Тәрбие тұнып тұрған ғибратты хикаялар

Асыл сөз /
Үміт пен күдіктің арасында

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Алла тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені, Жаратушы Иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: «Аузың берік пе?», – деп сұрағандарға: «Шынымды айтсам… ораза ұстадым деп те, ұстамадым деп те айта алмаймын», – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда, менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де ауызы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: «Өзіңнің ауыз бекітіп, бекітпегеніңді білмейсің бе?», – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен, ол жай ғана күлімсірейтін де қоятын.

Патшаның қызы неге бақытсыз?..

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. ]Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. "

Байдың шұлығы!

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.

Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:

«Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»

Асанның есебі.

Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады.
Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен:
«Анасының ұлы Асанға қарызы:
-дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 550 теңге;
-хаттарды поштаға салғаны үшін – 300 теңге;
-жақсы бала болғаны үшін – 1500 теңге;
-гүлдерге су құйғаны үшін – 900 теңге;
-Барлығы – 3250 теңге»
Анасы үстелдің үстіне 3250 теңге қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты:
«Асанның анасына қарызы:
-үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе;
-10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе;
-Ауырған кездегі бағым-күтімі үшін – ештеңе;
-Жақсы ана болғаны үшін – ештеңе;
-Барлығы – ештеңе»
Қағазды оқыған Асан қызарып кетіпті. Одан соң жүгіріп келіп анасын құшақтап, кешірім сұрап, ақшаны анасына қайтарып беріпті.

Суға кеткен тиындар

Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.

18 пікір

Kan
Жақсы екен. Бірақ көбі қазақтың әңгімесі емес «патша» «шаһар» «Сануси» деген кісерде қазақ емес. Ал жіберген посыңыз мен Қазақпын" посы ғой. әрине бұл менің ойымғана айып етпеңіз
pernebekova96
ешқандай айыбы жоқ қой мен тек тәрбие болсын дегенім ғой бұл жазбалар ғибратты хикаялар кітабынан алынған ол кітаптақуалық жайнда
Kan
Сіздікі дұрыс. бұл пост арзан, үстіртін ойлайтын мен сияқылдыларға сабақ боларлықтай екен.
Korkem
мяяя сізді түсінуден уаще қалып барамын, ағасы. ҚАзақтікі болмаса да тәрбиелік мәнін айтыңыз оның.
Kan
Келісемін, менікі қате пікір болды.
khairbek
егіз ұғымғо негізі
yesbolat83
pernebekova96, өте керемет пост. Оқырмандарын, әсіресе, жастарды тақуалыққа, өміршеңділікке, ата-ананы құрметтеуге, сондай-ақ, пәктік пен әділеттілікке баулитын тұнып тұрған ғибратты хикаялар екен.
pernebekova96
бұл ғибратты хикаялардың аудио түріде бар ғой www.muftyаt.kz сайтынан тегін жүктеуга онлайн тындауға болады
User
«Анасының ұлы Асанға қарызы:
-дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 550 теңге;
-хаттарды поштаға салғаны үшін – 300 теңге;
-жақсы бала болғаны үшін – 1500 теңге;
-гүлдерге су құйғаны үшін – 900 теңге;
-Барлығы – 3250 теңге»

Нау түрікше әңгіме ғо.сол баяғыда жынымды келтіріп мамам оқып беретін.
followme_alik
Ұйықтар алдында?..
User
жоқ.былай үйде жүргенде.

Ұйықтар алдында ана колобокты айтатын.
Jako
Жақсы пост екен, көшіріп алдым, бірақ сонда да Кан мырзаның айтқанының жаны бар бұл постты «Асыл сөз»блогына қойғаныңыз жөн. Кейінірек керек кезінде іздейтін болсақ табуға оңай болар еді, ешкімде бұндай нақыл әңгімелерді «Мен қазақпын» блогынан іздей қоймайды деп ойлаймын.
pernebekova96
асыл сөз блогын таба алмадым ғой
Jako
Жазбаны таңдайтын жердегі тізімде астынан санағанда он екінші болып тұр, сонан соң пост жариялағанда қай жерден алынғаны жайында сілтемесін қойған дұрыс.
mairosh
жақсы жазба болды
Karakulov
Оте жаксы *- асиресе Асан мен анасынын есептесуи!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.