Аманат

Блог- Kan /
«Аманатқа қиянат болмасын» осындай дара сөзі бар, дана халықымызда. Ислам шариғатында да аманат ұғымы терең мағынаға ие. Қашаннан адамзат тарихында,қоғам арасындағы қарым-қатнаста да өзгенің аманатын мойына жүктеген адам, ерекше назарға ілігетін болған. Аманат өзгенің басқаға сеніп тапсырған дүниесі. Аманат есебінде тапсырылған кез-келген дүние үлкен не кішкентай, заттай немесе затсыз болып жікке бөлінбейді қандай дүние болсада қасиеті бірдей бір шеңберде түйіскен.
Қазақ елі атам заманнан өзгенің аманатын қастерлеп,қадірлей білген. Бала тәрбиесінде болсын, салт-дәстүрде болсын аманаттың амандығын, аман есен иесін тапқанын, аманатқа қиянат жасалмауына үлкен мән берген. Әр бір адам баласы аманатты терең түсінгені дұрыс.
Жекелеп өз басымызға келетін болсақ ата-бабамыздан бізге берілген аманат үшаң теңіз. Солардың арасындағы ең құндылары ананың сүтімен аманатталған ана тілің,әрі намыстың найзасымен, жігердің жебесімен қорғалып ұрпағына аманат етіп тапсырылған кең байтақ ұлы далаң, жер астындағы байлықта,қара жерді жарып шығатын әрбір өсімдікте атаның аманаты екенін ұмытпауымыз керек. Атадан келген көп аманаттың ішіндегі ең негізгілерінің бірі емес бірегейі елдің бірлігі мен егемендігі. Елді ел қылып, бар қазақты бір қылып дүйім жұртқа паш еткен атадан келген тәуелсіздіктіңде аманат ұғымына толықтай бекітілетінін естен шығармауымыз керек. Қасиетті бабамыздың әр бір ісі аманат айтқан сөзіде, жазған хаттарыда біз үшін баға жетпес құнды дүние.
Пайғамбарымыз Мұхаммет (с.у.с.) барша мұсылмандарға аманат етіп тапсырған Алланың қасиетті кітабы Құранды қалай қастерлесек атаның қалдырған барша аманатында сол денгейде амандығына толық кепілдік беруіміз керек.

22 пікір

Kan
Аманатқа қиянат болмасын.
yesbolat83
ана тілі
Ана тілің-арың бұл!
кең байтақ ұлы далаң
Туған жерді сүю және оны қастерлеу иманнан.
елдің бірлігі мен егемендігі
Бірлік біздің қасиетті туымыз!
senim
Ұят емес пе қатарына 3 рет сұрықсыз пост жазған?!
Kan
Несі ұят мен ұясыз бірдеңе жазып жатырмын ба? Егер постарым сұрықсыз болса несімен сұрықсыз сол жайында пікіріңіздіқалдырмайсыз ба. Текке бос сөздермен былғанғанша.
senim
сұрықсыз ғой көшіріп тыға бересіз әр жерден.Бұл тек сондай сайт емес қой )
Kan
Еш жерден көшіргенім жоқ, таза өз шығармам. Менің ондай өзгенің дүниесін көшіріп жариялайтын әдетім жоқ.
senim
қойШ, лібә сонда да сайттағы позицияң еш ұнамайд жасандыыы ғо бәрі.
Kan
Несі жасанды толық ойыңызды айтсаңызшы. Егер сізге сайт ұнамаса онда ұнайтын дүние жазбайсыз ба?
senim
Қойш білә робот секілдісің.

Сосын пост жазамын деп біреуден өзіңді жоғары қоюыңды қой.
Kan
ой кешіріңіз ашуыңызға келсем. Тек «білә» деп боқтамаңызшы өтініш. Мен сізден өзімді қойарлықтай ештеме демедім. ондай ойымда жоқ.
Жалпы ата аманатын ұрпақ санасына жеткізу мақсатынан басқа ойымда жоқ
AKA
Ииии, қойии, ятемеспа
senim
адам сияқты робот )
yesbolat83
Өз сөзіңді дәлелде Сенім. Бұл жазбаның қай жерінен сұрықсыздық байқап тұрсың? Сын айтады деген соң, шаш емес басты алып тастадың ғой.
senim
Kan-тектес болдыңыз ғой сізде…
yfriend
Сайттың ережесі — Конституциямыз секілді, кейбір жерлері сақталмайды. Жоғарыдағылар немқұрайлы қарайды ма, әлде, төмендегілер ұқпайды ма, әйтеуір былық бар. Ережеге өзгеріс енгізіп, немесе қатаң түрде тәртіпті қадағаласа жарар еді.
Kan
Қандай ереже бұздым? Түсіндіріңіз
yfriend
діни пост жазбау туралы
Kan
Діни пост деп айтпас едім. Жай діннен мысалған келтірілген. Негізгі өзегі ұлттық сананы меңзмей ма
Jako
Бұл жерде не ереже бұзылып тұрғанын түсінбедім. Менімше пост өте өзекті. Аманат — деген өте ауыр жүк, автор соны айтқысы келген болар. Ата-бабаларымыздың бұрынғы айтқан сөздері, халқымыздың бүкіл салт-дәстүрі шынына келсек ұрпақтарына, мына біздерге қалдырылған аманат. Сен оны көшіріп жазсаң да, ауызша айтсаң да еш артықтығы болмайды, себебі бабалар аманатын жеткізуге талпыныс. Өзің ғана біліп, білгеніңді өзгеге айтпасаң кім боласың.Әйтеуір өзім солай түсіндім.
Kan
Аға тұжырымды пікіріңізге рахмет. Бұл өзімнің шығармам еш жерден көшіргенім жоқ. Жалпы менің біреудің дүниесін көшіріп жариялауға дәтім жібермпейді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.