан суан Үйсынның ата жұрты болған қасиетті мекен еді… тек күлмеңдер, ондағы қандастарымыз кун өткен сайын, ана тілінен, салт дәстүрінен, айырылуға шақ тұр.қытайдың куннен кунге тықпалап кіріп жатқан сан мың есепсіз құжынаған құрттары ,қандастарымыздың өрісін тарылтып, еңсесін басып барады.біз осыны ойланганымыз жөн сяқты ағайын!!!
satirik92
Қытайдан келгенсіз бе?
satirik92
Өзім Алтайдан болам.
beko
Әкеңіздің айтқаны "Қатын алсаң, Қытайдағы Керей қыздардан ал" дегені қызықтырды )) Неге олай дегентоо? (Енді ондай алмасам да, біле жүрейін:))
Соңғы өңделген уақыты:
saryqazaq
2.Біз «Алмалы» деген жерге барып едік. Аузымды аштым. Кіреберісте ұлттық киімдегі қыз-жігіттердің үлкен портреті, Қабырғада ұлттық тағамдардың суреттері, астына бағаларыпмен. Іште төбені жағалай үлкееен ою-өрнекпен безендіріп тастаған. Қазақша ән. «Күміс құмған-айға» биледік. Соңында өмірі билеп көрмеген қара жорғаға терлеп тұрып биледік
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.