Анашым

Анашым, мен ойлаймын күнде сені,
Сағынышым – бүгінгі бір кеселім.
Қара өлеңде өзіңе теңеу таппай
Показать полностью…
Ойға шомып, тәп-тәтті мұң кешемін.

Сағынамын, өзіңнен кетсем жырақ.
Перзентіне тек жақсылық қалаушы – Ана.
Бәйек боласың «Балапаным» деп шырылдап,
Саусағыма қылдай тікен қадалса да.

Үнемі өзің маған дем беріп,
Қанаттандыратынсың ұшарымда.
Мен әлі де тек өзіңе еркелеп,
Қала бергім келеді ана құшағыңда.

Анашым – өмірдегі барым, бағым!
Сөз таба алмай, тек іштей сағынғаным.
Біздер үшін алаңдап ұзақ түндер,
Уайымның боз бөлмесінен табылмағын.

Естен шығарман өзіңді бір сәтке де,
Жырымменен анашым, жаныңдамын!
Жылы сөзің – табылмас дәруменім,
Содан, ана, жігерлене жалындадым!

Балалығым қалса да шалалық бар.
Ал сенің мейіріміңде даналық бар.
Сарқылмас сабыр менен терең түйсік
Иесі болғым келер саған ұқсар.

Перзенттерің қадіріңді білер енді,
Жыр арнасам, сезімім сезілер ме?
Бала кезде сен жаттатқан сүрелерді,
Әлі күнге айтамын көз ілерде.

Қандай халде екен деп шешем бүгін,
Мазасыз кей шақтардың кешем мұңын.
Бізге алаңдап, тым күйреп, нали берме,
Бізге керегі өзіңнің есендігің.

Тағдырды өзгерту келмес қолдан,
Сан сынағын жалғанның сен көтердің.
Дәл өзіңдей анаға перзент болған,
Мен – керемет бақытты пенде екенмін!
Әкем екеуіңе қайырлы дұға етіп,
Тәңірімді мадақтап мен де өтермін!

Салтанат Мадиярқызы

2 пікір

Ai_fariza
Сендей акынды омирге алып келген биринши Аллага сосын анана рахмет. Жыр гумырын узак болгай. Токтама. Жаза бер жаза бер
erketai96
Рахмет әпке!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.