Ол телевизорды сөндіріп, менің қасыма келді.
— Кітап оқып отырсың ба?
— Иә.
— Үндемей отыра тұрайыншы.
— Тек бөгет жасама.
— Жасамаймын.
Үстелдің екінші шетіндегі орындыққа...
Есіл дертім, іңкәрім
Жалғыз ақ өзің расында.
Кездеспей кеткен бір шағың
Татиды ау анық ғасырға.
Құлазып көңіл сабылып,
Жанарға моншақ тағынып.
Жүрсем де тауым шағылып,
Сен болып қалды сағыныш.
Мен саған ғашық жанмын.
Сен маған асыл жансың.
Қараймын әр күніме
Тан атқан ғасырдайын.
Бұлбұлым бақтағы әнім,
Сен бе деп шаттанамын.
Білмеймін қалай жетем,
Биік ау тыс қамалың.
Жаз дәурен қас қабағын,
Жырақтан қарсы аламын.
Сүйемін деп айтуға да
Алдыңда жасқанамын.
Айды аспан жүзік етті,
Жерге де нұры етті.
Көрмедім бұл өмірде,
Дәл сендей құдіретті.
Бәрі де бар, махаббатта бар, мұң да бар,
Дала да бар, қала да бар, шың да бар…
Үміт те бар, күдік те бар, сыр да бар-
Жүрегіңді жұлмалар!..
Бәрі де бар!.. Үйлесім де, ой да бар,
Сұлулық бар көрсең көзің байланар…
...Өзің, сосын
Сезім ғана жетпей жүр-
Жарық күнге айналар!..
… Сен кешір мені, күреспей жатып жеңілсем,
Сен кешір мені, толыспай тұрып төгілсем…
Сен кешір мені, қайғыға тым тез беріліп-
Өмірден ерте жерінсем!..
Сен кешір мені, егіліп босқа езілсем,
Сен кешір мені, өзімді жалғыз сезінсем…
Сен кешір мені, тым тәтті мынау тірліктен
Беймезгіл егер безінсем!..
Сен кешір мені, қурамай тұрып құласам,
Сен кешір мені, жырламай жатып...
Мен саған құлай сендім, құдай куә!..
Қайтесің күлесің бе, жылайсың ба?!..
Айырылдым асыл арман, үмітімнен,
Амал не, тағдыр салса шыдайсың да!..
Тұнығым айналғандай лай суға!..
Мен сені жақсы көрдім, жарық күнім!..
Жаралы жүрегімнің жазып мұңын,
Қаралы көңілімді қайта ояттың,
Бәрі енді көрген түстей ғайып бүгін.
Білмедім, мен бе, сен бе-айыпты кім?!..
Мен сені тәңір...
Жаным менің, жүрегімнің
Жасыра алман жан сырын…
Тілегім де, тірегім де
Бір өзіңсің алтыным!..
Гүлім де сен, нұрым да сен,
Жырым да сен аңсаған.
Сәулем күндей күлімдеген,
Саған арнап ән салам!..
Жаным менің, жүрегімнің
Жасыра алман жан сырын…
Ардағым да, арманым да
Бір өзіңсің-бар шыным!..
Тола гүлге, дала бірге
Тербеледі бізбенен…
Бақытым да, шаттығым да
Жалғыз...
Арманға-қиялға беріліп, от боп жанып жүрген жастардың бірімін. Көкейде уайым, қорқыныш, сағыныш деген сезімдер өмірімде болмақ түгелі үш ұйқтасам түсіме кірмейтін. Алайда уақыт өте келе жаралы...