Өмірім жайлы

1.Менің аты жөнім-Төлепова Айсара
2.Руым Бегіс Шабанқара
3.1997 жылы 1 желтоқсанның жұлдызында дүниеге келгенмін!
4.Қазір 8 сынып оқушысымын!
5.Сабақты 4-5 ке оқимын!
6.Қазақтың ұлттық тағамдарын жақсы көремін!
7.Ұнататын әншілерім;Қайрат Нұртас, Сырым Исабаев, Бейбіт Қорған,Әлішер Каримов, Динара Сұлтан, т.б.
8.Концерттерге анда-санда барып тұрамын!
9.Қазақ деген елімді құрмет тұтамын!
10.Қазақтың дәстүрлі әндерін сүйіп тыңдаймын!
11.Әнді жақсы айтамын!
12.Ұстанымым: Алға Қазақстан!
13.Агентке анда-санда кіріп тұрамын!
14.Сұрақ-жауап сайтына кіргелі бері, біраз мағлұматтар жинадым!
15.Ата-анамды қатты жақсы көремін!
16.Әкем-54 жаста,қазір жұмыс жасамайды, анам-46 жаста, мұнайшы!
17.футбол, баскетбол, валейбол спорт түрлерінен ұнайды!
18.Телефонмен көп сөйлеспеймін!
19.Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосында тұрамын!
20.Бойым-154см, салмағым-48кг.
21.Кейбір кезде ашуланшақтығым бар!
22.Достарым өте көп!
23.Соның ішінде сұрақ-жауап сайтындағы ең жақсы достарым бар!
24.Сұрақ-жауап сайты мен үшін керемет сайт!
25.Сұрақ-жауапта Профессор атағында жүрмін!
26.Дикторлардан Гүлнәз Әлімгерей қатты ұнайды!
27.Кішкентай кезімде өте пысық болыппын!
28.Шет тілі, Орыс тілі,Қазақ тілі, Алгебра, Геометрия, Химия, География, Дене пәндері ұнайды!
29.Сүйікті футболистім: Кристина Роналдо, Лионель Месси
30.Есепті аздап білемін!
31.Ережеге бағынамын!
32.Астана қаласы, Париж, Атырау қаласы ұнайды!
33.Кейбір кезде сыныптас балдармен жекпе жекке шығамын!
34.Тұщықұдық селосы,І.Сәтбаев көшесі,26 үйде тұрамын!
35.Мектеп керемет, мектеп-екінші үйіңдей!
36.Сүйікті ойыным;Gta Vice City, Модная Лихорадка, Папины дочки!
37.Көктем,қыс мезгілі қатты ұнайды!
38.Кішілерге ізет,үлкендерге құрмет білдіремін!
39.Рэп, клуб, рок жанрындағы әндерді ұнатамын!
40.Үнді фильмдерін өте жақсы көремін!
41.Таңертең ерте тұрамын!
42.Нағашыларым, бөлелерім мені қатты сыйлайды!
43.Кек сақтамаймын!
44.Шашым-қысқа!
45.Тақасы жоқ аяқ киімдерді ұнатамын!
46.Орыс тілін 5ке оқимын, сол пән өте қатты ұнайды!
47.Тамақты талғамаймын!
48.Шемішкі шақпаймын!
49.Әдеби журнал, газеттерді кейде оқимын!
50."Өз үйім-өлең төсегім«деген мақалды тек өз үйімде ғана айтамын!
51.Абай Құнанбаевтың қара сөздерін қатты жақсы көремін!
52.Көшеге шықпаймын!
53.Компьютерді ақпарат алатын кезде пайдаланамын!
54.»Кеш жарық, Сүйінші, Жарайсың«бағдарламасы қатты ұнайды!
55.Шытырман, боевик, мелодрама, комедия жанрындағы киноларды ұнатамын!
56.Менің сүйікті жазушым; Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл Жабаев!
57.Хоккей, коньки тебу, шаңғы тебу спорттық ойындары ұнайды!
58.Қазақтың қарапайым қызымын!
59.Тәкаппар емеспін, бірақ қаталдаумын!
60.Үлкендерге үнемі сәлем беремін, себебі қазақта „Cәлем-сөздің анасы“ деген мақал бар!
61.Ауызша сабақтарды жақсы көремін!
62.»Айтабер-танымдық блогтұғыр"-қазақстандық жаңалықтарды паш ететін сайт, сондықтан маған керемет ұнайды!
63.Жұлдыз-жорамалдарға сенбеймін!
64.1)«Доссыз өмір-тұзсыз ас»
2)«Аққуды атпа,»
«Досыңды сатпа»-деген мақалды достарыма арнаймын!
65.Қалжыңбаспын!
66.Ұялы телефон ұстамаймын!
67.Уәдемде тұрамын!
68.Өмірде шын махаббат болса да, шын махаббатымды әлі де кездестіре қойған жоқпын!
69.Біреуге жамандық ойламаймын,өтірікші емеспін!
70.Мақтанғанды ұнатпаймын, ал біреу мені мақтаса қуанамын!
71.Ешқандай ұялшақтығым жоқ!
72.Жақсы адам болу-менің парызым деп есептеймін!
73.Мен үшін ата-анам, бауырларым, туысқандарым өте маңызды!
74.Сабаққа таңертең 8;30 да барамын!
75.Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте оқимын!
76.фотоға көп түсемін!
77.Фотоға ернін жақындатып, көзін жақындатып түсетін адамдарды ұнатпаймын!
78.Спорт-денсаулық кепілі
79.Спортпен айналысып тұрамын!
80.Құралайды көзге атқан мергенмін, жұлдызым-Мерген!
81.Қараңғылықтан қорқамын!
82.Зиян нәрседен аулақпын!
83.Жасым 14-те
84.Қазақстандағы жаңалықтарды көріп тұрамын!
85.«Айгөлек»,«Жұлдыздар отбасы» журналын оқимын!
86.Менің өмірім 100% жақсы!
87.Қазір жарыстарға қатысып жүрмін!
88.Үйдегілер мені «Айсакон» деп еркелетеді!
89.Бұйыртса болашақта жақсы мамандық болатыныма сенімдімін!
90.Мектепте қоңырауға үзбей шығамын!
91.Пікір айтқанды ұнатамын!
92.Гарри Поттердің кинолары ұнайды!
93.Селена Гомез бен Джастин Бибер керемет жұп!
94.Сабақтан ескертулер алмаймын!
95.Гүлдерден; Роза, Бәйшешек,Қызғалдақ ұнайды!
96.Агентке көбінесе компьютермен кіремін!
97.Нағашы атам Тілеген көптеген әдеби кітаптарды оқыған, сабақта оқу озаты болған!
98.Сонымен қатар физикадан есептерді жақсы білетін!
99.Менің өмірім осындай!
100.Тек үлкен белестерге шыңдаймын, алға Айтабер танымдық блогтұғыры!

20 пікір

dimash
33. ))))))))))))
42. сыйламай ше (33 қайтып есіме түсті))))
Korkem
Жарайсың, Айсара! Қанатың талмай шарықтай бер!!! +1
Ais_97
Рахмет Көркем!
Togzhan
Тамаша, Айсара! Алға қойған мақсаттарыңа жете бер!
Daka_sss
пікірлерде ғана көретін едім, енді өзің де осында жазыпсың, жарайсың)))+1
Ais_97
Тоғжан рахмет
Ais_97
Дака рахмет!
calendula
Бұндай «Рахмет» дегендерді «жауап беру» дегенді басып жазан дұрыс!
calendula
Негізі қай көшеде, қай үйде тұратының мен қай мектепте оқитыныңды интернетке жария қылған дұрыс емес. Адам аласы ішінде деген бар… Өз қауіпсіздігің үшін бұндай жайттарды айтпай-ақ қойған дұрыс дегім келеді. «Шемішкі шақпаймын» дегенің қызық екен))) Және Джастин Бибер мен Селена Гомездің бұған түк те қатысы жоқ!
AKA
Мына факттар әлі бітпеген бе, о Құдайым-ай! Айқайлап сөйлейсіз-ау шамасы, леп белгіні қоя беріпсіз да?!
Мені келеке қылатын адамдардан өш алмай тұрмаймын!
Неткен!!! Қалайша «Біреуге жамандық ойламаймын, кек сақтамаймын» дей аласыз, егер өш алуды көздесеңіз?!
Moldir_96
Жарайсыз, Айсара! Аңсаған армандарыңызға жете беріңіз!)
Ais_97
Мөлдір рахмет!
alikona
36.Папины дочки маған да қатты ұнайды! ойынды құрастырушыға таң қаламын
Ais_97
Ия керемет ойын!
alikona
68.Шын махаббатыңызды кездестірмей тұрып оған сенуге болады ма?! осы жерде қате енді…
alikona
Жұлдыз жорамалға сенбеймін деп жазыпсыз ал енді
80.Құралайды көзге атқан мергенмін, жұлдызым-Мерген!
мына жердегіні қалай түсінеміз? ренжімеңіз бірақ
Ais_97
Құралайды көзге атқан мергенмін дегенім бәрін шындықпен, дөп басып айтамын дегенім, шын махаббат бар болсада негізінде мен әліде шын махаббатымды жолықтырған емеспін, жай кинолардағыны айтам, шын өмірде ешқандай махаббатым болған емес!
AKA
Құралайды көзге атқан мергенмін дегенім бәрін шындықпен, дөп басып айтамын дегенім
Ойбай-ааай, өлдім күлкіден!
zhurttyn_balasy
Қайдағыны қайдан тауып алғансың Сәуірде жазылған пікірге Шілдеде күліп )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.