Шартты және таңдау операторлары

Programming Solutions /
Жалғасы. Алдыңғы сабақ
Шартты оператор
Қандайда бір тұжырымды белгілі бір шартқа тексеру кезінде қолданамыз. Мысалға, біреудің жасын сұрағаннан кейін "інім екенсің" не «ағам екенсің» демейсің бе. Сол кезде оның жасы мен өз жасыңды салыстырып, әңгімең шарттың орындалу/орындалмауына байланысты болады. Міне, осыған ұқсаған шарттарды if else кілтті сөздерінің көмегімен іске асыра аламыз.
Мысал. Екі сан енгізіп, үлкен екенін анықтайық.

package esep1;
import java.util.Scanner;
public class Esep1 {
    public static void main(String[] args)  {
        Scanner sc=new Scanner(System.in);
        System.out.print("a=");//экранға "а=" текстін шығару
        int a=sc.nextInt();//а айнымалысын меншіктеу
        System.out.print("b=");//экранға "b=" текстін шығару
        int b = sc.nextInt();//b айнымалысын меншіктеу
        if(a>b) {System.out.println("a саны үлкен");//a>b болса, a саны үлкен
        }else if(b>a){//b>a болса b саны үлкен
         System.out.println("b саны үлкен");   
        }else{//жоғарыдағы шарттар орыналмаса, олар өзара тең
            System.out.println("сандар өзара тең");}        
    }
}

Шарттардың жиі қолданылатын түрлері: (a>b — үлкен, a>=b — кіші емес, a<b — кіші, a<=b — үлкен емес,a==b — тең, a!=b — тең емес) + болса
Бірнеше шарттың арасына қойылатын белгілер: && — және(аnd), || — немесе(or)
Таңдау операторы
Бір айнымалының мәніне байланысты таңдаулар ұйымдастыруда қолданылады. Мысалға, олимпиадаға қатысушының нешінші орын алғанына байланысты қандай медаль алғанын анықтау кезінде, 1 орынға — алтын, 2 орынға — күміс, тағысын тағысы… Осы мысалды шығарып көрейік:
package esep1;
import java.util.Scanner;
public class Esep1 {
    public static void main(String[] args)  {
        Scanner sc = new Scanner(System.in);
        System.out.print("Нешінші орын алдыңыз:");
        int place = sc.nextInt();
        switch(place)
        {
            case 1: System.out.println("Алтын медаль");break;
            case 3: System.out.println("Қола медаль");break;
            case 2:System.out.println("Күміс медаль");break;
            default: System.out.println("Медаль берілмейді");break;
        };
        }
    }

Үйге тапсырма:
1. Аптаның қай күніне байланысты атауын шығару(case)
2. Салмағы мен бойы арқылы әскерге жарайды, жарамайды анықтау(әскерге жарайтын салмақ=бой-110)(if)
3. Енгізілген сан оң немес теріс екенін анықтау(if)
4. a,b,c коэффициенттері берілген. Квадраттық теңдеудің неше түбірі бар екенін анықтау(case, if)
5. енгізілген температураға байланысты «ыстық», «жылы», «салқын», «суық» сөздерін шығару(if)
6. Тест жасау, жауап берілген соң «Дәл таптыңыз» не "Қателестіңіз" сөздерін шығару.(if, case)
7. 1-10 аралығында сан енгізіп, соның жазбашасын шығару(case)
8. өзіңіз ойлап таба салыңыз)

8 пікір

Kan
Қызық екен мына жазу үшінде ми, ақыл басыма сый деу керек шығар.
ereke_enu
Өзімді генийййй сезініп жатырмын))) не ғой, былай сырт көзге солай көрінеді. «Көз — қорқақ, қол — батыр» демекші, кіріскен адамға түк те емес. Жұрттың баласы әні, қарамайсыз ба?)
zhurttyn_balasy
Программа жазадра әрқашан файл \ создать джава проект деп жаңа класс жариялап отыруым керек па?
ereke_enu
Проектке жаңа .java файл қосып, main функциясының ішіне жазса болады. Бұрынғы java файлдағы main функциясының атын өзгертіп тастау керек. Болмаса, әзірше жаңа проект құра берген дұрыс болар.
zhurttyn_balasy
Алғашқы үш тапсырма тұтас:
package esepter;
import java.util.Scanner;
public class Esepter {
   public static void main(String[] args)  {
        System.out.println("Нешінші күн есебі");
        Scanner sc = new Scanner(System.in);
        System.out.print("Бүгін нешінші күн? ");
        int kun = sc.nextInt();
            switch(kun)
            {
                case 1: System.out.println("дүйсенбі");break;
                case 2:System.out.println("сейсенбі");break;
                case 3:System.out.println("сәрсенбі");break;
                case 4:System.out.println("бейсенбі");break;
                case 5:System.out.println("жұма");break;
                case 6:System.out.println("сенбі");break;
                case 7:System.out.println("жексенбі");break;
                default: System.out.println("Бірінші майдың он жетісі!");break;
            }
        System.out.println("Салмақ пен бой есебі");
        System.out.print("Салмағыңызды енгізіңіз (кг): ");
        int salmak = sc.nextInt();
        System.out.print("Бойыңызды енгізіңіз (см): ");
        int boi = sc.nextInt();
        int natizhe = boi - 110;
        if (salmak <= natizhe) {
            System.out.println("Қалай айтсам екен, ім сіз әскерге баруға жарамдысыз (салмағыңыз)");
        }
        else {
            System.out.println("Сіз әскерге баруға жарамайсыз (салмағыңыз)");
        }
        System.out.println("Оң немесе теріс есебі");
        System.out.print("Сан енгізіңіз: ");
        int san = sc.nextInt();
        if (san >=0) {
            System.out.println("Енгізілген сан ОҢ");
        }
        else {
            System.out.println("Енгізілген сан ТЕРІС");
        }
   }
}

Қалғанын ертең шығарармын.
ereke_enu
мә красавчег, тез алып кетіп жатқаныңа ырзамын. Көпшілік түк түсінбедім дегеніне бетім қайтып жатыр еді))
qwenchi
қайтпа, жалғастыра бер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.