Рейтинг
+64.66

Таусылмайтын махаббат

Махаббат жайлы толғаулар, махаббат машақаты, махаббат хикаялары, махаббат, махаббат, махаббат…
Өз бастан кешкендерің жайлы… не ғой, тағы да махаббат…

ЖЕК КӨРЕМІН!

Сен кеткелі дүние бос қалғандай. Ешбір жан жүрегімді не қайғыдан не қуаныштан кернетпеді. Өзімше күлген болам. Бірақ… Бірақ сенім жоқ! Оны тек сен білесің. Неге поездың уақытын сұрамадым екен?...

Жетпістегі шал жиырмадағы қызды алып қашқан

АСТАНА. 23 қаңтар. BAQ.KZ — Жамбыл облысында 70-тегі кісі 21-дегі қызға үйленбекші болып алып қашқан. Бұл туралы «Время» газеті хабарлады. Оқиға өткен жылғы 18 желтоқсан күні түнде орын алған. «Сағат 21:30-да маған Қаратау қаласында тұратын Алтынай деген танысым келді. Ол екеуміздің ортақ құрбымыздың үйіне бірге қонаққа барып қайтуымды сұрады. Дайын машина бар деді. Далада...

Өзіңді сүюшің...

Неден бастасам екен? Соңынан дұрыс сияқты. Басынан бастасам соңына жете алмасымды білем. Қазірдің өзінде көзіме ештеңе көрінер емес. Тек неке жүзігі ғана. Ол үйленді. Бүгін естідім. Оның қолында неке жүзігі бар екенін айтты. Мен емес басқа біреу тағып берген. Көзімнің жасы тыйылар емес. Ақ парақты жуып жатыр. Қаламым жастың ізімен жүрмейді. Осылай да жылауға болады екен-ау… Ол басқаның...

Сезімнің шырмауығы

Сенесіздер ме, мен оны ұмыттым. Шынымен де, қазір оны іздемеймін де, ойламаймын да. Тіпті ұялы телефонымның нөмірінде ауыстырып тастадым, ол іздемесін деп. Сонымен өмірімнің жаңа сатысы басталғандай. Жадыраған жазда демалыста туған ауылыма бардым. Бастауышта бірге оқыған сыныптастарыммен кездестім. Бұрыңғыларды еске алып, енді арамызды үзбей араласып тұруға бел будық. Демалыста аяқталып...

Махаббат індеті

Аурудың аты: әр тілде өзгермелі, қазақтарда «Махаббат» Фазалары: Көру, ұнату, ғашық болу, сүю, ессіздік. Жүру жолдары: Көз арқылы кіріп жүректен шығады, созылмалы. Ұзақ жылдардан кейін...

Көпір саламын...

Адамдар жалғызілікті. Себебі олар көпірдің орнына жар тұрғызады. Құз салады. Есіңде ме, мен көпір тұрғызамын дегенім. Саған апаратын көпір. Сол арқылы өзіңе жеткім келген еді. Алайда сен...

БІР БЕЛГІ

Болсаң-дағы жырақ, қашық, тым алыс, Көңіліме сыйлай салдың қуаныш. Не нәрсенің белгісі екен? Білмедім, Өн бойымда пайда болды жылы ағыс. Не нәрсеге бастап жатыр мынау күн? (Тек, әйтеуір, қатырмашы қырау-мұң). Не нәрсенің белгісі екен? Білмедім, Өзің жайлы ойлайтынды шығардым. Қымбат болар сол тылсымы үшін де, Мейлі, мейлі, тек, сарсаңға түсірме. Не нәрсенің...