Нақыл сөз оқып көр, досым!

Асыл сөз /
«Кез-келген дүниенің жақсылығы мен жамандығы болады. Сол дүние жайлы ойлаған адам жақсылыққа бейім болса, жақсы ой түйіп жақсы жағын жария етеді. Егер жамандыққа бейім болса тек өзінің жаман ойларын қоса алады»

«Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса»

« Жомарт жан әр кез жорттып жүреді, сараң адам үнемі қорқып жүреді»

«Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады»

«Тірі адамнан қарағанда,өлі адамды жоғары санайтын пендеден асқан ақымақ жоқ шығар сірә»

«Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады»

«Сезімге берілген адам қателікке ұрынады тек сезімді бағалай білген адам ғана беделге ие болады»

«Шындықтан қорыққан адам шындыққа жете алмайды»

«Әлемдегі ең сұлу әйел ол жүкті әйел»

«Баласы бардың жарасы бар»

«Біреудің сыртынан ғайбат айтып еш аброй таппасыз»

"Өзгенің сырын сақтай білген адам нағыз дос болуға лайық"

"Ғаламторды пайдалана білмеген білімсіздік ал ғаламторды көп игере білетін адам біраз адами қаситерден қағылатыны шындық"

24 пікір

akil_kalta01
Тамаша! Соңғы сөз жап-жақсы айтылған екен. Өзіңіздің ойыңыз ба?
Kan
иа өз сөзім. Дүниенің жағдайын қысқа сөздермен қайырып көрген түрім ғой.
Jako
Кан мырза, тамаша тұжырымдар.
« Жомарт жан әр кез жорттып жүреді, сараң адам үнемі қорқып жүреді»
Мына жерде жорттап жүреді деген сөздің мағанасына түсіне алмадым.
«Тірі адамнан қарағанда,өлі адамды жоғары санайтын пендеден асқан ақымақ жоқ шығар сірә»
"Өлі риза болмай тірі байымайды"-деген бабалар сөзіне қарсы емес пе?
«Баласы бардың жарасы бар»
«Мен баласы бар үйдің жарасымы бар»-дер едім.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
негізгі мақсатымда осы қателегі болса түзеу ғой аға. Келіспейтін сөздер бар екен. «Жортып» дегенім үнемі жақсылыққа жүгіріп жүреді деген мағнаға сыйдырған түрім ғой. Бірақ бұл тек менің ішкі ойым ғана екен.
Ал Тірі мен өлінің орайында өліні құрмет тұтпасын демедім. Тек тіріні өліден артық қою қателік емеспе. Тірініде сыйлаған адам өліні де сыйлай алады. Ал Тірісінде көре алмай өлген соң сыйлағанның несі дұрыс.

«Баласы бардың жарасы бар» деп ата-ана үнемі уайыдап отырады емес пе сол мақсатта айтып едім.
Jako
«Жомарт жан әркез көмек керек кезде алдыңда, ал сараң жан артыңда тұрады»-десең ше. Болмаса жорттап деген сөздішалқып деген сөзбен ауыстырып көрші.
Jako
«Баласы бардың жарасы бар» деп ата-ана үнемі уайыдап отырады емес пе сол мақсатта айтып едім.

Түсіндім Кан мырза, бірақ бұны біздің бабаларымыз «Сыртта баласы көкпар шапса үйде анасы тақымын қысып отырады»-деген сөз тірексімен өрнектеп қойған-ау.
khairbek
жай ойлар деген посттты кылтеп тастапты сол себепти Жако братанга ответ жаза алмай калдым))))
Жако қайдағы атамзаман
Сосын жаке андайды қыстырма соөдерды қою керек Қарасақал САҒАН ҚОСЫЛАМ, немесе дұрыс деген, ,,, Сіз тойда тост сойлеп отырган жоксызго))))))))))) айтасызба айтыныз айтпайсызба ундемей отырыныз
Jako
Мынау не тағы)))))
Kan
Түсінбедім аға сіз «Жай ойлар» дегенге пікір қалдырып па едіңіз? Жалпы бірдің пікірі басқаға лақтырылып жатыр. Айтабердің сайты шын қуыды аха
Jako
Иә, сайтта бір түсініксіздіктер болып жатқандай.
AKA
Ешқандай түсініксіздік болған жоқ. Қайырбек «Жәй ойлар» деген жазбадағы пікір жазуды алып тастаған соң, ішіне сыймай, айтқысы келгендерін осы жерден сізге жауап жазып отыр.
Jako
Еее, онда бола береді.
Kan
Түзетйін деп едім түзей алмай жатырмын. Мына айта берліктердің кейінгі орнатқан жүйелері таза ыңғайсыз.
nurbanu_KAMAL
«Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады»
«Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады»
"Ғаламторды пайдалана білмеген білімсіздік ал ғаламторды көп игере білетін адам біраз адами қаситерден қағылатыны шындық"
Осы нақыл сөздеріңіз ұнады. Жалпы, жақсы. Ойланатын сөздер екен.
Kan
Рахмет рахмет
AKA
«Әлемдегі ең сұлу әйел ол жүкті әйел»
Бұл енді таза сіздің сөзіңіз емес, мойындалып қойған тұжырым. Келіспейтін тұстарым өте көп… Пунктуация шетте жылап тұр(((:
Kan
Неге менің сөзім емес? онда автрын айтыңыз. Тағы қай жерімен келіспейсіз айта отырыңыз мүмкін сіздің пікіріңіз маған бір пайда берер.
AKA
Бұған дейін талай естідім, талай мотиваторға арқау болған тұжырым, ел аузында да кең таралған. Бұдан басқа қандай дәлел керек?! Сөздің қысқасы, дәл осы жерде бірінші рет оқып отырсам, бұлай демес ем… Жаттап алынған болғандықтан жаздым.
Kan
Келісемін дұрыс айтасыз халық арасында кең таралған ұғым. Әр нақыл сөз халыққа кең таралған дүниелерден құралады. Жалпы негізгі мақсаты да халықтың ойын қысқаша жеткізе білуде.
Madi
«Баласы бардың жарасы бар»

Онша келіспеймін.
"Ғаламторды пайдалана білмеген білімсіздік ал ғаламторды көп игере білетін адам біраз адами қасиеттерден қағылатыны шындық"

Сонда біз қазір адами қасиеттерден қағылатын болсақ, онда ғаламторға кіруді тоқтату керекпіз ғой, солай ма?
yesbolat83
Тәрбиелік мәнге ие сөздер екен. Сондай-ақ, нақыл сөздер деуге келіңкіремейтіндері де бар:
«Тірі адамнан қарағанда,өлі адамды жоғары санайтын пендеден асқан ақымақ жоқ шығар
«Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады»</
«Баласы бардың жарасы бар»
"Ғаламторды пайдалана білмеген білімсіздік ал ғаламторды көп игере білетін адам біраз адами қаситерден қағылатыны шындық"
blockquote>
Kan
иа келісемін пікіріңізбен қайта қарастыру керек.
mairosh
Ең соңғы нақыл сөде онша қосыла қоймаймын. :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.