Ормандағы аңдар бір күні жиналып осы кім ең көп бала туа алады екен деген сұраққа жауап іздейді. Барлығы жиналып ұрғашы арыстанға келеді:
— Мәселен сен қанша бала туа аласың?
Ұрғашы арыстан былай деп жауап береді:
— Мен біреу ғана туамын. Бірақ мен күшік-мысық емес, арыстан туамын.
Бұдан алынатын ғибрат: Ең маңыздысы сан емес, сапа. Барлық істе, барлық жағдайда нәтиже қаралады.