↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
17 шілде 2012

Неліктен ?...

Қайырлы таң, Достар. Қалдарыңыз қалай ?!
Амансыздар ма ?!
Көңіл- күйлеріңіз қалай ?!
Демалыс қалай өтуде?
~жә, жә ___ сұрақтарым көбейіп кетті. =)

mmmmmm, Hallelujah, сұрақ демекші…
Мені де, Сізді де, өмірде бір сұрақтар мазалайды-ақ… Солай ғой ?! _ солай. Ендеше Мишельдің әдемі әнін тыңдай отырып _


Mына сұрақтарға _бірге_ жауап іздеп көрелік:

1. Неліктен уақыт тез өтуде?.. {«көзді ашып-жұмғанша»}

2. Неліктен сұрағымыз таусылмайды?.. {кез келген тақырыпта..}

3. Неліктен aitaber танымдық блогтұғырына аз кіретін болғансыз ?..))

4. Неліктен шындық — «ащы»?..

5. Неліктен интернетсіз өмір сүре алмаймыз?..
… ал ән мен әуенсіз?..

6. Неліктен «Намазды не себепті оқымайсың ?...!» сұрағына толыққанды жауап бере алмаймыз?..

7. Неліктен жер шарындағы ең қатыгез тірі ағза — адам?.. {бір жазбада солай айтылған-ды}

8. Неліктен «шашы- ұзын, ақылы- қысқа» дейміз?.. {шынымен де солай ма ?..}

9. Неліктен түнде көрген түсіміз есімізде қалмайды?.. {көп жағдайда}

10. Неліктен адам «тойымсыз»?.. {Рухани және материалды құндылыққа}
.
.
.
Былай ойлан, былай ойлан, Достым… Фәлсапаға беріл, мейлі… Ойға кірер- кірмес кез келген жауабың қабыл алынады (((:
?

Пікірлер:20

avatar
  • qyrmyzy
  • 17 шілде 2012, 11:08
  • +1
Неліктен қолда барымызды қадірлемейміз?
Өйткені, ол ренжімейді)
3. Неліктен aitaber танымдық блогтұғырына аз кіретін болғансыз ?..))
Уакытым бола бермейдi
  • ruben
  • 17 шілде 2012, 11:55
  • +1
Неліктен ойымызға келген нәрсені жаза беретін болғанбыз?
avatar
Өз басым сайттың аты айтабер болғасын айта бергім келеді. Қаншалықты пайдалы нәрсе жазып жатқаныма толық жауапкершілік алғым келмейді...іш пысқанда оқыр жәй әңгіме ғой деп ұрып қоямын)
avatar
  • AKA
  • 20 шілде 2012, 11:19
  • +1
«Айтабер» сөзінің астындағы «танымдық» дегенді де ескерсеңіз екен.
1. Неліктен уақыт тез өтуде?.. {«көзді ашып-жұмғанша»}

Себебі біз оның қадірін біле бермейміз.
2. Неліктен  сұрағымыз таусылмайды?.. {кез келген тақырыпта..}

Өмірді жақын білген сайын ойымызды жауапсыз сұрақтар билей бастайды.
3. Неліктен aitaber танымдық блогтұғырына аз кіретін болғансыз ?..)

Әрдайым кіруге тырысамын.
;4. Неліктен шындық — «ащы»?

Себебі біз шындықты білгіміз келмейді, біздің ойымыз тек қиял-ғажайыпта.
;5. Неліктен интернетсіз өмір сүре алмаймыз?..
 … ал ән мен әуенсіз?

Өмір сүре аламыз, тек оны мойындамаймыз.
Себебі ән,(менің ойымша) біздің көңіл-күйімізге байланысты.Ал, біз көңіл-күйсіз өмір сүре алмаймыз.
6. Неліктен «Намазды не себепті оқымайсың ?...!» сұрағына толыққанды жауап бере алмаймыз?..

Себебі Алладан қорқамыз.
7. Неліктен жер шарындағы ең қатыгез тірі ағза — адам?..

Адам періште боп туғанымен, періште боп бәрі өле бермейді.Бес саусақ бірдей емес.Бұл адамның өзіне байланыстынЕң ақылды тірі ағза да-адам.
8. Неліктен «шашы- ұзын, ақылы- қысқа» дейміз?.. {шынымен де солай ма ?..}

Бұл жәй ғана ауызекі сөз.Бұны тек тиісінде және тиісті адамға айтады.
9. Неліктен түнде көрген түсіміз есімізде қалмайды?.. {көп жағдайда}

Себебі өңімізбен мен түсімізді шатастырып алуымыз мүмкін.
10. Неліктен адам «тойымсыз»?.. {Рухани және материалды құндылыққа}

Кей адам шайтанның арбауымен тойымсыздық, ашкөздікке барады.Бірақ бәрі ондай емес…
Пікір 2021-07-17 15:10:57 күні nurgazina тарапынан түзетілді
  • Yasin
  • 17 шілде 2012, 19:01
  • +4
Адам періште боп туғанымен, періште боп бәрі өле бермейді.Бес саусақ бірдей емес.Бұл адамның өзіне байланыстынЕң ақылды тірі ағза да-адам.
Кімде-кім періштені әйелге теңесе ол діннен шығады яғни дінсіз болады ал еркекке теңесе үлкен күна болады, сосын адамзат ешқашан періште болып дүниеге келмейді қара балшықтан жасалған пенде болып дүниеге келеді періштелерде жыныс жоқ олар Нұрдан жаратылған. Мүмкін болса діни білім болмаса діни жауап бермеген жөн
  • ruben
  • 17 шілде 2012, 21:24
  • +2
«нәресте табиғатынан мұсылман боп туып, әке-шешесінің дініне өтеді» мағынасындағы хадисінен бейкүнә, пәк нәрестенің періштедей таза (күнәлардан ада) боп туылады деген қорытынды шығарып айтқан болар деп топшыладым. болмаса сөздік қоры жетпей, періште боп туады деген болар. ал ескертуіңіз — оп-орынды.
жоқ, сөздік қоры жетпей емес, мен күнәдән пәк, бейкүнә періштедей боп туатын сәбилерді айтқам.Бәрі кішкене сәбилерді періштеге теңейді емес пе?
  • ruben
  • 18 шілде 2012, 12:56
  • 0
періште боп туғанымен…
деп жоғарыда жазғансың. енді дұрыстадың:
мен күнәдән пәк, бейкүнә періштедей боп туатын сәбилерді айтқам
періштедей боппен періште боптың грамматикалық та айырмашылығы бар. Йасин мырзамын семіздей келісемін…
avatar
семіздей келісемін…
қайдан жаттап жүр екенсіздер?))
  • ruben
  • 18 шілде 2012, 17:40
  • 0
түнде күлкісіз, күндіз ұйқысыз жүреміз ізденіс үстінде перпендикуляр, әмигөу…
avatar
ааа, а біз ізденбейміз, осылай ізденіп жүргендерден жаттап ала саламыз.:-)
avatar
  • AKA
  • 20 шілде 2012, 11:21
  • 0
avatar
  • beko
  • 17 шілде 2012, 18:43
  • +3
Әрине қателесуім әбден мүмкін, бірақ жауап беріп байқап көрейін.
1. Неліктен уақыт тез өтуде?.. {«көзді ашып-жұмғанша»}
Қазір көшеде 21 ғасыр, өмірде технологиялар т.б. тез дамуда, комфортно. Мүмкін сол да бір себебіне жататын болар…
2. Неліктен сұрағымыз таусылмайды?.. {кез келген тақырыпта..}
Егер сіз солай ойласаңыз әрине таусылмас. Негізінде таусылады, бірақ уақытша. «ЕЕЕ енді түсіндім!» деген кезде әсіресе ))
3. Неліктен aitaber танымдық блогтұғырына аз кіретін болғансыз ?..))
Бұл сұрақ мен үшін емес екен. Бірақ, қазір сндай уақыт емес пе, адамдар қысқа жақын жақсы кіреді, далада суық кезде үйде отқанда. Қазір мүмкін демалатын, қыдыратын кез болар сірә…
4. Неліктен шындық — «ащы»?..
Мүмкін, адамдар өзіне жағымдысын естігісі келгесін болар, ал шындық ол әртүрлі ғой.
5. Неліктен интернетсіз өмір сүре алмаймыз?.. … ал ән мен әуенсіз?..
Әрине әр сананың жауаптары бірдей емес, ал менің жауабым ұзақтау, қысқаша байқап көрсем: Тағы да мүмкін деп бастайын, сонымен қазірге (ХХI ғасыр) бұлар (интернет, ән) бұлар табысқа жету құралдары, біреуге құмарлылық, біреуге жай тұтынушы ретінде жұмысын жеңілдету үшін қолданады т.б. Сол себептерге байланысты, өмір өзенінде жиі кездестіресің.
6. Неліктен «Намазды не себепті оқымайсың ?...!» сұрағына толыққанды жауап бере алмаймыз?..
Дінге қатысты сұрақты талқылауға, бұл сайтта тыйым салынған!
7. Неліктен жер шарындағы ең қатыгез тірі ағза — адам?.. {бір жазбада солай айтылған-ды}
Қатыгез деймісіз? Былайша көрейінші жауап беріп, Энштейн бала кезі екен. Сабақ беріп тұрған бір профессор былай сабақ өтуде екен, «Егер Құдай шынымен бар болса, онда ол жауыз болғаны(если Бог существует, то он злой), Құдай барлығын жаратты ма?(Бог создал все сущее?). Егер Құдай бәрін жаратса, онда ол жауыздықты да жаратқан болды. Сол себепті жауызды болғаны да.»
Сонда Энштейн: «Кешіріңіз мені профессор» деп орындығынан тұрып тағы да бұлай дейді. «Суық бар ма?(Существует ли холод?)»
Профессор: «Бұл не деген сұрақ, әрине бар ғой. Сен жаурамайтын ба едің» депті терезеден даладағы жауып тұрған қарға қарап.
Энштейн:«Шын мәніне суықтың жоқ болуы, физика заңы бойынша біздің суық санап жүргеніміз, негізінде жылудың жоқ кезі»
«Профессор, қараңғылық бар ма?(Профессор, а существует ли тьма?)»
Профессор:"Әрине бар!"
Энштейн:«Жоқ (найн), қараңғылықтың та жоқ болуы. Негізінде, қараңғылық ол жарықтың жоқ кезі. Біз жарықты зерттей аламыз, бірақ қараңғылықты емес. Жауыздық жоқ(жоқ болуы), ол суық пен қараңғылық сияқты. Құдай жауыздықты жаратпаған(құрмаған). Жауыздық ол, адам жүрегінде Құдай жылулығының (махаббаты) жоқтығынан болу(шығу, пайда болу) нәтижесі.(Зло это результат того, что происходит когда у человека нет Божьей любви в его сердце.)»

8. Неліктен «шашы- ұзын, ақылы- қысқа» дейміз?.. {шынымен де солай ма ?..}
9. Неліктен түнде көрген түсіміз есімізде қалмайды?.. {көп жағдайда}
10. Неліктен адам «тойымсыз»?.. {Рухани және материалды құндылыққа}
Бұл сұрақтарды, мына пікірімнің ұзақ болып кеткен себебімен жауабын жазбауға бел будым. Онсызда көп болып кетті. Жазбай ақ қоюым керек еді негізі, иа? ))
avatar
  • Jako
  • 17 шілде 2012, 20:39
  • +5
3. Неліктен aitaber танымдық блогтұғырына аз кіретін болғансыз ?..))

Оқитын нәрселер азайып барады-ау…
avatar

Пікір 2021-07-18 18:31:05 күні banzaika1990 тарапынан түзетілді
avatar
3. Неліктен aitaber танымдық блогтұғырына аз кіретін болғансыз ?..))
— қалада болғанда комптан түспей, «Айтаберден» шықпаушы едім, осы жеті ауылға кеп интернет пен комптан дем алып жатқан жайым бар))))))))))))))
1.Себебі, сен жай ғана төртбұрышты жәшікке телміріп отырсың.Ғаламтордың бір торына шырмалып.
2. Бұл сұрақты СЖ-қа «Адамның көкейіндегі сұрақтары қашан таусылады» деп сұрақ қойғанымда, бір қолданушы адамның арман, мақсаттары таусылғанда ғана адамның сұрақтары таусылады деп жауап берген еді.
3.…
4.Тәтті болса, шындыққа жатпайды.
5. Өзіңді солай тәуекелді адам ретінде ойласаң, әрине интернетсіз өмір сүре алмайсың.
Заманның талабы.
Бірақ, интернетсіз де өмір сүріп жатқан адамдар да бар.
Ән мен әуенсіз де өмір сүруге болады десем өтірік болар еді.
7.Білмеймін.
8.Бұл мақалға қатысты СЖ-та сұрақ бар. Сол жерден жауабын табарсың.Міне, мынау: szh.kz/15205/
9.Себебі, мидағы түс көру жадысы уақытша есте сақтау құрылғысы десең, ә.
10.Білмеймін.
Пікір 2021-07-26 00:27:46 күні Oner_adamy тарапынан түзетілді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.