Еркіндік туралы ой
Өз ойым /
Бір атжалманым(хомяк) болған. Өзі сондай дамылсыз еді. Үнемі торынан шыққысы кеп, күні-түні тыным тайпайды жүргені. Үстінен қарап тұрып, аяп кететінмін. Байғұс атжалман-ау, мен көріп тұрмын ғой, мына тордан өлсең де шыға алмайсың. Одан да көнсеңші қатал тағдырға… Жоқ, тоқтамайды. Кейде «Бар, еркіндіктің дәмін сезіп қайт» деп жіберіп қоям. Бөлмеде ойқастап алай да, былай зыр жүгіреді. Қуанышында шек жоқ. Кәдімгідей жанар оты жарқ-жұрқ етіп, әрнені тінтіп бір рахат күй кешеді дейсің… Бірақ, сәлден соң ұстап алып, қайта қамап қоям. Осымен тоқтай қойса жақсы ғой, кірген бойда қайтадан тырмыса бастайды. Темірді тістелемей ме, секіре ме… Мынауыңда, шынымен бір грамм ақыл жоқ шығар деп ойлайсың. Саналы түрде жасап жатыр ма кім білсін, негізі, жасап жатқаны өте дұрыс екен ойлап қарасам. Нәтижесіз болса да, қолынан келгенін барынша жасады. Соның себебінен, оны аяп кеттім. Аямасам сыртқа шығармас едім, ол еркіндіктің тәтті дәмін татпас еді.
Бәлкім, біздің де үстімізден Жаратушымыз дәл осылай бақылап тұратын болар. Біз де бір нәрсеге ұмтылып жатамыз. Егер берілмей, көздеген мақсатымызға ұмтыла берсек, Алланың қалауымен, бір күні дегенімізге жетерміз. Әрқашан аспандарыңыз ашық болсын, ешқашан берілмеңіздер. Жақсылықтан үміт үзбеңіз деген тілекпен осы постты аяқтағым келіп отыр.
P.S: Атжалман ақыры қашып кетті. Жаздың күні еді, ауладағы мысықтың бірі қылғытып жіберген шығар. Үлкен өмірде өзін-өзі қорғауға, қорегін тауып жеуге дайын емес еді ғой. Мүмкін, бір жерде күнелтіп жүрген де шығар. Көшенің епті егеуқұйрықтарымен достаса алса онда да, ол ақ қой.
Өтініш, торда жәндік-жануар ұстамайықшы. Не жазығы бар еді?

10 пікір