↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
09 маусым 2012

Менің Рухым - Қазағымның жүрегі!

Қайырлы күн, Айтаберлік достарым! Баршаңызға амандық тілеймін!
Өткен жазбаларымда осы сайттағы Достарымнан «Махаббат лирикасынан басқа тақырыптағы өлеңдеріңді жариялашы» деген ұсыныс түскен болатын. Міне, енді соның реті келіп тұр. Уақыттарыңыз болса оқып төрелігін айтарсыздар.



ТӘУЕЛСІЗДІККЕ СЫР

Менің нәзік Жүрегімнен күмбір-күмбір күй есіп,
Сенің қайсар Жүрегіңнің лүпілі боп жаңғырды.
Тәуелсздік, сен білесің, сен білесің мына елің,
Сені аңсады мың ғасыр,
Сені аңсады, Сырласым!
Сен үшін деп түн жорытып,
Талай таңды таңға ұрды.

Тәуелсіздік, сен білесің,
Сенің Қыран-Қазағыңның жанында,
Өткелдерден, өткен күннен жара бар,
Сен білесің, Жанарында шер боп қатқан жасы бар,
Жүрегінде Қайраты бар бас ұрар.
Қабағында қаһары бар тексіздікті табалар.

Тәуелсіздік, Қазағымның рухы –
Жаңғыратын зар қақсаған ғасырғы ән,
«Елім-айлап» Қаратаудың басынан.
Сенің үнің,
Сенің жаның жылаған,
Сенің қаның тасыған.

Тәуелсіздік, қасиеттім, қасиетім, арманым!
Көк Түркінің құдіретін өн бойыңа дарытып,
Көк Аспанда қанатыңды жайып еркін самғағын.
Бабам сүйген, Анам сүйген, Заман сүйген, Ардағым!
Менмін, ертең, Ұрпағыңмын
Айбатыңды ғасырлардан ғасырларға,
Асылдардан асылдарға жалғар Үн.

Тәуелсіздік, сен келдің де,
Қазағымның көктем күлді көзінде,
Көк Туымның желбіреді киесі.
Көк Тәңірге Тәубе-Тәубе, Сен келдің,
Замананың иесі.
Қазағыңа, Алашыңа қош келдің!
Тәуелсіздік, Бақытыма қош келдің!!!

28 сәуір 2012 жыл

Қатты сүйетін, өмірімнен биік қойып, Жүрегімнің төріне сақтаған Бағалы адамға Сезімімді тілмен со күйі жеткізе алсамшы, шіркін!..
Өлең жазу қандай қиын болса, е-е-е-ң жақын адамдарың туралы өлең жазу он есе қиын екен.



МЕНІҢ АНАМ

Биігінде бақыт көкпен таласқан,
Өзегінде өкініш жүр адасқан.
Оның жасы – жаңа жауған ақ жауын,
Оның мұңы – күңіренген көк аспан.

Оның жүзі — әсемдіктің әлемі,
Оның сөзі — мендік дерттің бар емі.
Оның ойы — Ай бетінде әжімдер,
Оның сыры — АНА-сезім әдемі.

Жадыраса жаһан жатты жаңарып,
Жанарында мол жылулық бары анық.
Сәуле болып білінеді сұлулық
Шаштарының арасынан таралып.

Нәркес көзі көркемдіктің киесі,
Мейірі бар, бар әлемді сүйетін.
Оның таза, дархан… мұңлы… жүрегі,
Дүниедегі жақсылықтың иесі.

4 қыркүйек 2011жыл

ӘКЕТАЙЫМ

Жылайын деп тұрғаным жоқ,
Маған жарық, арай – Сіз.
Жаны – жұмақ, мейірі – нұр,
Әкетайым, қалайсыз?

Өз хәлім бе? Жаман емес,
Ой жағалап барамын.
Өмір мұңға айналдырды,
Ерке қызын Даланың.

Айға көміп Үмітімді,
Түн тербетіп отырмын.
Тентегіңді бір сыбап ал,
Өлеңімді оқыр күн.

Атыраудың ақ бораны
Тереземнен тыңдап тұр.
Қызың үшін Уайымдама…
Ұйықтай ғой, Қымбатым!
Қайырлы түн!
16 қаңтар 2012 жыл

ТІЛЕК

Бес күндікке қонақ болған әр кісі,
Өмір деген театрдың әртісі.
Өмір деген – Жақсылықтың жартысы,
Эпизодты сериалдар тартысы.

Жаңаруда жаңалықпен Ғалам мын,
Пенде деген ардақтысы Заманның.
Аз ғұмырда көп тілеймін Бақытын,
Тәңірінен Әкем менен Анамның.

Бәрі менің құзырымда деме, Мұң!
Мен де бір күн Қайратыңды көрермін.
Театрды басқаратын бір Алла,
Мен ғұмырлы Сөз болайын деп едім,
болса Өмірге керегім.
13 қаңтар 2012 жыл

ТІЛЕК-2

Арманымның ақ ұлпа дені дара,
Тілек айтам, ей, Өмір, бері қара!
Сұрап келе жатырмын сауабымды,
Сынап келе жатырмын Сені ғана.

Тірлік мынау — тұтқасы Тәңірінде,
Бұйырғанын көремін бәрінің де.
Ақыл қонып өзгеше кетпесе де,
Ақын болып барайын қабіріме.

Тілек осы – сынасаң, сына мені.
Ең алғашқы қаруым – Шыдам еді.
Алдаса да Арманым, құлатпайды,
Талмаса тек Шабыттың Құлагері.

Өзек қылып Өмірдің иірімін,
Нұрын берер Алланың Зейінінің.
Жыр кемесін жүздірер алыстарға,
Бұл келесі қаруым – Мейірімім.
Болашақтың есіне сақталарын,
Кім біледі, бізге емес, Хаққа мәлім.
Ел аңыз ғып жырласа, себепшісі,
Ең маңызды қаруым – Аппақ Арым.

Ертеңіме барайын Тау күйімде,
Уа, Өмір, тербей бер әлдиіңде.
Дүбірлі Өлең әкелем, Антым осы,
Күбірлеген Періштем Әумин де!

27 қаңтар 2012 жыл

АР

Менің түсінігімде Ана мен Ар мағыналас ұғым. Анасының жүрегіне жара, көңіліне қаяу салуға дәті шыдамаған перзент – Арын жанынан биік қоятын перзент.
Мен ана деген құдіретті сөз – адалдықтың символы деп білемін.

Ақ жаулығыңның асылдығы,
Аппақ шашыңның басымдығы,
Аялы көзіңнің тұнықтығы,
Аялы сезімнің ұлықтығы,
Алақаныңның мол жылуы,
Арда жыныңның ол – сұлуы,
Айдай жүзіңнің көркемдігі,
Алтын сөзіңнің өкткмдігі,
Аппақ сүтіңнің қасиеті,
Асқар ойыңның өсиеті,
Армандарыңның биіктігі,
Ақ гүлім деген сүйікті үнің,
АНА деп түрды жиылып бәрі,
АР деген осы, менің ұққаным!

?

Пікірлер:12

avatar
  • Ademi
  • 09 маусым 2012, 14:03
  • 0
Махаббат жайлы өлеңдеріңізді сағындым…
  • Chimaq
  • 09 маусым 2012, 14:17
  • 0
Жаттаймынба деп жатырмын..hehe…
  • saya
  • 09 маусым 2012, 14:36
  • 0
Оның ойы — Ай бетінде әжімдер
анамды сағынып отыр едім...ұнады өлеңдеріңіз, өз жасыңыз үшін керемет жазасыз
avatar
  • VVVWWW
  • 10 маусым 2012, 00:02
  • 0
Оның ойы — Ай бетінде әжімдер,
Бүкіл махаббат атаулыны сыйдырып жатырған жолдар ғой
Хех Бағашар не айтар екен
Пікір 2021-06-10 00:03:59 күні VVVWWW тарапынан түзетілді
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 22:06
  • 0
керемет Қарлыға! Тәуелсіздің туралы өлеңіңіз қатты ұнады! Аллаһ разы болсын
  • mairosh
  • 10 маусым 2012, 00:39
  • 0
Керемет өлендер)))) Біраз болды өлен оқып тебіренбегеніме)) (ухх бір терлеп кеттім ғой оқимын деп әсересе 1 ші өлен әдемі )
avatar
  • Jako
  • 10 маусым 2012, 08:24
  • 0
Күншуақ, тамаша өлеңдер, бәріде ұнады,әсіресе "Әкетайым".
Тентегіңді бір сыбап ал,
Өлеңімді оқыр күн.

Әкелер сондаймыз, сағынсақта, жақсы көрсек те бір сыбап аламыз.
avatar
  • kunshuak
  • 10 маусым 2012, 12:33
  • +1
Рахмет, уақыт бөліп оқығандарыңызға!
Мынадай жырларды оқымай кету үлкен қателік)
avatar
  • Jako
  • 12 маусым 2012, 08:45
  • 0
Бес күндікке қонақ болған әр кісі,
Өмір деген театрдың әртісі.
Өмір деген – Жақсылықтың жартысы,
Эпизодты сериалдар тартысы.
Бескүндік,қамшының сабындай қысқа, бір тұтам өмірді өлеңіңде өте әсем де,әсерлі өре біліпсің, рахмет!
Пікір 2021-06-12 08:46:20 күні Jako тарапынан түзетілді
avatar
Жарайсың Күншуақ. Бай болма ақын бол
avatar
  • kunshuak
  • 12 маусым 2012, 13:10
  • 0
Әумин! Баршаңызға бек рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.