Асыл сөздер IV
Асыл сөз /
1.Барына разы бол, жоғына сабыр ет .©
2. Тойдың болғанынан боларысы қызық. ©
3. Өмір — өзен, сылқ-сылқ күлер сылдырар,
Қайда ағады, оның жөнін кім сұрар?
Аққан сумен біз де ағармыз, кетерміз,
Ағынға ермей, жағасында кім тұрар?..
(Мағжан Жұмабаев)
4. Адам қартайса да, өмір қартаймайды. ©
5. Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен?.. ©
6. Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.
(Мағжан Жұмабаев)
7. Еркек – бас, әйел – мойын. ©
8. Алтын алма, білім ал. ©
9. Келші жаным, келші маған тағы да,
Мен жүрмін ғой бір өзіңді сағына.
Тым болмаса, бір көрсетші жүзіңді,
Бір қарайын құмарымды қандыра...
10. Алыс деп ауылыңа бармайсың ба?
(Жүрсін Ерман)
11. Келін келген жеріне – ісімен жағады. ©
12. Баланың балалығына әкенің даналығы бар. ©
Ақпарат мыннан алынды.
7 пікір
Тамаша, түртіп алдым :))