Енгізу/Шығару операторлары
Жалғасы.Алдыңғы сабақШығару операторымен өткен сабақтарда танысқанбыз. Оның қызметі біз көрсеткен нәрсені нәтижеге шығару.
System.out.println(«Hello world!») және System.out.print(«Hello world!»)Екеуінің айырмашылығы мынада: println — мәліметті нәтижеге шығарғаннан кейін курсорды жаңа жолға көшіреді, сонда келесі мәлімет жаңа жолдан шығады. Ал, print қанша мәлімет берсең де бір жолға шығарады.
Енгізу операторы
Пернетақтадан енгізген мәліметімізді кодта қолдана алу үшін енгізу операторлары қолданылады. Төменде Scanner класын қолдану арқылы енгізуді тамашалайық.
Мысал. а бүтін санын енгізіп, мәнін нәтижеге шығарамыз:
package esep1;
import java.util.Scanner;
public class Esep1 {
public static void main(String[] args) {
Scanner sc=new Scanner(System.in);
int a=sc.nextInt();//а айнымалысын меншіктеу
System.out.print(a);
}
}
Мұндағы,
import java.util.Scanner; — Scanner класы орналасқан пакетті проектке қосу. Машинамен араңызда өзара түсініспеушілік болмас үшін осылай жасай салғаныңыз абзал.
Scanner sc=new Scanner(System.in); — Scanner класының обьектісін құрып жатырмыз. Класс — ол жай кесектің қалыбы секілді, одан дайын өнім жасамайынша пайдасы шамалы. Мәшиненің қағаздағы схемасымен Астананы аралап келмейсіз ғой? Сол секілді, класс бізге тек обьекттің құрылымын, барлық мүмкіндіктерін көрсетеді. Обьектісін құру арқылы ғана мүмкіндіктеріне қол жеткізе аламыз. Scanner класының обьектісі sc-ны құрдық.
nextIn() — sc обьектісінің тәсілі. Ол пернетақтадан бүтін сан енгізгеніңізді күтіп тұрады. Енгізіп болып, enter-ді басқан соң, енгізгеніңіз сан болмаса, машина қателік шығарады.
Алдыңғы сабақтағы мысалдардағы айнымалылардың мәнін пернетақтадан есептеп қараймыз.
Мысал. Екі санның қосындысын табу
package esep1; import java.util.Scanner; public class Esep1 { public static void main(String[] args) { Scanner sc=new Scanner(System.in); int a=sc.nextInt();//а айнымалысын меншіктеу int b = sc.nextInt();//b айнымалысын меншіктеу int sum = a+b; System.out.println("sum"+sum); } }
Мысал. Үшбұрыштың қабырғалары берілген. Периметр p — ?
Коды:package esep1; import java.util.Scanner; public class Esep1 { public static void main(String[] args) { Scanner sc = new Scanner(System.in); System.out.println("Үшбұрыштың қабырғаларын енгізіңіз:"); System.out.print("a="); int a = sc.nextInt(); System.out.print("b="); int b = sc.nextInt(); System.out.print("c="); int c = sc.nextInt(); int p = a+b+c; System.out.println("Үшбұрыштың периметрі p="+p); } }
Мысал. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені берілген. Ауданы-?
package esep1; import java.util.Scanner; public class Esep1 { public static void main(String[] args) { Scanner sc = new Scanner(System.in); System.out.print("Ені: "); float a = sc.nextFloat(); System.out.print("Ұзындығы: "); float b = sc.nextFloat(); float s = a*b; System.out.println("Ауданы: s="+s); } }
23 пікір
Плюстап жіберіңдершКодыңа қажетсіз жолдар қосылып кеткен екен, төмендегідей ықшамдай салдым.
аздаап түсініңкіремей бастадым, бірақ жалпы көз алдыма елестете аламын. Тым Class-ный екен. .readLine() мынаның орнына .nextInt() мынаны қолдана берсем де бола ма? кешке жақсылап қайталаймын тағы да. рахмет
Осы файлдан логин мен парольдарды қалай оқысам болады? Бір программаға авторизация жасау керек боп тұр.