Абайдың Қара сөздері. Сегізінші сөзі.

Асыл сөз /
Осы ақылды кім үйренеді, кім насихаттайды?
Біреу болыс, біреу би. Ақыл үйренейін, насихаттыңдайын деген ойы болса, орынға сайланып та жүрмес пе еді. Өздері үздік кісіміз, біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз дейді. Өздері түзеліп жеткен, елді түзелгісі келеді ақ. Тыңдасын не тыңдамасын десе де, қолы тие ма? Өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, бұзақыларымызды бұлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба?, деген ебіне біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі қасында, қолы тимейді.
Байлар, бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, білім, ғылым ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, Құдай Тағаланы паралап алса болады дейді. Діні, құдайы, елі, жұрты, халқы, ұяты, ары, жақыны бәрі мал. Сөзді қалай ұқсын, ұқса, қолы тие ма№ Малды суармақ, тойғызбақ, саудасын жиғызбақ, бақтырмақ, ұры қарыдан, сұғанақтардан сақтанбақ, сақтарлық кісі таппақ. бәрін жайғастырып, аяғын алып, орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.
Енді ұры қары, сұм сұрқия өздері тыңдамайды.
Онша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар мынандай болып тұрғанда, білім, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай ақ. «Бізді не қыласын, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Өзгеменен ісі жоқ, алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

1 пікір

Kan
Діні, құдайы, елі, жұрты, халқы, ұяты, ары, жақыны бәрі мал....."
Недеген қорқынышты сын. Абай елін осындай қатты сынақпен түзеткісі келді ма екен? Біз осы сөздерді осы демократия заманында айталады ма екенбіз? Сірә біздің казіргі қоғамымызда да дүниесін Құдайға теңеп шіреніп шыжынап отырғандар бар емес пе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.