Иманның 6 шарты және 5 парыз

Блог- Kydyrbai /
«Бисмилаһир-рахманир-рахим»-
әрбір іс пен сөздің басы,
Иман келтір Жаратқанға,
ей, мұсылман баласы
«Ашһаду ән ләә иләһә илләл-лаһу,
ашһада әннә Мұхамеддән расул Аллаһ»-мұсылманның калимасы

Калимада алты шарт бар білсек егер
Тәңір біреу,
124 мың пайғамбарлар
Және де бар сансыз, көкте періштелер
Аллаһ сөзі уахи боп түсірілген, елшілерге
4 кітап пен парақтар бар,
адамзатқа жол көрсетер

Жақсы-жаман істер де, бір Алладан
Бәрі бола бермейді нәрсенің, біз қалаған
Ең соңынан-ахиретке иман келтір
Жоқ қылу мен бар қылу Жаратқаннан

Бір кездері жоқ едік қой,
өліміз бен тіріміз
Жоқ нәрседен бар болдық қой,
жоқ болуға көнеміз
Ахиретке дайынбыз ба?-айтшы мұсылман бауырым
Біз өмірге немен келдік, нені алып кетеміз?

Аллаһ бізді «құлдық қыл» — деп жаратты ғой, озіне
Ал қазір,құл болып жүрміз кімдерге?
Кедей – байға, бай – ақшаға құл болды
Сандық толы алтынын кетердей алып, көріне

Бұл өмірдің сиқыры көп, көз арбар
Сол сиқырға алданды ғой талайлар
Тән жалаңаш, ақша артық өмірден
Өлерінде – бұл сиқырдан не табар?..

Иман келтір бір Аллаға,
«Ля илаһа илләллаһ»
Құдайсызға ахиретте ойланып көрші,
не болмақ?..
Бес парызын мұсылманның ұстанып
Құлдық қылған, тозақ оттан құтылмақ

Бес парызы мұсылманның ең әуелі, бұл – иман
Иман болмай,4 парызды түсіне алмас еш адам
Одан кейін намазды біл, жақын қылар Аллаһқа
Пайғамбардың көз нұрына айналған…

Намаз оқып,5 уақыт сәжде қыл
Құлсың сен – Аллаһқа, құлдық қыл
Сәждедегің ең бақытты кезің ғой
Сәждеде – Аллаһқа көп дұға қыл

Намаз оқып, дұға қылсаң Алладан
Қабыл қылар тілегіңді сұраған
Жұмақ кілті намазда ғой, білсең сен
Намаз оқы.
Намазыңды қабыл қылсын Жаратқан

5 парыздың тағы бірі – Ораза
Оразада – ауыз бекіт, жүр таза
Айлардың қадірлісі – Рамазан
Рамазанда тұтқан абзал ораза

Одан кейін қажылық – парыз болған
Бір рет қажы болу – ол да арман
Мекке мен Мадинаға барып қайту
Туристік сапар емес, ей мұсылман

Зекет – садақа беру шамаң келсе,
жоқ-жітікке
Ең болмаса жақсы сөз айт, бір жетімге
Садақа беру – ысырап қылу деген емес
Балаңа бергенің де садақа, жаратса іліміне

Калиманың 6 шарты, және де 5 парызды
Ұмытпайық, Аллаһтың алдындағы қарызды
Жанымыз тәнімізден кеткен кезде
Өкініштен тырнамайық жанымызды

Мәңкүр-Нәңкір алған кезде сұраққа
Дайын тұрған жақсы ғой, жауапқа
«Раббың кім, дінің не,үмметісің сен кіммің?» — деген кезде
Тілсіз қалған ұқсама сен, мақұлыққа

Әр мүшеміз — өзімізге қарсы келген кез болғанда
«Күнәмізді кешіре гөр» — деп, жалынайық Жаратқанға
«Шапағатыңа бөлей гөр, көлеңкеңнен орын бер
Көлеңкесі жоқ машһарға жиналғанда»

«Аллаһ – жалғыз, Оның серігі жоқ
Ол тумады да, туылмады
Ол еш нәрсеге мұқтаж емес»
Біз оның әр жаратылысына, рақымы мен кешіріміне, разылығы мен ризығына мұқтажбыз.
Шексіз де, шетсіз құдірет күші мен мейірім шапағатына лайықты – шексіз де, шетсіз мақтаулардан болсын.Зор қаһардың иесі де, кең мейірімнің иесі де Аллаһ.Я, Раббым сенің қаһарыңнан, рақымыңа сыйынам, екі дүниенің бақытын бере гөр. (Әмин)
01,12,200901.12.2009 22:23:41

7 пікір

Kan
Алһамдулла. Сізге сауап болсын жазғаныңыздан. Әйтседе сіз сайттың ережесінен сәл ауытқыған секілдісіз. Жарайды ештеңе етпес. Ислам діні еңкеремет дін. Бес парыз адам үшін дүниедеге Алланың берген сыйы. Оны жақсы пайдалана білген пенде керемет жетістікке жетері хаһ.
Jako
Кан мырза сайтқа джихат жарияланғандай ма?
yesbolat83
Жоқ, Жако аға. Сайтта джихад емес, Kydyrbai-дың туылған күні.
AKA
Одан да бірден қара сөзбен жаза салмадыңыз ба, деп сын айтсам қалай? :))
Kydyrbai
Аралас қой)) Қара сөз с өлеңмен))
Kydyrbai
Журектен шыққыан сөздер ғой,өзімше өлең қылып жазғым келді. Қара сөзбен жазсам,ұзақ болып кетеді, бұдан да
yesbolat83
Меніңще, бұл домбыраның сүйемелдеуімен өте керемет естілетін сияқты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.