25 шілде 2012
....Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты Мен өлемін өзімнің биігімде...(Төлеген ақынды жоқтау)
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен...
Әдейі Қырзмызы үшін және басқа да поэзия сүйер қауымға
Қазақтың маңдайына сыймай кеткен ақын Төлеген Айбергенов бар-жоғы 30 жыл өмір сүріп, артында қалған мол мұрасымен өмірден озып кеткен
мол мұра дегенде санында емес сапасында дегенім ғой). Қырмызы айтқандай қойныңа тығып алып оқи бермей, жұртпен бөліссейші деп, шынында да гууглдетіп көріп едім, оның өлеңдері интернетте жоққа жақын екен!!! (бір жағынан сол жыныма тиіп кетті). Аз да болса көптей көріңдей өзіме ұнаған өлеңдерін жаза кетейін (ешқандай комментарий бермеймін, дәтім бармайды). Жәй ғана өздерің оқып қараңыздар:
***
Бір жетсе менің ажалым жетеді
Найзағай оттарынан,
Сатқындар оқтарынан,
Өйткені мен теңіз болып ақтарылам.
Бір жетсе менің ажалым жетеді
Адам қолы жасаған ұяттардан,
Қалыңдығы осынау сияқты орман.
Әйтпесе пысықтыққа пысқырмайды,
Мендегі қуатты арман
Басқасынан ажалым жетпес менің,
Жауыздықпен өйткені шектеспедім
Мен жарақат салмаған семсер едім
Сондықтан жарқылдаймын,
әйтпесе өтпес те едім.
Өле берсін күншілдер күйігінде
Өз ғасырым өзімнің иінімде
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігінде
— *** —
Сен менің өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің!..
Сен онда ойланар ең
Мен болып сезінер ең,
Мен болып оянар ең,
Мен болып көз ілер ең,
Жеткізе алмас ең бұны
Адамның сөзіменен
Ия сен ойланар ең,
Толғанар ең бармақты тістеп тұрып,
Мендегі ыстық жалын
Бойыңа күш боп кіріп,
Тұрар еді сен түгіл тас та аунап.
Көзіңде жатар еді,
Жұлдызды аспан ойнап…
… Сен мендегі махаббаты көрсең,
Тұратын кіршік түспей
Жүрегің қалмас еді,
Бір рет ыршып түспей
***
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің
***
Менің ең жақсы көретін өлеңім, «Қызғалдақ дәурен»:
Қызғалдақ қуып құмардан
Шығатын болдық, құрбым-ау
Далама бүгін нұр жауған,
Нұр жамылған қыр мынау,
Гүл де әсем мұнда, көр міне
Қап-қара мақпал түн де әсем
Толқымай жатқан көлді де
Толқисың көріп мұнда сен
Тауда әсем жалтыр көк айдын
Қауырсын қанат бауда әсем,
Зер шашақ шығы тоғайдың
Шашылғалы тұр «әу» десең…
… Тырналар мынау кеудемнен
Сусылдап ұшқан құс па екен
Жанымды менің тербеуден
Бір тынбай қалай ұшты екен?
Білмедім қанбас сыр ма бұл
Жазылмай қалған жыр ма бір
Қай жерлерде ұшып жүр екен
Ұстатпай кеткен қырғауыл
Дариға, менің алдымнан
Тағы бір өтсе кес-кестеп,
Қырғауыл арман! Жанымнан
Қалар едің-ау өшпес боп
Жолығар болсам қайта мен
Тағы бір мәрте сол шақпен,
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен...
(Әзірше осы, тағы жалғастырып жазармын)
«Бір тойым бар» деген тамаша өлеңі бар еді, Ассабалар той сайын қақсап қадірін түсіріп жіберді
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен...
Әдейі Қырзмызы үшін және басқа да поэзия сүйер қауымға
Қазақтың маңдайына сыймай кеткен ақын Төлеген Айбергенов бар-жоғы 30 жыл өмір сүріп, артында қалған мол мұрасымен өмірден озып кеткен
мол мұра дегенде санында емес сапасында дегенім ғой). Қырмызы айтқандай қойныңа тығып алып оқи бермей, жұртпен бөліссейші деп, шынында да гууглдетіп көріп едім, оның өлеңдері интернетте жоққа жақын екен!!! (бір жағынан сол жыныма тиіп кетті). Аз да болса көптей көріңдей өзіме ұнаған өлеңдерін жаза кетейін (ешқандай комментарий бермеймін, дәтім бармайды). Жәй ғана өздерің оқып қараңыздар:
***
Бір жетсе менің ажалым жетеді
Найзағай оттарынан,
Сатқындар оқтарынан,
Өйткені мен теңіз болып ақтарылам.
Бір жетсе менің ажалым жетеді
Адам қолы жасаған ұяттардан,
Қалыңдығы осынау сияқты орман.
Әйтпесе пысықтыққа пысқырмайды,
Мендегі қуатты арман
Басқасынан ажалым жетпес менің,
Жауыздықпен өйткені шектеспедім
Мен жарақат салмаған семсер едім
Сондықтан жарқылдаймын,
әйтпесе өтпес те едім.
Өле берсін күншілдер күйігінде
Өз ғасырым өзімнің иінімде
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігінде
— *** —
Сен менің өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің!..
Сен онда ойланар ең
Мен болып сезінер ең,
Мен болып оянар ең,
Мен болып көз ілер ең,
Жеткізе алмас ең бұны
Адамның сөзіменен
Ия сен ойланар ең,
Толғанар ең бармақты тістеп тұрып,
Мендегі ыстық жалын
Бойыңа күш боп кіріп,
Тұрар еді сен түгіл тас та аунап.
Көзіңде жатар еді,
Жұлдызды аспан ойнап…
… Сен мендегі махаббаты көрсең,
Тұратын кіршік түспей
Жүрегің қалмас еді,
Бір рет ыршып түспей
***
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің
***
Менің ең жақсы көретін өлеңім, «Қызғалдақ дәурен»:
Қызғалдақ қуып құмардан
Шығатын болдық, құрбым-ау
Далама бүгін нұр жауған,
Нұр жамылған қыр мынау,
Гүл де әсем мұнда, көр міне
Қап-қара мақпал түн де әсем
Толқымай жатқан көлді де
Толқисың көріп мұнда сен
Тауда әсем жалтыр көк айдын
Қауырсын қанат бауда әсем,
Зер шашақ шығы тоғайдың
Шашылғалы тұр «әу» десең…
… Тырналар мынау кеудемнен
Сусылдап ұшқан құс па екен
Жанымды менің тербеуден
Бір тынбай қалай ұшты екен?
Білмедім қанбас сыр ма бұл
Жазылмай қалған жыр ма бір
Қай жерлерде ұшып жүр екен
Ұстатпай кеткен қырғауыл
Дариға, менің алдымнан
Тағы бір өтсе кес-кестеп,
Қырғауыл арман! Жанымнан
Қалар едің-ау өшпес боп
Жолығар болсам қайта мен
Тағы бір мәрте сол шақпен,
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен...
(Әзірше осы, тағы жалғастырып жазармын)
«Бір тойым бар» деген тамаша өлеңі бар еді, Ассабалар той сайын қақсап қадірін түсіріп жіберді
- followme_alik
- 25 шілде 2012, 22:32
- +1
«Өлгеннен кейін көп жоқтап жүрміз біз сені, Өлмеске аяқ басқаның шығар бұл сенің!»
- Korkem
- 25 шілде 2012, 22:39
- +2
Сен менің өзімді көрсең,күүүштііі
Тұрысым осы менің
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің!..
Мына өлеңнің бәрімен таныс едім, тек авторын білмейтінмін
- VVVWWW
- 26 шілде 2012, 02:11
- +1
… Сен мендегі махаббаты көрсең,
Тұратын кіршік түспей
Жүрегің қалмас еді,
Бір рет ыршып түспей
Тұратын кіршік түспей
Жүрегің қалмас еді,
Бір рет ыршып түспей
- VVVWWW
- 26 шілде 2012, 01:13
- 0
Тамадалардың бір жаман әдеті авторын айтуға ұмытып кетеді
Пікір 2021-07-26 01:13:48 күні VVVWWW тарапынан түзетілді
- Ais_97
- 25 шілде 2012, 23:48
- +1
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің
Керемет күшті!!!
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің
Керемет күшті!!!
- ruben
- 26 шілде 2012, 03:05
- +1
қарапайымдылығымен есте қалған ұстаз, қарақалпақта дүниеге келген көп ретте осы үшін шеттелген сықылды талантты ақын нағыз ердің (адам) жасында дүниеден өтіпті мына ит-шошқа өмірден келеке болмай нәсібін алмай. иманы сәләмәтта болсын. өлеңдерін оқығанда жай ғана жүректерің дір етпесін, еріндерің де жыбыр етсін. Алладан Төлеген ақынға «рақым ет» тілеуді ұмытып кетпегін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.
Пікірлер:14