Пенде болсаң несі бар?

Видеосабақтар /
Әдеттегідей әлеуметтік желіде саяхаттап жүріп, өзіме керекті деген ақпараттармен танысып жатқанымда осы видеоны да көріп өзіме көп ғибрат алдым. Көп сабақ алуға болады…


Таудан биік секілденіп талғамың
Ардан биік секілденіп арманың
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді
Сынағына шыдай алмай Алланың.

Ай мен күнге өктіргің кеп шекеңді,
Көлгірсейсің көрмедім деп шетелді.
Тәубеңе кел! Шетел түгіл зағиптар,
Көре алмайды өзі туған мекенді.

Тәубеңе кел! Пенде болса несі бар?
Сабырсыздар қадірсіз боп тосылар.
Дүниеге қолың жетпей қалғанда,
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал.

Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда,
Қанағат қыл, ашуланба, тасынба.
Көлігім жоқ деп ренжуің бекерлік,
Аяғы жоқ адамдардың қасында.

Әркім айтқан құлақ түріп пікірге
Бой ұрасың бей-берекет күпірге.
Тау мен тасқа соға бермей басыңды,
Аман есен жүргеніңе шүкір де!
(Мейіржан)

7 пікір

yesbolat83
Жүрегім ауырып кетті осы видеоны көріп.
satirik92
Шіркің! Неткен мықты жандар!!! Әйткенменде үш жыл бұрынғым есіме түскені-ай! Тілі бөлек қыздың отбасы бір хикмет екен. Алла разы болсын!!!
Rabbym iem jar bolgai
Kan
денсаулығы балғадай кісілер намаз оқуды қиынсынып түрлі сылтау айтып жатады. мынаы сондай кісілерге көрсету керек.
жалпы Алла уәдесінде түрғыш. ол айтты «кемтарлаға сөзсіз жаннаты сый етемін» деді. Ал жаннатқа тек иманды пенде кіреалады емеспе ендеше бұл кемтар жандады Алла өзі қолдаған сөз жоқ.
Бірақ бұл кісілердің тәні кем болғанымен жаны сау. ал біздің тәніміз сау болғанымызбен жанымыз мүгедек.
Flower
ia, ishki jan duniemizge emes syrtky kelbetimizge kop konil boletinimiz akikat…
ALLAHUAKBAR
Булардын алдында менiн жагдайым аншейiн гой… Аллахка шукiрлер болсын. Аллахым осы кiсiлерге екi дуниенiн бакытын берсiн!
Ai_fariza
Алланын мейрими шексиз гой. Бул дуниеде мумкиндикти шектеген жандарга ол дуниеде жаннаттын бир есигин ашып, сау калыпка тусиремин деген. Сауапты иске асыгайык
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.