↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
12 шілде 2012

Бала құқығы туралы

Азамат-кең мағыналы, адам бойындағы барлық ізгі қасиеттерді өзіне сіңірген ұғым.Сондықтан бүгінгі жеткіншектеріміз нағыз азамат болып қалыптасып өсуі үшін олардың қоғамдағы азаматтық заңдылықтармен қарым-қатынас құндылықтардың құқық негіздерін біліп қана қоймай, оларды ар-ожданына сіңіріп, өмірдегі жүріс-тұрысымен еңбек ету жүйесіндегі мінез-құлқының іргесіне айналдыруы қажеттілік пен заңдылық болуға тиіс.Осыған орай жастарға құқықтық тәрбиенің негіздерін терең түсіндіріп, күнделікті өмірде осы құқық негіздерін сақтап, оларды мүлтіксіз орындап отырудың маңызын жан-жақты көрсетіп, дәлелдеп отыру талап етіледі.
Қазақстанның азаматтық, оған қоса азаматтық мемлекеттераралық құқықтары мектепте кеңінен оқытылады.
''Молда болсаң таза бол, шәкіртіңе үлгі бол!''дейді халқымыз.Үлгі болу әділдіктен басталады.Егер біз әділдікті ұмытып, бір жақсылыққа жол берсек, онда біз ең алдымен құқықты бұзғанымыз.Себебі қандай заң болса да ең алдымен азаматтық құқыққа негізделеді.
Мемлекет басшымыз бүгінгі күні Еліміздегі заңсыздықтарды түп-тамырымен жою мәселесі бойынша күрделі шараларды күн тәртібіне қойып, олардың сөзсіз орындалуын қатты талап етіп отыр.Демек, біздің міндетіміз тек құқық сабағында емес, әр пәннен құқыққа байланысты материалдарды өткенде құқықты білу, оны өмірде күнделікті сақтап, орындап отыруды әдетке айналдыруды өмірге байланыстырып айту, түсіндіру.Ел арасында кездесіп отыратын заң бұзушылықтардың астарында әрқашан адам құқығының бұзылатынын ашық дәлелмен түсіндіру керек.Бүгінгі күнде халықтар, мемлекеттер арасында түрлі-түрлі дау-жанжалдар болып, ақыры соғыспен, адам өлімімен аяқталып жатады.Сол мәселелердің тереңінде халықтардың, елдердің құқықтарының талас-даулары жатады.Сондықтан мемлекеттік, халықаралық құқықтарын да мықтап білуге тиіспіз.Өмірде көзге көрінетін адам құқықтары бұзылса, тек сөз бен оқулықта жазылған ережелермен күнделікті мектептегі оқытылған құқық жайлы білім құр сөз болып саналады.
Құқық әр елдің Конституциясына негізделіп, сол елдің әрбір азаматы бұлжытпай орындайтын ереже ретінде белгіленіп жазылады.Әрбір азаматтың жандүниесімен қалыптасатын қоғамдық мазмұнға ие адамгершілік негіздері болып табылады (қайырымдылық, әділеттілік, шындық).Егер баланың қылығы адамгершілік ұстанымдарына сәйкес келмесе, онда ол ішінен ыңғайсызданып, өз әрекетін тез түзеуге тырысады.Бұл, әрине, ұятты жоғары қоятын адамдарға тән.Ал ұятпен санаспайтындар мұндай ұстанымдарды бұзып жүрсе де, одан ешқандай ыңғайсызданбауы мүмкін.Құқық нақты тұжырымдалады және оны қолданудың реттіліктері айқын көрсетіледі.Көптеген адамгершілік ұстанымдары құқықтық актілерге негіз болған.Балаларға адамгершілік тұрғысында тәрбие беруде, ата-бабамыздың әдет-ғұрпында қалыптасқан үлгі-өнегенің мәні зор.
Абай бала тәрбиелеуде халықтың даналығына сүйене отырып, мынандай ой түйеді:''Әкенің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың'', ''Әкенің баласы болма, адамның баласы бол'', -деп бүкіл адам баласын сүйе білуге, сол арқылы аса зор адамгершілік қасиетке баулиды.Ата-бабамыздың үлгісін, жол-жоралғысын еске ала отырып, тарихта өткен билердің шешімдерін ұрпаққа меңгертудің мәні зор.Мектеп қабырғасынан оқушылар әр түрлі саланы, әр мамандық бойынша әр деңгейде білім алады.Халқына адал қызмет етуге таудай талап пен жігерлі қайрат арқаланып, еліміздің әр тарабына аттанады.Халықпен жұмыс істеп, мемлекеттің экономикасын көтеру үшін, адал адам бойындағы бар күш-жігерін салады.Сол үшін мектеп қабырғасынан аттанатын жастардың бойында адамгершілік қасиет пен құқықтық мәдениет болу керек.Әр азамат қоғамдық, әлеуметтік өмірде өз құқықтарын қорғай білетін саналы, білімді азамат болуы тиіс.
?

Пікірлер:4

avatar
  • Jako
  • 14 шілде 2012, 19:46
  • +2
Қайдан көшіргеніңе сітеме қой.
avatar
көшірген дейсіз бе, жоқ бұны апайыммен бірігіп жазғаным)))))))
avatar
онда тамаша))
  • ruben
  • 26 шілде 2012, 07:15
  • 0
осындай тақырыптарға жиі-жиі бас сұғып тұрыңыз (((: жалпы, қылмыстық кодексті де бастан-аяқ оқып шығу да тұлғаларыңзға артықшылық етпейді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.