Махаббат мәселе ме?
Ассаламуалейкум, айтаберліктер. Қалдарыңыз қалай? Көптен бері қол тимей ештеңе жазбай жүр едім, бүгін міне сәті түсіп тұрған сыңайлы.
Ең жиі талқыланатын тақырыптаой бөлісейін деп шештім. Мықты психолог емеспін, десек те көбіміздің қай жерде қате жіберіп жатқан болуымыз мүмкін екенін айта кетейін.
Біріншіден, болашақ жұбыңызды күн сайын қиялдап, асқақтатып ойлағаннан пайда жоқ. Керісінше, «көп нәрсе күткен сайын көбірек көңілің қала бермек» демекші, идеалды армандау міндетті түрде сан соқтырады. «Ол міндетті түрде ерекше болады: барлық ойымды-көзқарасымды түсінеді, ешқашан ұрыспаймыз, өте сыпайы, кешірімшіл... толық тізімін менен гөрі өздеріңіз жақсырақ білесіздер ғой, тағы сол сияқты ойлар күнделікті оңаша қалған сайын санаңызды(кей жәй тілді ұғудан қалғандар үшін ОЗУ-ды) толтырып жатса төніп-тұрған қауіп-қатердің дабылы. Идеал ешкім жоқ, демек идеалмен ғана жұп құрғысы келетіндер жалғыздықты таңдап жатқанын анық ұқсын.
Екіншіден,өзгелердің ниетін зерттемеңіз, болжаммен шешім қабылдамаңыз. Мысалы: қоңырау шалсам тұтқаны дереу көтере қоймайды,… агентте невидимде отыр-ау,… мені былай деп ойлап қалды, өзі болса былай ойлап тұр, ...қашқақтайды, ...ұнатпай қалды деген сияқты нақты дәйекпен негізделмеген күдіктер де қолыңыз жетіп тұрған бақыттан айыра алады.
Сенім арта білу керек. Әрине, таразының екі басын да тең ұстауды ұмытпаған жөн(»золотая середина" дейміз ғой). Кешелері агенттен оқығаным мынау:«сәтсіз махаббаттан соң қыздар „стерва“, ұлдар „бабник“ болып кетеді». Не себепті екен?..
Үшіншіден, (немесе екіншінің қосымшасы), "қыздарды түсінбеймін", "ұлдарды ұқпаймын" деген сөздер қисынсыз келеді. Түсініп не ұтпақсыз? Жұбыңыздың барлық сырын біліп тұру — қарсыласыңыздың барлық карталарын көріп тұрып «дурак» ойнаған сияқты ғой(мэп хак қосып дота ойнасаң да сол), несі қызық?Жайына қалдыру — механикалық тұрғыдан алғанда оп-оңай, нәтижесінде көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алатын іс, күнделікті қолданып жүргендіктен сенімді түрде айтамын.
ҚТҚ/МТҚ: Жалпы махаббат мәселе деп қарастырылған сайын мәселесі көбейе беретін тақырып қой. Мықты бас қатырып жатудың қажеті шамалы. Өзгелермен емес өзіңізбен ғана айналысыңыз — бәрі де жақсы болады, Аллаһ бұйыртса.
Ең жиі талқыланатын тақырыптаой бөлісейін деп шештім.

11 пікір
Крәсәпшік! :)
Авторға Респект!
Ең бастысы — өсекке бой алдырмаңыздар. Жекеде бәрі жақсы болғай!
Макаланы жазганда дал булай орнектемеген ем, ким ондесе де ризамын. Озим де бир окып iii деп калдым)))
Казакша шрифт жок екен мына ноутта — сосын гой орысша ариптермен урып жатканым.