Бара алмадым қасыңа, бара алмадым...

Пайдалы кеңестер /
Армысыздар айтабер сайты қолданушылары!
Бүгін бір ән тыңдадым, тыңдай-тыңдай ғашық болдым.Бұл ән бұрындары орындалған болатын, бірақ бұл орындаушының орындауы жағымды әсер етті.Ол Қайрат Нұртастың Бара алмадым қасыңа атты әні.Бұл ән сөзсіз хит болады.Керемет ән.Сол әнді сіздер де тыңдап бағасын беріңіздер!


Алдымен тыңдаймыз:




Қосылып айтамын десеңіздер сөзі:
Авторын білмедім!

Махаббат бағындағы
Сайраған бұлбұл едің
Сол бақтағы қызыл гүлдерден
Сайлағаным сен едің

Сайрайын бұлбұл болып
Жаным қапа кеуіліңе
Сағынарсың қосығын тыңдап
Қапа болма сүйген жарыңа

Бара алмадым қасыңа бара алмадым
Тоя алмадым жүзіңе жаным
Қарап тоя алмадым
Бара алмадым қасыңа бара алмадым
Сағынарсың қосығын тыңдап
Қапа болма сүйген жарыңа

Телміріп қарап тұрған
Көздеріңді сағындым
Сүйдім сені жаным деген
Сөздеріңді сағындым

Кеттің бе көзіңе жас алып
Артыңа қарай алмай
Жылама сүйгенім жылама
Кешір жаным кешір мені

Бара алмадым қасыңа бара алмадым
Тоя алмадым жүзіңе жаным
Қарап тоя алмадым
Бара алмадым қасыңа бара алмадым
Сағынарсың қосығын тыңдап
Қапа болма сүйген жарыңа

Ұнаса осы жерден жүктеп аламыз: prostopleer.com/tracks/5531903sorG

Көз салып оқып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

31 пікір

kuka097
тыңдалмай жатыр кешірім өтінемін.Жүктеп тыңдай қойыңыздар
pari
АНАУ мәтінді olen.kz сайтынан алғаныңа күмәнданбаймын. Қайраттың орындауындағы сөздері өзгешелеу. Сенің ұсынып отырған мәтініңде өзгешелік бар. Жалпы бұл қарақалпақ әні. Иә, расымен ұнады мағанда. Дұрыс Қайраттың орындауындағы мәтінді ұсынамын.
Баралмадым қасыңа

Махаббат бағындағы
Сайраған бұлбұл едің
Сол бақтағы қызыл гүлдерден
Таңдағыным сен едің
Сайрайын бұлбұл болып
Жаныма сен келгенде
Сағынарсың әнімді тыңдап
Қапа болма сүйген жарыңа
Қ-сы:
Бара алмадым қасыңа бара алмадым
Тоя алмадым жүзіңе жаным
Қарап тоя алмадым
Бара алмадым қасыңа бара алмадым
Тоя алмадым жүзіңе жаным
Қарап тоя алмадым

2.Телміріп қарап тұрған
Көздеріңді сағындым
Сүйдім сені жаным деген
Сөздеріңді сағындым
Кеттің бе көзіңе жас алып
Артыңа қарай алмай
Жылама сүйгенім жылама
Кешір жаным кешір мені
kuka097
kazamuza.kz сайтынан алынды.Өңдеуге уақыт болмады.Рахмет жаңа текстке!
AL-ASTER
Құмар Жанысбекованың орындауындағы версиясына жетпейді.
pari
мынаны айтып отырған шығарсыз сірә?

kuka097
бұл нұсқасы жоғарыдағыдай болмас
AKA
Дәл солай, қосыламын. :)
Albina97
бұл өлең басында маған ұнамаған еді зарлаған деп жүрсем күшті өлең екен ғо
Madi
Бұл баяғыда айтылған ән емес пе.Қарақалпақстан жақтың әні.
kuka097
Бұл ән бұрындары орындалған болатын, бірақ бұл орындаушының орындауы жағымды әсер етті
деп жазғам.
Алдымен түгел оқып шығып пікір айтсаңшы бауырым!
qyrmyzy
Әншілер тойдың әні арқылы көтерілетін болды. Оларды да түсінуге болатын шығар бір жағынан. Бірақ біреудің орындауындағы әнді алғанша, басқа жаңа, ешкімде жоқ ән орындаған жақсы, меніңше. Қайта жаңғырту десек, біздің ән емес. Очм, көңілім қалып бара жатыр, продюссер болып кетпесем игі! "Қызыл өрік", «Шоқ қыздар да» қырғыздарікі, енді мына ән… кеттім 80-жылдарға
pari
Қайраттың Қалай ұмытам деген әніде орыстардыкы екен. Орысшасы «Давай забудем».шыныменде сізбен толықтай келісем. Өзге елдің әндерін қазақшалап қайта оринжоравкасын жасап тақылдап айтып шығатын болды соңғы уақытттарда. Бұл жерде продюсердің әлсіздігі секілді меніңще. Бастысы іздену керек. Ақын, композиторлармен байланыс жасау керек. Жаңа туындыны әкелу керек дүниеге. Шыныменде өзге ұлттың әндерінің қазақша версиясы қаптап кетті қазіргі заманда.!
qyrmyzy
Ал, жігітім, сәттілік!
User
оринжоравка — Аранжировка

бір сөзде ТӨРТ(4) қате құдай ауууууу
User
продюсердің әлсіздігі емес.Әнші топастау қазір…
kuka097
бәрібір Қайрат Нұртас керемет айтқан
pari
айтуын базар жоқ айтады ғо, бұл жерде қозғалып отқан өзекті тақырып оның айтуында емес. Қайраттың дауысына ешкімнің шүбәсі жоқ. Базар жоқ дауысы бар.
Бұл жердегі қозғалған тақырып бөгде ұлттың әндерін айту, яғни қазақша версиясында. неге көшіреді деген сияқты әңгімелер. ЕНді түсіндің бе?
kuka097
именно сондай әндер хит боп жатырғой.Онда тұрған еш нәрсе жоқ сияқты
pari
Мүмкін сен еш нәрсе жоқ дейтін тыңдаушылардың қатарында шығарсың. Шындығына келсек ешнірсесі бар оның!
qyrmyzy
болды, әркім әрқалай ойлайды. Оның сен сияқты ойлауға құқы жоқ. Сондықтан тырнақ астынан кір іздемей, әркім өз пікірінде қалсын!
qyrmyzy
бара алмадым қасыңа, бара алмадыыым ©
kuka097
керемет айтқанғой а Қырмызы мойындасайшы
qyrmyzy
кімді мойындайын?
kuka097
Қайрат Нұртастың бұрынғыдан жақсы орындағанын
qyrmyzy
тыңдаған жоқпын, қуанышқа орай
ardak1996
Баяғыдааа тындайтын едім осы өлеңді, тағы жазып алдым. Сосын ана өлең керек еді Қара шашың иығыңа төгілген...
pari
Ерлан Тағман бауырымыздың орындауындағы «Ер махаббат» әніғо айтып отырғаның.


Тыңдауыңызға және жүктеп алуыңызға болады


<
ardak1996
оооой рахмееет)
ereke_enu
Ән тыңдасам, сондағы ырғаққа еріп, қуып кете берем бар ғо, қай қайдағыны еске түсіріп… Сосын ол жақтан реалға оралу да қиын болады)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.