Рейтинг
+64.66

Таусылмайтын махаббат

Махаббат жайлы толғаулар, махаббат машақаты, махаббат хикаялары, махаббат, махаббат, махаббат…
Өз бастан кешкендерің жайлы… не ғой, тағы да махаббат…

Сезіміңе қонақтап төркіндейін...

Тоң боп қатқан мәңгілік мұзы еріп, Жүрегіме орнағандай көктем келіп. Қос жанарың жарқырап жымыңдайды, Жұлдыздарды алғандай көктен теріп. Өзге аруды құрақтай құшпасам да, Жалғыздықтың жұртында қыстасам да. Басқа жанмен бағымды байламаспын, Сен өзгенің етегінен ұстасаң да. Жүрегімде жат сезім тулағанша, Өзге жанның бақытын ұрлағанша. Мен өтейін өмірден бойдақ болып,...

Сыртыңнан ғана ғашық боп жүрмін....

Көргенде алғаш, естен тандырдың, Жүректе үміт, отын жандырдың. Пәниде жалған, махаббат барына, Тек өзің ғана, жаным нандырдың. Сағыныш нұрын шашқандай болдың, Бақыт сарайын ашқандай болдың. Жаныңа келіп, қолымды созсам, Үнсіз күлімдеп, қашқандай болдың. Көңіл қазығын қаққандай болдың, Үміт шырағын жаққандай болдың. Жоғалтып таппай жүрген сезімді, Өзіңнен жаным...

МЕН ЖОҒАЛТҚАН БЕЙНЕ

Автобустың ішінде отырғандардан түрегеп тұрғандар көп. Түрегеп тұрғандардың дені жас жігіттер мен қыздар. Солармен бірге мен де ары-бері тербеліп тұрмын. Ауа жетпей талып құлап қалудың аз-ақ алдындамыз. Автобус қозғалып, төбесіндегі қосымша есігінен ыстық ауа кіргенде ғана аздап жан шақырамыз. Маусым айындағы ми қайнатар ыстықтан соң автобустың іші көмір жаққандай жанып-ақ тұр. Борша-борша...

Елес болып түнде мүлде келме

Жоғалшы санамнан! Елес болып түнде мүлде келме, Келсен дағы тәтті үніңді шығарма, сен үндеме. Есіміңді естігенде тулай ұшқан жүрекке Бостандық бер, сүймесең!Ұшсын көкке.Биікке.

Махаббат мәңгі ертегі

«Сәлем… Міне, бүгін тағы да сенсіз таң атты. Бүгін де ертемен ояндым. Палата ішінде өлі тыныштық. Тек арылы-бірілі көтеріліп басылған демалу аппараты мен жүрегімнің әр соққан дүрсілін есептеп тұрған мәшиненің дыбысы ғана естіледі. Қашан келгенін білмедім, аяжан оң жағымда орын тепкен ақ түспен сырланған тумбочка үстіне медициналық темір қалбырға дәрілерімді салып кетіпті… Ия, осы бір...

Сезім сиқыры

… Неден бастарымды білмедім. Ойымдағы сан мыңдаған ойлардан өзімде шаршап кеттім. Біреумен ішкі сырымды бөліскім келді. Ойлайтын шығарсыздар неге достарына немесе жақын адамдарына айтпайды деп....

Сенің көзің..

Сенің көзің… Шынымен қатты ғашық болдым. Көздеріне. Қараумен болдым. Жанарына жанарым байланды да қалды. Мойылдай қап-қара. Тұңғиық. Терең. Батып бара жатқандай болдым. Қарманғым да...

Жігіт пен қыз арасында достық жоқ!

тағдырдың «намек» беруімен сені тастауды жөн көрдім. Арада біршама уақыт өтті, қазір сол кезде дұрыс шешім қабылдағаныма көзім жетіп отыр. Ал тақырыпқа оралсақ, жігіт пен қыздың арасында достық жоқ деген ұғымды қолдаймын. Бұл бейтаныс сері менің жан дегендегі далғыз досым болды. Барлық сырым мен жырымды біліп отырып менен онымен бірге болуымды сұрана бастады. Бұдан алдын да достарым сөз...