Абайдың Қара сөздері. Он Жетінші Сөзі

Асыл сөз /
Қайрат, Ақыл, Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат; «Ей ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз, кәмлетке жетпейтұғын; Әуелі, өзіңді білуге ерінбей жалықпай үйрену керек, ол Меніи ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей жалықпай орнына келтірмек те Менің ісім. Лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір болмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкірліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емеспе? осы екеуі маған қалай таласады?»
Ақыл;«Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын ол Мен, сенің сөзіңді ұғатұғын Мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен. Залалдан қаша алмайды екен. Ғылымды үйреніп алмайды екен. Екеуі маған қалай таласады. Менсіз өздері неге жарайды?»
Жүрек;«Мен Адам денесінің Патшасымын. Қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жылы төсек, тамағы тоқ, жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің тамақсыз қандай болып жаты екен деп, ойлатып, жан ашытып, ұйқысын арылтып, төсекте дөңбекшіп қоймайтын Мен. Ұят сақтап, кішіге рақым қалдырып, Ол Мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп кететін, Ол Мен. Жаманшылық болсада Ол мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбандық, дейтұғын, бәрі Менен, менсіз осылардың көрген күні не? Осылар маған неге екеуі таласады?»
Ғылым айтыпты; "Қайрат сенің айтқандарыңның бәрі рас, көп өнерлеріңнің бәрі рас, сенсіз ештеңе болмайтұғыны да рас, қаруыңа қаттылығыңа да мол, пайдаң да мол, бірақ Залалың да мол. Кейде жақсылық пен жаандықты Берік ұстап Кетесің, соның Жаман.
ей, Ақыл, айтқандарыңның бәрі рас, сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас, екі дүиненің жайын да сен білесің, амал да, айла да сенен шығады. Сенің қырың көп, Жүрек сенің қырыңа жүрмейді. Жақсылық құмар болады айтқаныңа. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Жиреніп, үйден қуып шығарады.
Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Және де қолыңды босатпайды. Үшеуің басыңды қос, бәрін Жүрекке билет, деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Үшеуің бірдей табылсаңдар, топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуіңала болсаңдар да, мен Жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, таза сақта, қалпыңа құдай әрдайым қарады деп, кітаптың айтқаны осы" депті.

6 пікір

Kan
қайратты ақылды болайық сонда жүрегіміз жай табар
Jako
Бәрінен ыылым жоғары болғаны ғой сонда.
Jako
Мына сайт не болып кеткен, таза далбаса болыпты ғой. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты»-деген мақал бар еді, сол сияқты тырдай жалаңаш болыпты ғой.«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты»-дегендей, не істегенсіңдер.
m170785
Жәке түсінбедім
Jako
Мәке, сендерде сайт дизайны өзгермеген бе, менің миым жетпей жатыр.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.