Асыл сөздер

Асыл сөз /
Кедейліктің ар жағында жалқаулық болса, Немесе тап таза имандылық жатады.

Жалқаулар шаршамай жатып демалады, ауырмай жатып оңалады.

Ханда қырық кісінің ақылы, қырық миллион кісінің төзімі болуы тиіс.

Қашқысы келіп тұрған қызды қара дауылда ұстап тұра алмайды

Тебегеннің артынан, сүзегеннің артынан өтпе

Жалғыз қалып ақ жалғызсырайсың. Көптің ішінде жүріп те жалғызсырауың ғажап емес.

Егер досыңның не сүйіктіңнің, болашақ жарыңның мінезін, толық болмыс жағдайын, әл ауқатын білгің келсе алдымен ең жақсы білетін 3 адамнан сұра. Алдымен бұрыңғы Көршісі 85 пайыз біліп айтар, сосын бала кезден сырласып жүрген достарынан сұра, олар 90 пайыз болжап береді, ал анасы 101 пайыз толық бітімін айтып берер. Сонда ұғарсың. Джон Мэрдок.

Өмірдің бәрі алдамшы, бәрі жалған, ешкім де құтылмайды кәрі ажалдан.

Маңдайың терлемей, таңдайың жібімейді.

Өпірем көнбейді,
Өнерлі өлмейді.

Қайырдың жақсысы әрбір мұсылман баласының оқып білім алуы, содан соң өз білімін бауырларына беруі…

Жел бесіктен жер бесікке дейін білім ізде…

Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады. Р.Эмерсон

Ашу ұзарған сайын ақыл қысқара береді.

Әдемі адам әдемі, әдепті адам әдемінен де әдемі тұрады.

Жаман сөзден жаман бықсыған быламық иіс шығады. Үмбетбай Уайдин.

Бейтаныстан да, таныс адамнан да, өте жақсы білетін адамнан да;«Сізбен тілдесуге болар ма екен?» деп алдымен рұқсат алған жөн. Сенің тіл қатуыңды ол құптайма, құптамайма, соны сезіп біліп отыру керек.

Немқұрайлық ең үлкен сорақы пәле. Немкетті кісінің сатқын болып шыға келуі оп оңай. Қасыңдағы, жаныңдағы кісіден де.

Сөзіңді жерге тастама. Жеңіл ойлылықпен уәде берме. Өз сөзіңе ие бол. В.А.Сухомлинский

Отаншылдық ең ізгі сезім. Л.Толстой.

Өтелмейтін қылмыс бар. Ол мойнындағы қарабеттік сорың Отанға опасыздық жасау. П.Буаст

Адам кеудесіндегі жаны барда, еліңе деген шайқасуға тиіс. Ә.Науай

Инабатты адам итекеш иттен де ұялады. А.Чехов

Адам деген ардақты ат. А.Горький

Зынданда отырған адам мұнараның басын армандайды.

Жаман хабар жетіп үлгергенде, жақсы хабар ұықтап жатады.

Көпті көрген кісі де кемеңгерден кем түспейді.

Кедейліктің терезесі тар, есігі кең келеді.

17 пікір

torpedaip
рахмет, қажет ақпарат!
Nursultan2002
AKA
Мұның дұрыс емес, Нұрсұлтан. «Жеке хат» бойынша бәріне айтсаңшы одан да, блогқа қосылу не қосылмау өз еркінде ғой адамның. Ал сен жарнамалап қоймайсың.
Nursultan2002
Біреуге айттым! манасқа
AKA
Кедейліктің ар жағында жалқаулық болса, Немесе тап таза имандылық жатады.
Түсінбедім?
alikona
мен де осыны түсінбедім, шамасы дословно аударғансыз ау дим 85жылғы ағай?
AKA
Ағайыңыздың есімі — Мақсат, танысып қойыздар, қол алысып. Енді асықпай отырып ұрсысуға, тойыс пікірлесуге болады.
m170785
Сізде айтасыз ау Акам ай
m170785
жоқ
alikona
мағынасы қалай түсіндіріп жібересіз бе?
followme_alik
Кедейліктің ар жағында жалқаулық немесе тап таза имандылық жатады.
Кедейліктің ар жағында… яғни, Кедей адам — не еріншектікке салынған аққол, пессимист, жалқау адам (қимылсыз жата беру нәтижесінде ештеңесіз қалған..) не қазіргі коррумпированный © заманда шындық пен ақиқатты іздеп, соған бой ұру (кімге/неге жақсын ?((..) әрекеті салдарынан «далада қалған» адам. — деген мағынада болар)
alikona
рахмет, сенін арқанда 2-ші классқа көшетін болдым
followme_alik
:/
alikona
әзіл ғой ренжімеш, рахмет түсіндіргеніне!
m170785
Осы Әлішер болмаса…
pana
кедейлік үш жағдайда болады — ішіне сыймаған тума талант, еріншектік, ақылдың болмауы, осы ғана
Karakulov
7-ші және одан төмен қарай жазылғандары ұнады +
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.