Ғалым мен саудагер

Асыл сөз /
Ертеде бір ғалым мен саудагер сапарлас болыпты. Саудагер ойы белгілі. Ол «бірді екі, екіні төрт етіп мал тапсам» дейді. Ал ғалым болса: «Сирек қолжазбаларды тапсам, жаңалық болса ашсам, сөйтіп елдің санасына сәл де болса сәуле түсірсем»,- дейді.
Күндерде бір күн олар мінген кеме сұрапыл дауылға ұшырап, кеме қарқ болып, саудагердің бар дүниесі суға кетеді. Сөйтіп жанталасып жүргенде сапарлас ғалым екеуі бір жерден, бір жағадан аман шығады. Сонда бар мүлкінен айырылған саудагер:
— Сен, ғалым қайғырма, бар байлығың басыңда тұр. Мені айтсайшы, қаншама жыл ақ тер, көк тер болып жиған байлығым қас-қағым сәттің құрбаны болды.
Міне, білім күші деген осы. Ол мида, ойда, зейін мен зердеде. Ал тыраштанып жиған мал-мүлкің бір сәттік. «Баймын деме, бір жұттық, көппін деме, бір жұрттық»,- деген осы болса керек. «Білекті бірді, білімді мыңды жығатыны» да оның басындағы білімі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірде білуге асық, үйренуге асық, зерттеуге асық дегенде осындай білімге құштарлықты айтқан-ды.

27 пікір

AKA
Иәәә, солааай
qyrmyzy
Балалар, мынау нағыз сендерге керек жазба
pari
Тәрбиелік мәні бар екен. Шыныменде байлығыңның бәрі басыңда. Дүние мүлік деген не? Ол қолдың кірі емес пе?!
AL-ASTER
Байлық керек емес емес емес емес, керек! (әлде керек емес емес па?)
Бірақ, білім-ғылым да керек, ол байлықтан да қажет.
qyrmyzy
байлық керек емес емес!
mairosh
Байлық керек керек
Білім-ғылым керек керек
Chimaq
Saudaghada bilim kerek bop tur,Qazaqtar sauda jasai almaid degendi kop estitin bop baramyz…
ereke_enu
жасайды, бар ғой талай жігіттер жасап жүрген
Өзбек көрген Шымкенттіктер сауданы қалай жасайды десеңші.Олардың алдына барсаң ауыздарынан бал тамған сөздерді естігенде заттарын алмай кетпеске болмайды, ұят болады.
Jako
Сауда да өнер.«Пайданың оннан тоғызы саудадан»-деген хадис бар.
ereke_enu
Жеке өз басыма қаражат тек өз қажеттіліктерімді өтеуге жетсе болғаны, оны жинап, мелшесінен батуға құлқым жоқ.
ereke_enu
ээээээ… өзім деген отбасыда автоматты түрде қосылып кетеді ғой)
ereke_enu
онша түсінбей кеттім… қысқасы, не демекші едіңіз?
didi0393
чего чего? не расслышала? Асау? него рубИн мырза" миссия невыполнима")))спс за комплимент уахахах
didi0393
күлуден баска амал жок)))))))
dimash
О дүниеге барғанда өзімен бірге шұлығын да алып кете алмаған адам жайлы жазба болып еді ғо осында. Бірақ, дүие мүліксіз де болмайды ғой. Білім болса дүие мүлік те болады, ал дүие мүлік болса онда соларды тапқан білім де болғаны да.
VVVWWW
Ия, бірдеңені жоғалтып алам деп қорқудың өзі үлкен бақыт қой (басында да, қасында да ештеңе жоқ адамдарды айтсайш)
AKA
VVVWWW -2
SteVen_S_Sanzhar -3
asetatabalasu -1
Тіпті сөз жоқ.
әл-Фараби атамыздың оқиғасына ұқсас екен
sultan_yerkebulan
Бай болу керек бірақ ол байлықты жүрегінің ішіне сақтамау керек, білім алу үшін де байлық керек мысалы
didi0393
Александр Македонскийдің де көзі дүнияға тоймай, көзіне құм құйылғанды.қазіргі заманда білімнің де байлықтыңда преимуществасы бірдей сияқты!)
Jako
Білім керек, бірақ білім уыстап байлық береді деген қате.Қазіргі атақты байлардың көбі байлықты біліммен тапқандар емес, басқа жолдармен байыған, сол сияқты өткен замандарда да байып кеткен оқымыстылар болған емес, көбі Атымтай Жомарттардың арқасында күн көрген.
ereke_enu
Ақша керек қой, әрине. Өзіңнің қажеттіліктеріңді өтесе болды емес пе? Сонша байлық қуып, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылып не керек?
Ayan93
Қазіргі ғалымдар саудагер болып кетті ғой, ал саудагерлер политик болды тек жан ашарлар ғана өз ғылыми ұстанымен жүр соғанда тәуба.
бәрібір ғалым болғаннан бай болғанды таңдар ем. ))
ulan
Басыңда білім болса баріде болады))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.