Дәл қәзіргідей уақытта Астана күні тойлануы орынды ма?

Елді мекендер /
Еліміздің бір аймақтары түгел құлаған ғарыш кемесінің кесірінен уланып, келешек қалай боларын білмей, дел-сал күйде отырғанда, екінші бір аймағында түк болмағандай той тойланып жатқаны қалай болар екен? Әлде сол тойда секектеп би билеп, көмей жыртып ән айтып жүрген жұлдыздарымызға бәрі-бір ма? Тым болмаса солардың ішіндегі Қызылордалық жұлдыздар той тойлаудан бас тартса болмас па еді? Болмаса оларда ел, жер мүңы деген түсініктер жоқ па? Акедемик аталарымыз Астана қаласының атын Нұрсұлтан деп атайық дегеннен көрі, бұл күнді қайғылы күн деп жариялайық, сол арқылы орыстарға протест жариялайық деуге ақылдары жетпегені ма? Сонда олардың акедемиктігінен халыққа не пайда? Осы уақытқа дейін Елбасшымыз неге халыққа дұрыстап түсінік бермей отыр, әлде туған күн тойлаудан қолы тимей жатыр ма? Көрші қырғыздар кәдігімгі ұшақ майынан жеріміз уланды деп ауызы алты қарыс америкалықтарды қуып отырғанда, біз қазақтар орыстарға бір ауыз сөз айта алшмағанымызға қорланбаймыз ба? Кенесары бабамның түсі анық келіп кешегі жолбарыс қазақ ұпақтары бүгін құрт-құмырысқа, бақа-шаянға айналғанымыз ба? Сұрақтар жанымды жегідей жеуде ағайын, не істейміз? Бұл сұрақтардың жауабын кім береді?

11 пікір

yesbolat83
Дәл қәзіргідей уақытта Астана күні тойлануы орынды ма?
Жако аға, бұл үйренішті әдет емес пе, Қазақстан үшін. Сондай-ақ, үйренетін уақытыңыз да болды емес пе.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін бір жылдан соң 1-ші желтоқсан елбасы күні боп танылып, осы қаланың орталығында дүркіретіп тұрып той болды. Осы уақытта жергілікті тұрғындардың ғұрпы бойынша Жаңаөзен оқиғасының құрбандарының жыл садақасын 1-2 апта бұрын беріп жатқан отбасылар да болды. Марқұмға тиесілі садақа болғандықтан ол жерде жоқтаулар айтылып, еске алу шаралары өтетіні сөзсіз. Осы мәселелерді биліктегілер түгілі қалалық әкімияттар да ескермеген болатын.
Jako
Бұны әдет демей, басыну, халықты қорлау десе дұрыс болар.
mairosh
Қайғылы күнен құдай сақтасын. Адам қазасы болған жоқ. Мынауын енді тым артық кеттіңіз. Ал ракета зардабы енді басталатын сияқты. Әрине құдай сақтасын.
Kydyrbai
Қазақстан аумағына құлап, экологияны бүлдірді! Ол үлкен қасірет! Болашақ өмірге келетін сәбилер кемтар болып қалу қаупі бар!
pari
Майроштың пікірімен толықтай келісемін. Егер ракета ауылдың үстіне немесе қаланың үстіне түсіп, адамдар шығыны болып, бірдеңелер жарылып шығын болып жатса, рас, қаралы күн болар еді. Ал адам шығын болған жоқ. Сондықтан мейрамды бұл оқиғаға бола тоқтатудың немесе қаралы күн деп жариялаудың еш керегі жоқ.!
Jako
Әй балам-ай, шикісің-ау, ертең екі басты, немесе аяғы басының орнына, басы аяғының орнына шыққан балалар туып жатса қайғы емес қасірет болатынын сендер қайдан ұғасыңдар. Құдай сендерді балаларыңды, болмаса туғандарыңды ондайдан сақтасын. Ал бұндай жағдайлдар гептил бұдан 100 мыңдаған есе аз төгілген мекендерде кездесіп отырғанын есепке алсақ онда қарлы күн демей, ракета құлап тойланған күн деп айта алмаспыз.
korwinin_kyzy
Маған десен қандай жағдай болмасын Жаны жок заттын туған кунин тойлау деген улкен Өрескел кателик, Дажы адамда бир рет туып бир рет өлет Солай меспе дүйім жұрт?

Бұл туған деген сонау батыстан яғни каферлерден келген Тойлағанды күшті көретин үнеми би арақ ишип селкилдегенди жаксы коретиндерге арналган ашейн бир сылтау ше.

Ал сол биз мексиканский сериалдардын отарлау саясатынан шыга алмай журки әлі әрине өкиништи жағдай,
Мұсылманда мындай болмаған
Жалгасы бар…
Auyldan
Қазіргі билік тұрғанда әлі талай көреміз былықтырды. Қаралы күн жариялау дегенді білмейді жоғарыдағылар, Фейсбукте осы ракета құлағанға қарсы қолданушылар бір шара бастап еді, бүгін ФБ ашыламай тұр екен. Негізі, Байқоңырды жалға беруді тоқтату керек. Жазба өте жақсы жазылған, жалғыз Жаконың жанайқайы емес, бар қазақтыкі деуге болады. Жазбадағы түс Кене Ханның түсі емес, Абылай Ханның түсі болатын.
Jako
Иә, ондай да версия бар, бірақ мен І.Есенберлиннің "Қаһар" романындағы баласы Сыдық төрені қанжар ұшына құлатып сынайтын жерінде, поляк елінен жер ауып келіп Кенесары жасағында кеңесші болып жүрген Иоссиф Гербуртқа айтып жорывтқан түсін айтып отырмын. Ал бұл түсті менің әкем де, менде көргенмін.
korwinin_kyzy
Қазіргі билік тұрғанда әлі талай көреміз былықтырды.
Әйтеур бір сың айтуға келгенде алдымызға жан салмаймыз сол баяғы биликті жамандау, көрермін өзінді билік басына отырғызып қойсақ қалай болатынын!!! Қысқасы Саясатқа араласпайық бәрі бір штене тусинбейсиндер
бул Байқоңыр бурынан қулап келе жатыр емеспе, үйреніп қалған ондай жағдайға жоғардағылар, бурынғысында үндемеген бул жолыда солай болып қалай береді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.