Керектен бояннн

Асыл сөз /


Адам болып өмірде жаралғанша,
Хайуанат боп тумаппын, амал қанша:
Ұзақ көштің алыбы болар едім,
Маң-маң басқан мақтаулы қара нарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жүйрік ат боп тумаппын, амал қанша:
Бәйгені жалғыз өзім алар едім,
Теке-Жаумит теңбіл боп тарландарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Бүркіт болып тумаппын, амал канша:
Қу түлкі де астыма бүктер едім,
Қаршығаша қоянмен қадалғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Қоңыр ән боп тумаппын, амал канша:
Көркем таудың серісі болар едім,
Бұғы, киік, ақбөкен, маралдарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жәндік болып тумаппын, амал канша:
Бау-бақшасын өмірдің аралар ем,
Емін-еркін бал тартып, араларша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Балық болып тумаппын, амал канша:
Көк теңізде еркіммен жүзер едім,
Бекіре қызыл, ақ балық, сазандарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Қасқыр болып тумаппын, амал қанша:
Жауыздарды бір түнде жайратар ем,
Ертеңгі таң, күн шығып ағарғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Серке болып тумаппын, амал қанша:
Жүз мың қойды бір өзім бастар едім,
Бекер босқа түрмеге қамалғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Уытты боп тумаппын, амал канша:
Сайқалдарды қолтықтан шағар едім,
Әп жылан, ашулы шаяндарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Айғыр болып тумаппын амал қанша:
Бір үйірді бір өзім қайырар ем,
Бір әйелге таңылмай, адамдарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жүру керек еді ғой, адамдарша
Баста еркіндік, қолда құқық болмаған соң,
Жаралмай-ақ қоймаппын, амал канша!

Derek

10 пікір

Jako
Өзіме ұнады, айтарын ашып айтқан талай-талай, ешнәрседен қорқып, сасып қарайламай…
Manas
көше поэзиясы

DD
Jako
Түрме, Манас, түрме поэзиясы…
Jako
Боян-деген не?
rauan
бұрын басқа жерлерде жарияланып қойған, ескі, бұрынғы нәрсе… типа бәрі көріп қойған
Jako
Рахмет, Рауан, бәсе боян ғой деп қояды, бұрын копи дейтін сияқты еді.
Соңғы өңделген уақыты:
Manas
Боян — бұрын жарияланған көне, ескі материал.Яғни виртуалды термин болдығо.Бірінші рет естуім есте сақтап қояу керек.
yesbolat83
Ұнады, тек мына жерінен басқа.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Айғыр болып тумаппын амал қанша:
Бір үйірді бір өзім қайырар ем,
Бір әйелге таңылмай, адамдарша.
satirik92
Қытайдағы түрмеге тоғытылған Таңжарықтың өлеңдеріне ұқсайды.
satirik92
Қылмыс романында түрменің тірлігін ашық жазылады. Қытайдағы қазақтың соғысыда шерлі.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.