Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста

Асыл сөз /


Жас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін. Жас әйел күйеуіне ‘Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар’ депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса — көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел ‘О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен…’ десе, ‘Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым’ депті күйеуі.
Басқаларды қалай көретініміз — тереземіздің тазалығына байланысты.

***
Мен бойымда қаным тулап тұрған жас кезімде, яғни есепсіз арман-қиялдың тереңіне сүңгіп жүргенімде дүниені өзгерткім келді. Жас келіп, бойдан әл-қуат кете бастағанда дүниені өзгерте алмайтындығыма көзім жеткендей болды. Сосын жастықтың әсерімен туындаған арман-қиялдарымды кішкене азайтып, өз мемлекетімді өзгертсем де жетер деген шешімге келдім. Бірак ол да өзгеретінге ұқсамады. Бойымды кәріліктің дерті билеп, оны мойындаған шағымда бойымдағы бар күш-жігерімді жинап, тек қана жанұямды, өзіме табын адамдарды өзгертуге тырысып көрдім. Бірақ өкінішке орай, бұл әрекетімнен де түк шыкпады. Ал дәл казір өлімнің аузында жатқанымда, алдымен өзімді өзгерткенімде ғой, оларға үлгі болып жанұямды өзгертуге болатындығын аңғардым. Кім біледі бәлкім дүниені де өзгертуге болар еді.

P.S. Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста. М. Ганди

19 пікір

khairbek
көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін.
сонда ол жуылган болса неге кір? мумкын жуылмастан бурын кыр болган шыгар? ЖУылган киымдердеы балконга жайып улгертын десек дурыстау болады ИМХО ренжеме
Jolai
Бауырым ол жерде көңілдің кірі туралы айтылған
khairbek
КЕЧРОН Ливерым менын басын окыппын аркарай окымаппын мойындайм кателыгмды
Kan
Неге әңгіменің берісін ғана ойлайсыз. Ол жерде кірдің еш қатысы жоқ. сізде әңгімедегі әйел тәрізді кірленген терезеңізді сүртіп қарасаңызшы
Jako
Күйеуі ақылды екен, егер оның намегін әйелі түсіне қойса.
сондай акылды куйеулер коп болсын.
Delfina
Көп болсын, көөөөп болсын.
VVVWWW
Күйеулерді көп дейді?
Бола берсін көп мейлі,
Жақсы күйеу, ертегі ғой, ертегі!
Ертегі де бізге артық етпейді… (Мұқаңның жарнияланбаған жырларынан)
AKA
Жарияланбаған дүниелерін Сізге қалдырып кеткені қандай жақсы, осында Сіз жариялап тұрсаңызшы?! ақырзаман дей бергенше...
yesbolat83
Егер де мен сол келіншектің күйеуі болсам, айтар едім қателігін. Немесе терезені кішкене ғана дөңгелетіп сығалап қарайтындай етіп тазалап тесік жасап қояр едім.
Kan
«Жақсы әйел күйеуінің басын төрге сүйрейді, жаман әйел көрге сүйрейді» деген тәрізді халық нақылы есіме түсіп отыр. Еңбастысы жүректе иман, баста сана болсын.
AL-ASTER
Соңғы Махатма Гандидің сөздері жақсы ой берді.

Шындығында, адамның қолынан келеті көп. Бірақ, элементарлы дүниеден бастап, үлкенге көшу, үлкен іс туралы ойлағанда, кішкентай шаруаларды орындай жүру жетіспейтіндігі анық байқалады.
akil_kalta01
Тамаша жазылған.( Базар жоқ еее братан :)) ))
Jolai
Рахмет Аллаһ разы болсын! әлі де талай дүниені әкелерміз иншаАллаһ!
AKA
Өзіңіз жаздыңыз ба? Онда тамаша дүние, құптаймын!
Jolai
Жоқ AKA мен оқыдым сосын осындай ғибратты сіздермен бөліскенді қаладым, өзім жазған дүниелерді иншаАллаһ келесіде жазармын
osy angimenin turikshesin okyp edim, avtory kim bolsada kozdin bylshygyn ketirse igi jastardyn :-)
Мұнда ең бір нәрсені ұмытып отырсыздар...! Ең басты ой: Ол әрқайсымыздың өз-өзімізді көркем жаққа қарай өзгертуге дайын екендігімізде…
Jolai
Әлбетте ғибраты сонда
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.