↑ Жоғары шығу
05 желтоқсан 2012

Мен сүйген жүрек

№6 қатысушының посты




— Далаға шықшы, күтіп отырмын, — деді ол. Менде жоқ деп айтуға дәрмен жоқ, ылғи:
— Жақсы, қазір шығамын, күтіңіз, — деймін…

Ия, талай рет осылай болған, ол маған келетінін де ескертпейтін. Үсті-басыма айнадан бір қарап, шашымды тез-тез өріп, асығып киініп, әдеттегі кездесетін жерімізге ешкімнің көзіне тусіп қалмайын деп, жүрегім аузыма тығылып баратын едім. Көзіңіз күліп сіз тұрасыз. Амандық сұрасқан соң, әдеттегі рөліңізге кіріп алып, үндемей отырасыз, өзіңіз шақырып алып, осылай үндемей отыра беру әдеттіңізге айналып кеткен. Менің ашықтығымнан болған жағдайларды, қызық оқиғалардың бәрін ақтарып айтып беретін едім, бар ойым сіздің көңіліңіздегі кірбіңді сейілту. Сіз үндемейсіз, сол үнсіздікті түсінуді де үйретіп қойдыңыз.

Сіз маған бойжеткен қыз ретінде қарамайтын едіңіз. Қарындасыңыз секілді таусылмайтын талап-шарттарды орындататын едіңіз. «Неге мен оларды орындауым керек? Ол менің жай досым», — деп оз-озімді қайрап "істеме!" деген заттарыңызды істеп, «барма!» деген жеріңізге барып, кейін сіздің айтқандарыңыздың бәрі жөн екеніне көз жеткізіп, барғаныма өкініп қайтатын едім. Тусінбейтінім, неге мен? Мүмкін, алғашқы махаббатыңызда жолыңыз болмаған соң, сол қыздың бейнесін меннен жасағыңыз келді ме? Маған үнемі сол қызға ұқсайтынымды, жымыйғаным, өз-өзімді ұстауым сол қызға ұқсайтынын айтатын едіңіз. Оны ұмытқыңыз келсе, меннен неге оның бейнесін іздедініз? Сіз осы әрекеттеріңізбен менің жүрегімді жаралайтыныңызды білмейсіз де. Менің ол сияқты арық емес екенімді, ол сияқты киінбейтінімді бетіме басып айтқаныңызда, менін өзімді бағалауым төмендеп, көңілім су сепкендай басылды. «Мен неге шыдадым екен создеріне?», — деп қазір өзімді сөгіп аламын. Арамызда махаббатқа ұласатындай сезім болмаса да, үміт шіркін өлмейді екен. Мен сізді үнемі іздеймін де тұрамын, таңның атысы мен күн батысына дейін бір ойымнан шықпайсыз. Қазір арамыз суып кетті, оған себеп арамыздағы қашықтық. Қашықтық біздің түсініксіз достық жібімізді үзді.

Оқуға кетер алдындағы кездесуімізде уақыт өте келе үлкен қалада мені ұмытып кететінінізді айтқанымда, маған жеңістік бермедіңіз. «Саған үнемі соғып тұрамын, мен жоқ деп арқаңды кеңге салма, менің барлық жерде көзім бар», — деп мені қоркытып қойдыңыз. Барлығы өзім жорамалдағандай болды, ол үнсіз, сол үнсіздік қабырғасын жарып өтіп, сіз оқитын қалаға тартып тұрғым келеді. Бірақ, ондай мүмкіндік менде жоқ. Уақыт кімді күткен, сөйтіп бірнеше айда өте шықты, содан бері сізден хабар алмадым.

Сіз үлкен қалада, жаңа ортада, жаңа таныстармен өмір сүріп жатырсыз. Ал мен әрбір тасы естелікке толы кішкентай қаладамын. Сіздің қыстық демалысқа келер уақытынызда жақындап қалды, анығын айтсам бір жеті қалды. Бірақ енді сізбен көріспеуге өзіме уәде бердім. Мен енді намысым тапталып, өзім оны іздегім келмейді. Мейлі, менің махаббатым осылай ол білмей ішімде тұншықса да, мен енді оның маған үміт сыйлауына жол бермеймін. Қазірдің өзінде кездесетін орындарымызды айналып өтемін, естеліктер, өлеңдер, суреттер сізбен байланысты нәрсенің бәрін өшірдім. Сіздің есіміңізді айналамдағылар атаса, бірден елең ете тусемін. Жүрек, шіркін, кімге бағынған! Сағыныштан құса болған кездерімде жасырын нөмермен сізге соғып, дауысыңызды естіп аламын. Бүгінгі таңда жер басып, үлкен қалада аман-сау жургеніңізге шукіршілік етіп, Алладан амандығыңызды сұраймын. Менің қолым өзіме бағынбай, кейде интернетте сіздің мой мир, Вк, фбда тіркелген аккаунттарыңыздың барлығын ақтарып шығамын. Сіздің өміріңіздегі өзгерістерді тек сол арқылы біліп отырамын. Соңғы үміт отын да өзім өшірдім. Сізге сырттай ғашық болып, тілеулесіңіз болып жүруге қанағат еттім. Мейлі, сіз мені қушақтап, суймедіңіз. Мейлі, сіз мені еркелетіп, жұбатпадыңыз. Мен бәрібір сізді сол қалпыңызда сүйемін менің ақымағым.

?

Пікірлер:10

Жақсы жазылған, маған ұнады. Қасыңда жүрген жанды қаншалықты ұнататыныңды ол ұзааап кеткеннен кейін ғана сезінесің екен.
  • Korkem
  • 05 желтоқсан 2012, 00:40
  • +1
Иә, ол рас…
  • didi0393
  • 05 желтоқсан 2012, 01:07
  • +1
birak oiyndy jinauga,nakty sheshimge keluge de arakashyktyktyn ,alshaktyktyn komegi tiip kaladygoi
  • Korkem
  • 05 желтоқсан 2012, 01:29
  • 0
Диди, осы сіз ылғи ойландыратын пікір жазасыз. Неге байқауға қатыспасқа?
  • didi0393
  • 05 желтоқсан 2012, 02:01
  • 0
oi rahmeeeet) buiyrsa jazyp kaalarmyn)
  • qyrmyzy
  • 05 желтоқсан 2012, 23:06
  • 0
кейде керісінше әсер етуі мүмкін
  • qyrmyzy
  • 05 желтоқсан 2012, 22:27
  • 0
avatar
  • Kan
  • 05 желтоқсан 2012, 11:30
  • 0
Керемет ұнады.
  • qyrmyzy
  • 05 желтоқсан 2012, 22:55
  • 0
Бұрынғы сүйгеніне сені ұқсату, сол ұшін сенімен араласуы — қорлық сияқты ма бірдеңе, шынымен. Менің де басымнан өтті. Сол қызға ұқсағаным үшін үйленбекші де болды.
Айтарым, көп қинама өзіңді, пост авторы! Ештеңеден қашпа. Қарсы жүр. Оны еске салатын барлық нәрсеге жымия қара. Айналып өтудің қажеті жоқ. Бәрі өзіңе байланысты. Өз-өзіңді қамшыла. Кездесуге шаұырса, кездес. Бір шешімге келесің. Бірақ өзіңнің қадіріңді түсірме. Қашан кездескісі келсе, кездесе беретін, қашан көргісі келсе, көре беретін, хабарласқысы келсе, хабарласатын, хабарласқысы келмесе, жүре беретін қуыршақ емессің.Немесе келіп, кете беретін театр емессің. Сондықтан ұмытқаның дұрыс! Бәрі алда.
avatar
  • Zhanat
  • 06 желтоқсан 2012, 17:10
  • 0
күштіііі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.