Бір атжалманым(хомяк) болған. Өзі сондай дамылсыз еді. Үнемі торынан шыққысы кеп, күні-түні тыным тайпайды жүргені. Үстінен қарап тұрып, аяп кететінмін. Байғұс атжалман-ау, мен көріп тұрмын ғой, мына тордан өлсең де шыға алмайсың. Одан да көнсеңші қатал тағдырға… Жоқ, тоқтамайды. Кейде «Бар, еркіндіктің дәмін сезіп қайт» деп жіберіп қоям. Бөлмеде ойқастап алай да, былай зыр жүгіреді. Қуанышында...