↑ Жоғары шығу
25 қыркүйек 2012

Көп нәрсе ұқтырған жарты сағат

Үйімде едім.Әдеттегінше түс мезгілінде ұйықтап жатқам.Күн ыстық.Үй алдына көлік тоқтаған дауыстан оянып кеттім, шығып қарасам көршім әрі сыныптасым Санжар екен.Екі езуі екі құлағында, мәз.Әкесінің көлігін үйден ұрлап шыққанын мақтаныш көретін сыңайлы.-Жүр қыдырып қайтайық,қасымда серік болып отсаң болды,-деді.Аяғым тартпай тұрғаны бір бөлек нәрсе оның үстіне ұйқымды да аша алмай отырмын.Сағатқа қарасам үш жарым болыпты.Амалсыз досымның сөзін жерге тастағым келмеген соң көлікке отырдым.Рөлге отырғаннан бастап жын ұрған адамдай көлікті құйғыта жөнелді.Көлікке отырғаныма өкіндім.Жайырақ жүр деген созіме құлақ аспады.Ауылдан едәуір алыстап кеткен кезіміз, ал Санжар болса музыканы мейлінше қатты қойды,қауіпсіздік белдігі есінен де шығып кеткен.Спидометр тілі жүз отызға тиер тимес.Неге асыққанына таңмын.Жетер жеріне жарты сағат кейін барсада жарты сағатқа бола бүкіл өмірін қауіпке тігу ақылға сыйымсыз.Осылай ой құшағында отқанымда Санжар зымырап келе жатықан еді.Бала емес пе, көлік жүргізуге әлі аяқ-қолдары жаттықпаса керек, алдымыздағы көліктен басып озам деп жолдың шетіне шыға бергені сол еді жол шетіндегі шұңқырлардан рөл икемге келмей Санжар сасқалақтап жол шетіде тоқтап тұрған жүк көлігінің астына кірді де кетті.Тарс еткен дауыс, мен бұғып қалдым.Бір сәт жаңағы ұйқымнан әлі оянбағандай сезіндім.Не өлі не тірі екенімді де сезе алмадым.Көзімді ашсам жол шетінде жатыр екем, адам коп, су сеуіп оятыпты.Көліктің сау тамтығы жоқ, Санжарды іздедім дереу.Отыр екен, аман.Ішімнен күбірлеп Аллаға санзыз шүкір дедім.Қалай аман қалғанымызға екеуміз де жиналған жұртта аң-таң.Көлік мүлдем жарамсыз күйге түскен.Бұл оқиға мені ұйықтап жатқан жерімнен оятқандай болды."Қазаққа ислам, имам керек, кісі өлгенде немесе түс көргенде" деген сөз есіме келді.Бетіндегі әйнегі сызат-сызат болған сағатыма қарасам, төрт болыпты.Санжар досыма қарасам егіліп жылап отыр,әкем ұрсады деп.Үндемедім.Мен әлдебір жаққа асыққандай болдым.Өзімді өте жеңіл сезіндім сол сәтте.Ия үйге асығыппын.Намаз оқуға.Маған әрі қарай да құлшылық ету үшін өмір берген Рахман Аллаға сәжде етуге.Ұлы Раббымның әмірін орындауға асықтым.Мен осы жарты сағатта Алла Тағаланың құдіреттілігін анық ұқтым.Ия маған жарты сағат жеткілікті болды.Құдді бір дәл қазір өліп қалатындай алда келер көптеген жарты сағатым тағыда болса екен деп ойладым.Маған уақыт пен өмірдің қадірін ұқтырған сол жарты сағат.
?

Пікірлер:24

  • Karlen
  • 25 қыркүйек 2012, 18:13
  • 0
Ия. Құдай сақтаған екен.
avatar
  • Jako
  • 25 қыркүйек 2012, 18:45
  • 0
Досыңды сондай жағдайда тастап кете бардың ба? Досым, сыныптасым дейсің дағы оны соншама кіналайсың табалайсың.Әрі сенің миыңа намаз дұғалары сол жол апатында құйыла қалды ма?
  • AL-ASTER
  • 25 қыркүйек 2012, 19:14
  • 0
Соңына дейін досыңның жанында болу керек еді. Өзіңді оның орнына қойып көрші, досың тайып тұрса жақсы емес қой. Басына іс түскен адамды лақтырып кету адамдық емес деп ойлаймын. Қаржылай немесе іспен нақты бір көмек болмаса да, жанында бірге жүру де үлкен көмек. Барлығы да өтеді, кетеді, бірақ болғанды кері қайтаруға болмайды.
  • ruben
  • 25 қыркүйек 2012, 20:16
  • 0
басыңа тимей, түсінбейсін. әсіресе жап-жас кезіңде. андай жылдамдықпен айдап келе жатып қазаға түсу, жарамсыз болған көліктен сап-сау шыққан адамға «неге үйттің, неге бүйтпедің?» дей алу үшін, кем дегенде, сондай жағдайдағы, болмаса ұқсас жағдайда, сәтті тәжрибең болу керек, имхо. ал отырған жеріңнен көлгірсу — некорректный тірлік. егер мына жігіттің намазы мен тәубасына бола алдын-ала пікір қалыптасып үлгерген болса, ноу коммент…
avatar
  • Jako
  • 25 қыркүйек 2012, 22:59
  • +1
Мен көлгірсіп отырған жоқпын, осындай адамдардың бетіне айтып отырмын.Бір пара адамдар болады не айтсада сөз аяғын дінге тіреп өзін әулие қылып қоятын.Басына күн туып, ақыл-есі тұманданып отырған адамды оқиға орнында тастап кету не әулиелік, тіпті ол мүлдем бөтен адам болса да.Ал бастан өту туралы болса неше түрі өткен, бірақ иттіктен құдай сақтасын.
  • Korkem
  • 25 қыркүйек 2012, 21:31
  • 0
әсерлі екен…
  • Zhanat
  • 25 қыркүйек 2012, 22:23
  • 0
апат келемін десе аяқ астынан, өзімнің басымнан өткен. көзді ашып жұмғанша қарсы алдымдағы машинаға соғылдым. Сол күндері маған хабарласып қалымды сұрап тұрған достарыма рахмет, сол күндері белгілі болды кімнің қаншалықты дос екені. Сенің бұл қыылығың еш жігіттікке жатпады, дұрыс жасамдың. Қара басыңның қамын ойлағаның. Оқыған намаздарың қабыл болсын деп тілеймін
avatar
  • Kan
  • 25 қыркүйек 2012, 22:51
  • 0
Иманды адам Аллаһты тек қиналғанда немесе ұялғанда еске алмауы тиіч. Уятты нарсе болмас бұрын басына қиындық келмес бұрын Аллаға дұға еткен дұрыс. Талай киындыққа тап болдық бірақ дұға деп намаз деп досты тастамадым. Алла сақтасын! апаттың беті әрі болсын. Иманың оянғанына қуаныштымын
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 23:19
  • 0
Жастар деген сол ғой… інім рөлде отырса, тыпыршып «жәй, жәй» деп, жолға қарап отырамын. Әкем отырса, керемет. Ұйқтайм. Көңіл тыныш…
  • zhomart
  • 25 қыркүйек 2012, 23:38
  • 0
Бул окига али есимде. Алла сактады деген осы гой. Копшилигиниз дурыс тусинбеген сияктысыздар. Бул жигит менин туган иним. Ол кезде бул жигит досынын касында болган туыстары келгенше, тастап кетпеген! Туыстары келип досын ягни машине иесин алып кеткенге дейн жанында болган. Кейн уйне кайтарган буны. Жане де бул жигит намазды онын алдында окып журген. Дал осы окигадан кейн, Аллага сансыз хамд айтып, намазын окуга асыккан. Истин ман жайын билип барып сойлеген болар, ел агалары
avatar
  • Delfina
  • 26 қыркүйек 2012, 00:06
  • 0
Менде жолда асығыс келе жатып көлікке соқтығысқаным бар. бірақ бірден машинадан шығып машинамды уайымдаппын, өзімнің еш жерім ауырмаған сияқты сол кезде))) Бірақ 1 сағаттан кейін аяғыма әсер етіп, біраз уақыт балдақпен жүруіме тура келді ғой((
avatar
  • ereke_enu
  • 26 қыркүйек 2012, 08:40
  • 0
))) Бір қарасам аяғым сынып қалған дисің ғо
  • qyrmyzy
  • 26 қыркүйек 2012, 09:53
  • 0
қайдағы еске түсіп…
avatar
Мен досымды тастап кеткен жоқпын, мән-жайға қынықпай жерден алып, жерге салғандарыңызға жол болсын, Айтаберліктердің бәрі осындай ма әлде, жала жапқан қандай жаман.Сосын менің сөзімде сол сәтте намаз дұғалары миыма құйыла қалды деген сөз жоқ, ақылға салмай сөйлегеніңіз ағаттық болды,(тіпті иттікке де теңепті)жәй бір екі создер оралды дедім, ондай жағдайда ойың әңкі-тәңкі болары бесенеден белгілі.Құдайдың құдіреттілігіне шәк келтірсеңіз онда айтарым жоқ!
avatar
  • Aikona
  • 26 қыркүйек 2012, 09:54
  • 0
ТӘубаға келген жақсы ғой, бірақ жеткізу формасын өзгерткен дұрыс шығар. Сондықтан -
avatar
  • p689606
  • 26 қыркүйек 2012, 11:56
  • 0
Әңғімеден әңгіме туад.

Көлік айдауды жаңадан үйреніп жүрген кез. Қыс. Тайғақ, жол тар. Кешке досыма бардым. Коньки тебетін болып келісіп, мұз алаңына машинамен тартып бара жатырмын. Рульде сенімсіз отырмын. Бірде бір чувак подрез жасап кетпей ме. Сондағы салқынқандылығыма (өзім жүре алмай әлек боп келе жатқан соң басқаға алаңдамай) досым ананы тоқтатып ұрайық дейді.
-Керегі жоқ қайтеміз, бізге пайда әкелмейді ғо қаз ұрысқан
-Жауап беруі керек қой өз қылығы үшін?!

Бағдаршамның жанынан тоқтатып алдық, ол досым ережесіз төбелескіш, мен бетеран күрескіш) Кеуделеніп барып кабинасынан шығарып алып ашуымызды оддуши шығара ұра бастадық, жалғыз өзі анау. Ешкімнің айратын түрі жоқ, көліктер айналып айналып өтіп жатыр. Сосын кетіп қалдық.
За рулем бәрі болад.
avatar
  • Jako
  • 26 қыркүйек 2012, 12:13
  • 0
Кейде ашуға жеңдіретін жағдайлар болады, бірақ енді мынауыңыз шыли артық сияқты, әлде екі спортшыға тегін жаттығу (живой тренировочный мешок) керек болған шығар.36 жыл рульдемін, бірақ бәрін бақылап отырамын, періштемін дей алмаймын, бәрінен де сіздің ауылда тұрмағаныма қуанып отырмын.
avatar
  • p689606
  • 26 қыркүйек 2012, 12:16
  • 0
Біреу басынып кетсе, оған шыдап өз жайымен кете бару оңай емес аға, бірнәрсе жетпей қалған сияқты болады.
avatar
  • Jako
  • 26 қыркүйек 2012, 12:18
  • 0
Түсінемін,өзім де сондаймын))
  • Korkem
  • 26 қыркүйек 2012, 12:43
  • 0
сонда қалай басыну ол?
avatar
  • p689606
  • 26 қыркүйек 2012, 12:49
  • 0
Мен түзу келе жатырмын. Алдыға түсетін адам арттағыға сигнал білдіріп, поворотник қосып кіру керек, ол үшінші полосадан екіге ауысам деп авариялық жағдай жасап тұр. Жүргізуші алдын ала соның барлығын ойластырып, қажет полосаға ертерек орналасуы керек.
  • ruben
  • 26 қыркүйек 2012, 13:16
  • 0
Мә, бырат, сендей понятиесі бар жігіттер Шым жолдарында көбейсе екен. Ну, егер өзің сондай беспредел жасамайтын болсаң, әрине (((:
avatar
  • Jako
  • 26 қыркүйек 2012, 16:28
  • 0
Айналайындар-ау, басқа — басқа, Шымқалада беспределсіз движение мүмкін ба, тек қана жолда емес…
avatar
  • mairosh
  • 26 қыркүйек 2012, 23:11
  • 0
Жазым аяқ астынан деген рас шығар. 30 минуттың ішінде болған оқиға
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.